400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз мейрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы, оның қалай өткені туралы эссе. Бұл эссенісабақ барысында үлгі ретінде қолдана аласыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Наурыз – қазақ халқының ұлттық мерекесі. Жыл сайын көктемде 14-тен 23-ке дейін бұл мерекені тойлаймыз. Наурыз – көктемнің басталуымен, жыл басымен, айналадағы күллі дүниенің оянатын мезгілімен байланыстырылған көне заманның ұлы мерекелерінің бірі.

Биыл колледжде Наурыз мейрамын тойладық. Оны бір апта бойы тойлау жоспарланған болатын. Дайындық 2-3 күн бұрын басталды. Мұғалімдер қай топтың қай күннің жауапкершілігін алатынын жоспарлап, өзара бөлісті. Әр топ шкафтарды әртүрлі гүлдермен, шарлармен және т.б. безендірді.  Біздің топ концертке жауапты болғандықтан, біз өте ұзақ және жауапкершілікпен дайындалдық. Күнде дайындық болғандықтан сабақтан кейін қалатынбыз.

Дүйсенбіден бастап бір апта бойы ұлттық киім киіп, қыздар мен мұғалімдер камзол киіп, ұлдар тақия кидік. Дүйсенбі күні «Кездескенше» атты ерекше мерекелік шара өтті. Әрқайсысы амандасып, алғыс айтып, бақыт, денсаулық, табыс тіледі, құшақтасып алды. Ал екінші күні барлығына «бәйшешек» гүлі берілді. Бұл Наурыз мейрамының символы. Үшінші күні үзілісте «Қара жорға» ұлттық-рәміздік биін биледі. Бұл да Қазақстанның рәміздерінің бірі. Сонымен қатар оқушылар ұлттық ойындар ойнады, өте қызық болды. Төртінші күні ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті. Әр топ ең әдемі ұлттық киімдерді ұсынды, мен әдемі, керемет киімдерді тамашаладым. Ал соңғы күні әр топ дастарханға ұлттық тағамдарын жайып, қалағанын жеуге болатын. Одан кейін концерт бердік. Қыздар мен жігіттер ән айтты, би биледі, барлығы көңілді. Қыздарыммен биледім, сосын «шашу» рәсімін жасадым.

Барлығының жүзінен күлкі көргеніме риза болдым, барлығы қуанып, уақытымызды өте пайдалы әрі қызықты өткіздік. Келесі жыл да қызықты болады деп сенемін, бұл апта есімде ұзақ сақталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 сәуір
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі