Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне орай жасалған сабак жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Меңгеруші : Мадалиева С





ЖШС « Нұр-Шапағат» бөбекжай балабақшасы





Қош келдің, Әз Наурыз!









Тәрбиешілер:Дадабаева О

Зиябекова Г



2025-2026

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалардың санасына жеткізу. Наурыздың 22 — сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші :

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығымен, шуағымен Күн — Ана

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Осыншама жақсылық,

Алып келдің Наурызым!

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып нұр жүзің!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз — қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды «Бәйтерек» тобының мерекелік хорымен ашып алсақ!

Хор: «Наурыз»

Жүргізуші: Келесі кезекте «Балдәурен» тобының қыздарының биін тамашалаңыздар!

Би : «Жетіген биі»

Жүргізуші: Келесі кезекте «Ақжелкен» тобының қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу» дәстурін көрсетпек бірге тамашалайық!



Би: «Айнамкөз» тобы Қара жорға.

Тақпақ : «Балдәурен» тобы

Арсен

Наурыз келді далама

Наурыз келді қалама

Гүлдер өсіп жайқалды

Қуанды бүгін бар бала

Інжу маржан

Армысың әз наурыз

Әсем болып келдіңіз

Бізге шаттық сыйлаған

Мерекені бердіңіз

Омар

Күн жылынды далада

Қар еріді сайларда

Наурыз келіп қуантты

Бақыт берді баршаға

Тоғжан

Наурыз келді нұр алып

Көктем келді гүл алып

Біз ән айтып би билеп

Қарсы аламыз қуанып

Еркеназ

Көктем келді күн келді

Наурыз тойы бірге енді

Ән айтып біз қуанып

Би билейміз күлімдеп




Жүргізуші: Келесі кезекте «Балапан » тобының қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі «Тұсаукесер» дәстурән тамашалайық.



Ән: Қонақ олып келген апалар

Ойын : Асық ату

Би: «Балапан» тобы попури

Би: «Ақжелкен » тобы Қара жорға!

Ойын: Арқан тарту

Би: «Айнакөз » тобы Қазақша!

Жүргізуші:

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамын құтты болсын,

Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын

Қош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін жалғапты!

Жылда осылай келе берсін жарасып!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12