«Наурыз келді жайдары!»

Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Наурыз келді жайдары!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Наурыз келді жайдары!» Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесімен, ұлттық тағам түрлерімен таныстыру. Ата-бабамыздан келе жатқан ат қою, көшет отырғызу салт-дәстүрі, асық ойыны мен теңге алу ойыны туралы түсініктерін кеңейту. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Туған жерді, салт-дәстүрді және үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Мерзімі: 14.03.2024жыл Уақыты: 10:20-10:50 Өтетін орыны, жабдықталуы: 22-наурызға сай безендірілген музыка залы Қазақтың кигіз үйінің көрінісі, үй жиһаздары, бесік, дөңгелек жер үстелде жайылған дастархан, домбыра, қамшы. Өткізілу формасы: Сахналық қойылым Қатысушылар: Балабақша меңгерушісі, әдіскер, музыка жетекшісі, жүргізуші, аталар-әжелер, балалар. Көрермендер: Жүргізуші қыз, аталар-әжелер, сүйінші сұраушы бала және мереке шымылдығын ашушы 2 бала. Көрнекіліктер: Түбек, ағаш, күрек, топырақ, шеңберлер, теңгелер, асықтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Успех- GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_________А. Т. Мамырбаева

«___» __________2024 жыл









Тақырыбы: «Наурыз келді жайдары!»

«Құлыншақ» ересек тобы











Тәрбиешілер: Тилейхан Катила

Даңғыл Зирагүл














Өскемен қаласы

2023-2024 оқу жылы

«Наурыз келді жайдары!»


Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесімен, ұлттық тағам түрлерімен таныстыру. Ата-бабамыздан келе жатқан ат қою, көшет отырғызу салт-дәстүрі, асық ойыны мен теңге алу ойыны туралы түсініктерін кеңейту. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Туған жерді, салт-дәстүрді және үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Мерзімі: 14.03.2024жыл

Уақыты: 10:20-10:50

Өтетін орыны, жабдықталуы: 22-наурызға сай безендірілген музыка залы Қазақтың кигіз үйінің көрінісі, үй жиһаздары, бесік, дөңгелек жер үстелде жайылған дастархан, домбыра, қамшы.

Өткізілу формасы: Сахналық қойылым

Қатысушылар: Балабақша меңгерушісі, әдіскер, музыка жетекшісі, жүргізуші, аталар-әжелер, балалар.

Көрермендер: Жүргізуші қыз, аталар-әжелер, сүйінші сұраушы бала және мереке шымылдығын ашушы 2 бала.

Көрнекіліктер: Түбек, ағаш, күрек, топырақ, шеңберлер, теңгелер, асықтар.

Барысы:

Сахнада аталар мен әжелер дастархан басында жайғасып отырады.

Жүргізуші қыз:
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Құтты болсын ұлыстың ұлы күні!
Шаттандырған елімді тәңір нұры,
Табиғатты түлеткен нұрландырып,
Құтты болсын Наурыздың жаңа күні!
Адеш Али:
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық!
Қадылбекова Адина:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!
Балалар музыкамен бірге залға кіреді, орындықтарына отырады.
Жүргізуші қыз: Сәлеметсіздер ме, біздің ата мен әжелеріміз. Біз күн жылынысымен Көктемде сіздерге қонаққа келдік. Наурызды сіздермен бірге толайық деп шештік. Солай ма балалар?

(Ата мен әжелер де амандасады)

Балалар: Иә

Жүргізуші қыз: Ендеше Ата мен әжелерімізге тақпақ айтып берейікші.

Алтай Нұржігіт:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды! 

Дәулетхан Жансұлу:

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Берікұлы Темірлан:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Теміржанов Алихан:

Той думанға келіңіз,

Мерекені көріңіз,

Ән айтатық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз.

Әділмұратова Алима мен Бердіқожа Сұлтан:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Балаларымыздың бүгінгі мерекеге дайындаған әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Наурыз келді»

Бір бала жүгіріп кіреді:
Мұратбеков Айсұлтан: Алақай! Алақай! Сүйінші! Сүйінші! Ағам мен жеңгем ұлды болды!
Ата мен әжелер: (қуанып). Жарайсың, балам. Жақсы жаңалық алып келдің. Сүйіншің үшін қалағаныңды ала ғой.

Мұратбеков Айсұлтан: Ата, маған қамшыңызды берсеңіз.

Ата: Әрине, ала ғой, міне балам. (Ата, төрде ілулі тұрған қамшысын береді)

Жүргізуші қыз: Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.

Әжелер: 1-әже: Енді баланың атын қоюымыз керек.

2-ші әже: Иә, дұрыс айтасың. Осы жолы баланың атын мен қояйын.

1-ші әже: Құдағи, менің де қойғым келген еді.

2-ші ата: Әжелер, қойыңдар таласты. Одан да екеуің мынандай мерекеде қазағымыздың ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынын ойнап көріңдер. Қай ұтқандарың, баланың атын қоясыңдар.

1-ші әже: Атасы, қайдағыны айтады екенсің. Қайдағы ойын? Біз болсақ қартайдық.

1-ші ата: Сендер үшін мына келген балалар ойын ойнаса. Қайсыларыңның тобың жеңсе, сол ат қояды. Табылған ақыл емес пе?

2-Әже: Жақсы, ендеше солай болсын.

«Теңге алу» ойыны

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке және ат өнеріне баулу. Атқа, деген қызығушылығын арттыру.

Шарты: Ойынға 2 бала шығады. Ортада 2 шеңберде теңгелер түйілген маталар болады. 2 ойыншы атқа мініп, шеңбердегі теңгені іліп алып, орындарына жылдам келіп тұра қалулары керек. Қай ойыны бірінші келсе, сол ойыншы жеңімпаз болады.

Жүргізуші қыз: Ұтқан топты анықтап, әжеге балаға ат қоюға болатындығын айтады.

Әже (ұтқан әже): Ат қоюдың да өзіндік мән-мағынасы бар. Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы халықтың игі дәстүрi. Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп, әрі жаңарып, жаңғырып отырады. Олар да ғасырлар үшін қарт шежіре сияқты ұрпаққа жеткізіп отырады.

1. Ұлдарға дәулетті де бай, ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай, Алтынбай т.б.

2. Қыздар сұлу да көрікті, ажарлы да әдемі және жан дүниесі таза болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Айсұлу, Әсем, Нұрсұлу, Ботагөз, Жансұлу, Ажар.

3.Күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын деп қойылған есімдер: Арыстан, Батырхан, Тарғын, Ержігіт, Нұржігіт.

Ендеше баланың атын күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын деген ниетпен Арыстан деп қойсақ қалай қарайсыңдар?

Ата-әже: (бірге қостап) Қояйық. Арыстан болсын. Жақсы есім екен.

Жүргізуші қыз: Ал, енді баланың жақсы есімінің құрметіне балаларымыздың орындауында би тамашалайық.

БИ « »

Балаларымыздың ақ тілектерін тыңдайық. Балалардың тақпақтары.

Аханова Асылым:

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

Валерьева Жасмин:

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты

Джамбулов Дінмухаммед:

Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Әлібек Әдемі:

Наурыз келді сән құрып,

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Мейрім таң күліп.

Жүргізуші қыз: Көктеммен бірге, Наурыз мерекесімен бірге жаңа нәресте де дүние есігін ашып жатыр екен. Көктемдегі Наурыз бұл табиғаттың жаңаруы, күн мен түннің теңелу айы. Сол себепті де ата-бабамыз айтқандай "Бір тал кессең, Он тал ек", -демекші, осы немерелеріңіздің дүниеге келуіне ора ағаш көшетін отырғызсақ қалай қарайсыздар?

Ата: Иә, дұрыс айтасыз қызым. Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді,-деген халық

даналығын ескерсек, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру, табиғатымыздың ауасын таза ұстау және әсемдік пен әдеміліктің белгісі. Және де бұл ағаш балалар өскен кезде жаныңа сая болады. Бұл ағаштан үйге қажетті тұрмыстық заттар: үй, жиһаздар, ыдыс аяқтар, ер тұрман одан да басқа көптеген заттар жасауға болады.

Ағаш көшетін отырғызу қойылымы

Жүргізуші қыз: Міне, осылай дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен «Бүркіт», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Ендеше сол ойындардың бірі «Асық ату» ойнасақ. Ортаға 4 ұл келсе.

«Асық ату» ойыны
Мақсаты: Балаларды ептілікке, мергендікке, икемділікке және шымырлыққа баулу.

Шарты: Ортаға асықтар тізіледі. Ойынға 2 топқа 2-2 баладан 4 бала қатысады. 5 қадам алшақтықта әр бала 2 мүмкіндікпен тізулі тұрған асықтарды атады. Кім асыққа дәлдеп тигізсе сол бала, яғни сол топ ұтады.

Талғатова Айя:

Бүршік жарып ағаштар,

Асық ойнап балалар.

Наурызды жүр қарсы алып,

Жасы үлкен аталар.

Бақытбек Ясмин

Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейрім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Жұмағазы Мұхаммеджан:

Наурыз тойы — елдің тойы,

Көктем тойы — төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!

Манарбек Батырхан:

Наурыз тойы тамаша,

Қарсы алайық жаңаша.

Шат күлкімен қуаныш.

Еліме сыйлар жұбаныш.
Ерболұлы Әбілмансұр:

Наурыз тойы — салтанат,

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Абышева Аяла:

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған Наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін Наурыз.

Жүргізуші қыз:
Әжемізден сұрайықшы, Наурыз көже қандай тағамнан жасалады екен?
Әже, Наурыз көжені қалай пісіретінін айтып беріңізші?
Әже:
Тойға қазан түсірдім,
Наурыз көже пісірдім.
Жеті түрлі ас салдым:
Бидай, күріш, тары бар,
Сүр ет пен шұжығы
Тәтті құрты тағы бар.
Бал көжеден татыңдар,
Бар қызыққа батыңдар
Көжемізді ішуге,
Шақырамын бәріңді!
Жүргізуші қыз:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар!

Ендеше атамыздан бата алайық.
Атаның батасы

Жүргізуші қыз:
Осылай міне, халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып,
Жылда қарсы алайық! Құрметті ата-аналар, балалар! Осы жыл отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін! Наурыз мерекемізді жақсы бір әнмен аяқтасақ.

ӘН  

Тексерді:

«Успех-GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Еркешева Ж.К.__________



























«Наурыз келді жайдарлы» атты ертеңгілік

«Құлыншақ» ересек тобы 4-5 жас

2023-2024 оқу жылы















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі