жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз мерекесі
Наурыз мерекесі
Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін қолдана отырып балалардың шығармашылығын арттыру, балаларға потриоттық тәрбие беру .
Хабаршы: Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! «Балдырған» балабақшасында Наурыз тойы басталды! Естімегендер естіңдер! Тойдан қалып қоймаңдар.
Жүргізуші:
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
Қүрметті қонақтар! Алыстан арып келсең айран ұсынып, «қонақ» десе құрт – майын сақтаған абзал әжелер, күлкісі әсем аналар мен жеңгелер, жақын жүрсе қылығымен сүйсінткен аяулы апа – сіңлілер, ұстаздар мен балалар! Төл мерекеміз Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ертегі «Алтын балта»
Тақпақтар
Асылхан:
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Дидар:
Наурыз жылы, жыл басы
Наурыз көже ел асы
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурыз бақыт жаңа күн
Көже ішіп қалатын,
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны.
Наурызда шашу шашылды
Ақ кебеже ашылды
Тәтті наурыз көжеге
Тары, уыз қосылды.
Алуа:
Наурыз тойым,
Наурыз тойым,
Құтты болсын халайық!
Кәне достар, кәне достар.
Шырқап әнге салайық.
Айым:
Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.
Аружан:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Той думанға ккеліңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Сезім:
Елім меннен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
Арлан:
Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды,
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Малика:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
Аллаберген:
Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардын су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.
Шырай:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме,
Байлық бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Ақерке:
Біз бақытты баламыз
Бақыт тілеп баршаға,
Ақ тілекті дос – жаран
Құтты болсын мереке!
Алишер:
Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша,
Шат күлкі мен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.
Наурыз тойы- елдің тойы,
Көктем тойы- төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Жүргізуші: Наурыз – ұлыстың ұлы күні. Наурыз мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурызда табиғат оянады, қоршаған ортаның барі жаңарып күн мен түн теңеледі. Жұртшылық өз үйін, ауласын тазартады. Әдемі киімдерін киіп, бір – біріне қонаққа барады, шын көңілден сыйлықтар сыйлайды. Бұл күні барлық реніштер ұмытылады.
( Әжелер қонаққа келеді.)
Әже: Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай немерелерім. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Қазақтың дәстүрі бойынша ұлыстың ұлы күнінде Наурыз көже дайындалады. (Әже наурыз көженің дайындау ерекшеліктерін жайында айтады).
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер немерелеріңіздің өнерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Тұрсынбай Гаухар «Аққу» биі
Әже: Наурыз салт – дәстүр мерекесі! Сол салт дәстүріміздің бірі «Тұсау кесу».
Ән: «Наурыз – көктем»
Жүргізуші: Уа, қалайық, құлақ сал!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Ақ жаулықты аналар!
Көңілі коктем, жаны жаз,
Биязы мінез жеңгелер
Кер маралдай керілген
Кең пейіл керім жеңгелер!
Той шашуы шашылсын,
Шашудан құр қалмаңдар!
(Қаңбақ шал ұшып келеді)
Қаңбақ шал: Амысыңдар ма, балалар, Наурыз тойы құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?
Қаңбақ шал: Мен – қаңбақ шалмын! Өзім сондай жеңілмін, жел қайда соқса, мен сонда ұшамын. Сондықтан мені қаңбақ шал деп атайды.
Жүргізуші: Сізді мұнда кім айдап ала келді?
Қаңбақ шал: Қу түлкі күн бермеді. Мен одан кетіп қалдым.
Жүргізуші: Ендеше бізбен бірге болыңыз. Біз Наурызды тойлап жатырмыз. Бізбен бірге ойнап, балалардың биін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Би: «Қара жорға»
(Таусоғар кіріп келеді)
Таусоғар: Шал қайда барасың?
Қаңбақ шал: Әлем кең, әлемде көп жол бар. Батырды кездестірсем өзім Батыр боламын.
Таусоғар: Охо! Сен көріпкелсің ғой.Батыр болғың келсе, кел күшімізді сынайық. Тас лақтырып көрейік. (тасты алып лақтырады). Енді сенің кезегің. Қаңбақ шал тасты алып, жоғарыға, төменге қарайды.
Таусоғар: Лақтырсаңшы.
Қаңбақ шал: Егерде мына тасты жоғарыға лақтырсам, онда аспан айналып жерге түседі.
Таусоғар: Ой, шал, сенің күшіңе сенемін. Тек тасты тастай көрме, екумізгеде қиын болады. Бұл жерден тезірек кетейік.
Жүргізуші: Тоқтаңыздар! Тоқтаңыздар! Бүгін жылдың бысы Наурыз мерекесі.
Біз балалармен бірге мерекені тойлап жатырмыз, төрлетіп төрден орын алып балалардың өнерін тамашаланыздар.
Жүргізуші: Би: «Шығыс биі»
Жүргізуші: Қане Қаңбақ шал сіздің бізге дайындап келген өнеріңіз немесе ойыныз бар болу мүмкін.
Қаңбақ шал: Әрине мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.
Келіңдер балалар «Тенге алу» , «Арқан тарту» ойындарын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Қазақтың ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде ойналады. Ойыншылар атқа мінгізіп, жерде жатқан түйілген орамалды іліп алып кетулерің керек. Кім жерден іліп алып кетсе сол ойыншы жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша. Олай болса балалар орындарымыздан тұрып әжемізден бата алайық.
Әже: Бата беру.
Әумин! –бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын,
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Әумин!
Жүргізуші: Рахмет сізге әже.
Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін,
Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпе кетсін- дегендей жаңа мешін жылы кутты болсын! Жаңа жыл бақыт табыс, достық әкелсін – дей отырып осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген