400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз мейрамы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тематикалық сабақ

Наурыз мейрамы!

2 «Балдырған» тобы

Тәрбиеші: Бекенова Ж.Ж.


Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.  Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге   
 тәрбиелеу, Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
 
Алидар Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық.

Тәрбиеші:
Құрметті ұстаздар, балалар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Балдырған тобының «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

Балалар қар еріп, күн жылып жатыр. Қандай жыл мезгілі келді? Көктем мезгілінде неше ай бар? Атандаршы?

Ән «Көктем жыры»

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі

Бейбарыс Көктем келді, балақай

Жасарды жер алақай

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық

Адема Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Нурали Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.

Шамайла Ахмад Наурыз – бұл мереке

Құтты болсын мереке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін

Наурыз мерекесі күні дастарханың бас тағамы Наурыз көже екенін айтып кету. Наурыз көженің құрамына кіретін тағамдар тізімі: 1. Су 2. Ет 3.Тұз 4.Ұн 5. Күріш 6. Бидай 7. Май

Қазақ ұлттық ойын «Тақияны тастама».

Қазақтық ұлттық киімдерімен таныстыру. Ер адамдар – шапан киет, басына бөрік киет, жігіттер – шалбар мен желетка оюланған бастарына тақия киет. әжелер – бүрмелі көйлек,қамзол, бастарына кимешек киет, қыздар – қос етекті көйлек,қамзол, бастарына сәукеле киет.

Қыдыр ата: Уағалейкумассалам
             Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ақ мол болсын. Сендерде бүгін Наурыз мерекесі өтіп жатыр екен ғой. Сендер маған бір нәрсе дайындадыңдар ма?

Балалар «Алақандар» әнін жұп – жұппен тұрып бйлейді.

Айтуар Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Нұрғали Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл казақ еліне

Нұртас Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды

Найля: Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жаңаша

Табиғат та, тамаша

Тамылжып тұр жараса

Қыдыр ата: Өте жақсы маған бәрі ұнады, ал енді мен кетер алдында сендерге бата берейін.

Бата: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар.

Балалар хормен әумин деп беттерін сипайды. Қыдыр атамен қоштасады.

Қазақ ұлттық ойыны: «Арқан тарту».

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар мереке құтты болсын ақ мол болсын, ұлыстың ұлы күні құтты болсы! «Армысын – әз Наурыз» сабағымыз аяқталды рахмет тағы мереке құтты болсын.

Тәрбиеші: Осымен біздің ашық сабағымыз өз мәресіне жетті. һ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі