400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Наурыз келді,жыл келді...

Материал туралы қысқаша түсінік
тақырыпқа қатысты керекті мәлімет ретінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Наурыз келді,жыл келді...» шығарма



Жоспар:


І.Наурыз –жыл басы.

ІІ. Тарихи орны бар ең көне мереке.

а. Наурыз- татулықтың,бірліктің,еңбектің,ізгіліктің мерекесі.

ә. Наурыз жыры –халық тіршілігінің бір көрінісі.

ІІІ. Жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлесім мен тазалық мерекесі.


Наурыз – жыл басы.Ескіше жыл санау бойынша мұсылман халықтарының мерекесі,яғни жаңа жылы.Халқымыздың сан ғасырлар бойы атап өтіп келе жатқан мерекелерінің бірі. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн»деген мағынаны білдіреді.Көшпенді ата-бабамыз бұл күнді күн мен түннің теңелген,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиген,жер үстіне шаттық орнаған күн деп есептейді.Иә,бұл күні бүкіл тіршілік ұйқысынан оянып,бір мамыражай күн кешкендей күйде болады.Қазақ халқы бұл мерекені «Әз Наурыз»деп те атаған.Ескі наным-сенім бойынша наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дауыс естілетінін,ол дауысты жұмақтан шыққан қой,сол арқылы қойды бағып жүрген қойшы естиді деп таныған. Бұл күні бүкіл табиғатқа,тіршілік иесіне,өсімдік,жан-жануарларға ерекше сезім,қуат,қасиет нұры құйылады деген сенім болған.Халқымыз осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп те атаған.

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі .Орта Азия халықтарының арасында бес мың жылдан бері аталып өтілуде.Бұл мереке Ислам дәуіріне дейін тойланып,халықтың арасында қолдауға ие болып келе жатқан мерекелердің бірі.Бқл мерекенің туу тарихына байланысты ел аузында дерек те,аңыз да көп кездеседі.Халықтың көбісі ел аузындағы аңызға жүгінеді.Аңыздың өзі әр жерде әрқалай дамыған.Ал аңыздың астарында ақиқат бары анық емес пе?Кейбір ғалымдар зороастризм кезеңімен байланыстырса,кейбірі Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр.Парсы патшасы Джамшид ел аралап жүргенде «Азербайджан» деген жерге тап болады.Осы мекенде күнгей бетке қарата тақ орнатуды уәзірлеріне бұйырған екен.Күн сәулесі тақпен шағылысып,айналаға ерекше бір шуақ шашқан деседі.Осы уақыттан бастап бұл күнді халық жаңа жыл есебінде тойлауды бастаған.Бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда,ежелгі Римде,Ұлыбританияда аталып өтіліп,1700 жылға дейін Ежелгі Русьте тойланып келген. Көктем мерекесі туралы деректер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде де кездеседі.Шығыс жыл санағы бойынша мереке ирандықтардың жаңа жылы Наврузбен жанасады.Бұл мерекені түркі тектес халықтар да тойлаған.Тәжік халқы «Бәйшешек» , «Гулнавруз» десе,татар халқы «нардуган»,хорезмдіктер «Наусарджи»,армяндар «Навасарди» деп атаған.Ежелгі жыл санақ бойынша 22 наурызда күн мен түн теңеседі.Наурыз-жыл басы,көктемнің бірінші айы.Бұл мерекені қазақ халқы «Армысың,Әз Наурыз», «Әз болмай,мәз болмас»деп қарсы алған.Наурыз-діни мереке емес.Алты ай қыстың қиыншылығынан шыққан жұрт бір-біріне игі тілектер айтып,құшақтасып көріскен.Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурызгүл,Наурызжан,ер балаларға Наурызбай,Наурызбек,Наурызхан деген есім қойған.1926 жылдан бастап тиым салынғанына қарамастан ауыл ақсақалдары өз отбастарында мерекені атап өтіп отырған.Содан бері көп жыл ұмыт бола бастаған мереке 1988 жылы қайта жанданды.1991 жылы Тұңғыш Президентіміздің қолдауымен мемлекеттік мәртебеге ие болды.Халықтың ұмыт болып,қайта тірілген мерекесі қазіргі уақытта «қанатын кеңге жайған құс секілді» жыл сайын үш күн тойланады.

Табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз наурыз мерекесін «жыл басы» деп қатты қастерлеген.Сонымен қатар,шығыс елдері үшін татулықтың,бірліктің,еңбектің,ізгіліктің мерекесі ретінде тойланады.Бұл күні шаттанбайтын,қуанбайтын және мейірленбейтін адам болмаған.Наурыз күні бір-біріне жақсы тілек тілеп,құттықтап,кешірім жасау арқылы үлгі-өнеге көрсете білген.Еліміздің түкпір-түкпірінде бүгінде наурыз мерекесі кең көлемде атап өтіледі.Бұл мерекені көпұлтты мемлекетімізде барлық ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақтың астында тату-тәтті қарсы алады.Мерекені қарсы алуға келген әр ұлт өздерінің мәдениеті мен өнерін көрсетіп,жырдан шашу шашады.Жалпы халыққа арналған наурыз көжеден дәм татып,шат-шадыман күйге енеді.

Наурыз – тіршілік атаулыға тазалық пен мейірімнің шуағын шашатын мереке.Жалпы адам баласына тән құндылықтардың үйлесім тауып,жер бетінде жарыққа шығар бір сәуле іспеттес.

Атадан балаға мирас болып, жалғасын тауып келе жатқан асыл қазыналарымызды сақтау - біздің азаматтық борышымыз.Сондықтан да наурыз мерекесі ғасырлар бойы тойлана бермек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.05.2019
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі