Материалдар / наурыз мейрамы сценарий
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

наурыз мейрамы сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«22-Наурыз- әз Наурыз құтты болсын!» атты ертеңгілік

Жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Тақпақтар:

Жүргізуші: Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық

Ән: « Көктем»

Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз!

Залға әже кіреді.

Әже: - Амансыздар ма, құрметті қонақтар!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ қояйын:
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.
Жүргізуші Рақмет, әже! Төрлетіңіз, немерелеріңізге наурыз көже таратыңыз. Ал біздің балалар көңіліңізді көтеріп, ән шырқап береді.

Ән: «Наурыз»

Музыка әуенімен залға Тазша бала кіреді.
тазша бала: Ой, мен қайда тап болдым?

Жүргізуші Тазша бала, бұл жерде наурыз мерекесі тойланып жатыр. Біздің тойымызда қонақ бол, көңіліңді көтер.

Тазша бала: Рахмет, балалар, мен құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге бірнеше ойын әкелдім. Қәне, ортаға ұлдар шығыңдар, сендердің күштеріңді тексерейін.

Әже: Балам, жоғарыға шық, қонақ бол. Наурыз көжеден дәм тат!
Тәрбиеші:Қазақ халқы өз әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтап, дәріптеген халық. Біз балабақшада соның бәрін балаларға үйретіп, бойларына сіңіруге тырысамыз. Соған дәлел, кезекті көрініске берсек.

«Бесікке салу» рәсіміне берсек.

Қыздар:Армысыз әже!

Әже: Армысың қызым!

Қыздар: Сәбидің бауы берік болсын

Ата: Баланы бесікке салайық, баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген қадірменді апаға тапсыру ырымы бар. Ендеше Гүлнәз апа сіз ұлыңызды ұяға,қызыңызды қияға қондырып отырған апасыз. Бұл рәсімді өзіңізге тапсырамыз. Мына қыздар сізге қарап үйреніп отырсын.


Әже: Рахмет, бесікті әкеліңіздер. Бесік- дүниеге келген періште сәбидің ақ отауы. Бұл тесік арнайы жасалынған. Ол балаға ерекше күш береді. Қәне «тыштырма » жасайық. «Тыштырма» ырымы жас сәбидің ішкі ағзалары ауырмасын деген ниетпен жасалынады. Мына тесіктен тәтті тағамдарды өткізіп «Тыштыма» деп сұрап, оны балаларға үлестіреді. Ал «тыштырма» жасайық. Тышты ма, тышты ма?

Енді бесікті отпен аластап, бәле- жаладан аластайық. Мынау бесіктің жабдықтары. Енді сәбиді әкеліңіздер, бесікке салып бөлейін. Баланың ұйқысы тәтті болсын! Ал, келін, бесік жырын айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.

Әлді, әлди, ақ бөпем, ( Музыка ойналады)

Ақ бесікке жат бөпем,

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Ал апа, бір бата берсеңіз

Балаңыз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандықтан тәлім алмасын!

Әже: Жүріңдер бесік тойға дайындалайық

Рахмет, сіздерге, біз бүгін сіздерден көп нәрсені үйрендік.
Жүргізуші : Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, көңілімізді көтерейік
Ойын: «Қара жорға»
Жүргізуші:Наурыз мерекесінде күн мен түн теңеліп, ерекше , таңғажайып құбылыстар орын алады.Ренжіскен адамдар достасып, көңіл көтереді.Ендеше, біз де наурыз туралы ән шырқап,көңілімізді көтерейік.

«Наурыз-көктем» әні

Жүргізуші Осымен наурыз мерекесіне арналған ойын – сауығымыз өз мәресіне жетті. Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсақ тьа жол болсын! Құрметті қонақтар үстел басына жайғасыпғ астан дәм татыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!