15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз көктем
Тақырыбы: «Наурыз – көктем»
Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз халықтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағыналарын қарай оқушыларды адамгершілікке елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, бесік, қанатты сөздер, шарлар.
І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар баршаңызды Ұлыстың ұлы күні наурыз меркесімен құттықтаймын. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. Наурыздың 22 - сі мұсылман халқы үшін Жыл басы, күн мен түн теңелетін уақыт. Сондықтан да Наурыз Ұлыстың ұлы күні деп аталады. Бұл күні табиғаттың жер беті бусанып, қар еріп, көктемнің шыға бастайтын уақыты. Көктемде мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады. Жастар алтыбақан тебеді, ұлттық ойындар ойнайды, ән айтады, би билейді. Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Наурыз құтты болсын! Осы мерекеге орай сыныбымыздың «Төрлет, Наурыз жыл басы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ. Тақпақтар
1 - оқушы
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле - жала жерге енсін.
Наурыз мерекесі баршамызға құт – береке әкелсін!
2 - оқушы:
Наурыз келді теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.
Құтты дәмі, береке байлығымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.
3 - оқушы Ақерке
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы уа, Халайық!
Хор: «Қош келдің төрлет наурызым»
4 - оқушы
Жүріңдер Наурыз тойыңа басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын некен - саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
5 - оқушы
Наурыз қайта оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Кең дастархан, даламыз, сахнамыз,
Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз.
6 - оқушы
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Күбірлеген домбырасы барында
7 - оқушы
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық.
8 - оқушы
Шашу! Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл - көсір!
Шашу! Шашу! Шашу!
Тойларда шашу шау салты елімнің.
Көңілім дархан,
Несібім мол болсын деп,
Дәм тат мынау шашылған көп шашудан.
Мың бұралу қажет екен өнерде
Билеу керек жан-дүниеңмен әуенге
Бар сезімді көрерменге жеткізу
Мақсат екен орындалған әр биге
9 - оқушы
Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
10 – оқушы
Сәлем Анам - Алтын күн!
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым.
11 - оқушы
О, қасиетті Жер - Ана! Алла тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау - тасыңнан, жан - жануарыңнан бастап адамзатына дейі қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемді шақырамын.
2 - жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.деп ортамызға Ару көктемді, Күн анамызды,Наурыз батырды шақырайық. «музыкамен ортаға шығады»
12 - оқушы Көктем Ару
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық,
Наурыз тойына жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
Күн Ана
Зарыға күткен Жаңа жылым да,
Наурызым келді – ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет, әрі кет.
Аласа, Алас! Бар бәледен қалас.
Наурыз батырым келе ғой!
13 - оқушы Наурыз Батыр
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуағы халқымның.
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас - кәрің.
Жыл иесі - Жаңа жыл
Құт иесі - Жаңа жыл.
Бақыт әкел еліме.
Құт береке молшылық,
Дари берсін жеріме.
1 - жүргізуші
Рахмет, Наурыз батыр, Күн Ана, Ару Көктем тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын! Қош келдіңіздер . Төрлетіңіздер. Әр қашанда елімізде күніміз жарқырасын. Көктемдей көңіл күйде болсын. Наурыз меркесі құтты болсын. Оқушылармыздың Көктем меркесіне арналған «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар
Хор « Көктем келді»
14 - оқушы
Күре алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз.
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың.
Күн мен түнді теңелген,
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық наурыз көжеден.
15 - оқушы
Бүгін күн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
16 - оқушы
Ата - баба тойлаған,
Наурызым, армысың.
Дархан елім, кең далам.
Есен - аман бармысың.
17 - оқушы
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығымен шуағымен Күн ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Теңіздей тербетілген көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Би: Қамажай
Көрініс: "Алдар көсемен бай"
18 - оқушы
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен,
Наурыз тойы құтты болсын!
19 - оқушы
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап
Бұйра бұлақ еркелеп,
Жерге төкті өрмегін.
20 - оқушы
Дастарханда дәміміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
21 - оқушы
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау – бақшада орманда,
Құстар әні төгілді.
22 - оқушы
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің әншіміміз
Көрінген көштің басынан
Ән: "Қош келдің наурыз"
Тойла бүгін тауларым мен боз далам
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам
Мерке боп келген бүгін Наурызым
Берке бол еш қашанда тозбаған
Би Флешмоб
Осы мен наурыз меркесіне арналған тәрбие сағаты аяқталды. Наурыз мерекесі құтты болсын. Келесі жылы амандықта жүздесейік.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
Балалардың
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге
деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел,
бесік.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені
— Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі
Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық
сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен
мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып
бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз
мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ. Әңгімелесу
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22
наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» —
жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық,
аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде
дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын
ұйымдастырады.
— Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана
шашу шашады, музыка қосу)
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының
жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл
сыйлаған халық қастерлейтін күн.
— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға
дайындаған тақпақтарын ұсынады.
ІІІ. Тақпақтар
1-ші бала: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
2-ші бала: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып,
бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп
аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен
жұмыс)
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
6-шы бала: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
7 бала: Наурыз тойы — салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында
күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп,
жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл.
(интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету)
8 бала: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
9 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
10 бала: Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
11 бала: Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
12 бала: Сүті көп те, көмірі аз,
Болады ғой Наурыз!
13 бала: Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
14 бала: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
15 бала: Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.
16 бала: Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
ІV. Жұмбақ
— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға
қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен
ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді.
V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген.
Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі
бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл
–қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу
тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз
береміз.
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап
жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы
өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі.
VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл
көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б
ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап
көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы
осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз
болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан
тартысады)
Рахмет! Отырамыз!
VII. Қорытындылау
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру.
«Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп
түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер
көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі
ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді
дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін
тыңдайық.
Рахмет!
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.
— Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни
жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян!
Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Қоян: Қыс келеді ақ тонды ...
Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!
Қоян деген момақан мақұлық қой,
Ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?!
Рахмет!
— Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз
мейрамына арналған кішігірім концертімізді
тамашаланыздар!
VIII. Ән, би, өлең.
Біздің оқушымыз Еркінова Диляраның өнерің ұсынамыз.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
1. Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.
2. Абай атамыздың өлеңдері:
1. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниег

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген