Наурыз келді алақай!
Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем
Жарығымен, шуағымен Күн –Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр болып
Шуақ шашып ақ жүзін
Әже : Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бүл тойдың
Бастаңғысын жасайық!
Әже шашу шашады.
Гүл хауызын ашып ішінен Көктем ханша мен Наурызбек шығады
Назерке: Уа, ағайын халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
Көктем ханша гүлдерімен билейді
Нұрдәулет: Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық
Наурызбек ұландарымен билейді
Қожанасыр : Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Ұлыс тойы басталды
Наурыз туын көтеріп
Жар салайық әлемге
Көрмегендер көріңдер
Естімегендер естіңдер
Дабылын оның қағайық
Шақырамыз бәріңді
Жүргізуші: Қош келдіңіз Қожеке!
Жүргізуші: Енді құрметті көрермендер балабақшамыздың осы жылғы үздіктерін
ортаға шақырамыз.
-
«Әже мен немере» сайысының жүлдегерлері Тойған апай
немересі Нұрданамен
-
«Әкем шешем және мен» спорттық ойынының жеңімпаздары Сұлтановтар отбасы
-
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынының жеңімпазы
Ерешова Айгүл
-
«Әнші балапан» байқауының жүлдегерлері Назерке мен Әділжан
-
«Балабақша аруы » байқауының жүлдегері Жанғожиева Диляра
-
«Үздік тәрбиеші-2012» байқауының жеңімпазы Темиргалиева Сандеш
Үздіктердің құттықтау сөздері
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Жыл басы- Ұлыс тойы жасасын!
Жүргізуші: Әнші, биші, ақынбыз
Елім тапқан жарасым
Думандатып жатырмыз
Қазағымның даласын
Ән: «Наурыз келді Алақай»
Жүргізуші: Кімдер күшті, кім алып
Күшімізді сынайық
Арқан тартып тіресіп
Қарсыласты жығайын деп «Арқан тартыс» ойынын тамашалайық
(балалармен, ата – аналар)
Жүргізуші: Мен Алдармын, Алдармын
Жамандарды алдаймын
Жақсылармен серік боп,
Дос боламын баламен – дегендей «Алдаркөсе» ертегісінен көріністі
тамашалайық
Жүргізуші: Наурыз- шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз
Би билейміз бәріміз- деп «Қазақ биін» тамашалайық
Жүргізуші: Береке бірлік болсын деп
Би билейік жаңаша
Күшейтіп бірлік білімді
Ән айтамыз тамаша
Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл» қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Салт- дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша
Қожанасыр «Ханталапай» ойынын ойнатады (балалармен, ата – аналар)
Жүргізуші: Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін –деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр,
қарсы алайық.
Қыдыр ата: Армысыз халайық!
Наурыз құтты болсын
Дендеріңіз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін
Барлық халық бақытқа кенелсін!
Еліміздің несібесі көп болсын!
Әумин!
Жүргізуші: Рахмет Қыдыр ата. Қош келдіңіз тойымызға ! Төрімізден орын алыңыз.
Жүргізуші: Айтыс деген халқымызда өнер болған
Әзіл шынды астарлаған өнер жағы
Бар өнерді жаңғыртар келер ұрпақ
Биік болсын көрінер асқар тауы –деп бүлдіршіндеріміздің
айтысын тамашалайық.
Айтыс
Қыздар: Айтып қойшы, қарағым
Қандай боп жүр жағдайың
Жайын біліп қояйын
Сендей салақ баланың, ей!
Ұлдар: Сөзін тыңда қарағым,
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың.
Мен мектепке барамын.
Қыздар: Қайда барсаң онда бар,
Семіргенің жөн болар
Тәртібіңнен алайда,
Болмай тұрау оң хабар.
Ұлдар: Айналайын көкешім
Тәртіпті айтып қайтесің,
Сендердегі Серікбай
Неге жарды шекесін- ей?
Жүргізуші: Ал, қадірлі халайық
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,
Күш сынасып байқайық
Ойын: «Білек сынасу» (балалармен, ата – аналар)
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Аңызбен ертегідей бізге жеткен
Құрметті әншілерді қарсы алайық
Ән : «Көктем вальсі»
Жүргізуші: Наурыз тойы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Құтты болсын ұлыс күні жұмылдырылған
Бәрімізге ынтымақпен, бірлікпен.
Наурыз мерекесі құтты болсын ағайын! Осымен наурыз мерекесіне
арналған «Наурыз келді алақай» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош
сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Наурыз келді алақай!" ертеңгілік

шағым қалдыра аласыз