×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Наурыз мерекесі мектепте

Автор:АЙГӨБЕК Озатбек Тышқанбайұлы
Бағыты: Мәдениеттану
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-04-23

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Мектепте өтілетін іс шаралар

«Қыз өмірдің гүлі» 8-наурыз мерекесіне арналған іс-шараСәлемдесу.Мерекемен құттықтау.Мазмұнын таныстыру. –Осы 8-наурыз мерекесін қыздарға арнап өткізуіміз дұрыс па? 1.-Өте дұрыс құптарлық жағдай. 2.-Жоқ,мен құптамаймын. 1.-Қазақ қыздарын төрге шығарған-ғой. 2.-Қазақ қызға қырық үйден тыю дейді. 1.-Көпшіліктің көкейінде «неге» -деген сұрақ қалды. 2.-Дүниенің уысында, Ұстап тұрған күш алып. Тіршіліктің тынысында, «АНА» деген үш әріп. Ана,Ана,Ана деген үш әріп –деп тек аналарға арналған мереке деп білемін. 1.-Қыз дегенде үш әріптен тұрады ғой. 2.-Ана –дегенді оң оқысаңда,теріс оқысаңда бір мағыналы сөз шығады.Ал қыз сөзін теріс оқышы не болады. 1.- «Зық» ой-ой ,онда мерекемізді толық етіп қызық болсын дейік.Қыздар төрде! 2.-Ұлдар өнерде! Бастасақ-бастайық. (Бір ән орындалады.)1.-Құрметті оқушылар,апайлар кез-келген тақырып ашылуымен айшықты.Бүгінгі «Қыз өмірдің гүлі» деген тақырыпты талдап-талқылауымызға ,барлықтарыңыз да ат салысып отырыңыздар. 2.-Мен алдымен апайлар мен ағайларды мерекелерімен құтықтап алсам деймін. 1.-Ай апайларың мақұл,ағайларың не? 2.-Өткенде мектебімізде төтенше жағдай орын алғанда,тек апайларға ғана демалыс беріліпті,сол кісілердің арасында кейбір ағайларда болыпты.Соларды да ... 1.-Оданда тақырыпқа қарасай. 2.-Қыздарды жігіттерден кө ө п –дейді. 1.-Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі. Қыздар деген әдемі ғой әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді. 2.-Иә, сонымен не демексің? 1.-Яғни қыздар өмірдің гүлі деймін. 2.-Қыз дегенің гүл -ғой келісемін. 1.-Бәсе,бағанадан бері солай демейсіңбе. 2.-Бірақ гүл дегенің шөп-қой,шөп дегенің көп-қой. 1.-Айналайын! Жаңабек жалынамын.Көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін мерекені,бір әдемі етіп бастайықшы. 2.-Онда олар мерекеге қаншалықты дайын екенін сынап көрейік. –Осы 8-наурыз мереке ретінде қашаннан бері тойланып келеді және қайдан бастау алған? Әуелі осыны біліп алайық. (Өнер)1.-Ал келесі сауал. 2.-Екеуіміз «Кеш жарықты» жүргізетін Ерқанат пен Ерболат сияқты, сен ары мен бері болып бара жатырмыз ба қалай? 1.-Әй мақұл мен Ерқанатқа ұқсаймын,сен сонда Ерболатпын демекпісің? Қоныс айтса жарасар,денеге,бойға қарамайсың ба? (Кәне Қоныс орныңнан тұршы.Қошемет) 2.-Не дене бермесе сана берген,бой бермесе ой берген маған. 1.-Бүгінгі мерекелік тақырып «Қыз өмірдің гүлі» деп аталатындықтан осы жайында дәлелді-дәйекті мысалдармен ашуымыз қажет. Жердің көркі не? Елдің көркі не? Қыздың көркі не? 2.-Апайлар шаш қыздардың көркі –дейміз,кейінгі кезде қалай болса солай қиып,киіп алатын бөркі болып кеткен жоқ па? 1.-Қыздар жауап беруге болмай ма? Оларда аралассын. (Бір өнер)1.-Оқушылар арасында ағайдың өте бір жақсы көретін қыз бар екен ОЛ кім? 2.-Мен білемін. 1.-Тұратұр залдан сұрайық. 2.-Бәрі-бір мен білемін. 1.-Қосымша көмек.Ол біздің сыныптың оқушысы екен. 2.-Айттым ғой білемін деп. 1.-Қақылдап қоймадың ғой,ал айта қойшы. 2.-Жансая. 1.-Оны қайдан білесің? 2.-Жаңа жылда Тоқтармен мектеп вальсін билегені үшін-ау?! 1.-Әй мен онда Әсеммен билеген едім. Бірақ әкем жақсы көрем- деп жатқан жоқ. 2.-Е е онда есімі Гүлсаяға ұқсас болғандықтан шығар ә? Оданда ағайдың өзінен сұрайық. 1.-Кейіндеу сұрармыз,әзірше тақырыпқа оралайық. 2.-Еркеғали жапондардың жанұясында тамақ ішкенде өзіндік тәртіп-дәстүрі бар екен. 1.-Не қазақтарда жоқ па екен? Кез-келген тамақты үйдің отағасынан,үлкендерінен бастамақ болар. 2.-Ал жапондар да алдымен отағасына,сонан соң ең кішісіне ұсынады екен. 1.-Сенің барғой ә,білмейтінің жердің астында. 2.-Ал жер астында 15жыл жұмыс атқарған ағайымыз отағасы болса да,қазақы дәстүрді қатал сақтаса да,апайымыз шай құйғанда ол кісіге үшінші не төртінші етіп кесе ұсынады 1.-Сонда ағайды не қазақ емес,не жапон емес демекпісің? 2.-Ол жағын апайлардан сұрайық.Неге олай? (Бір өнер орындалады.)1.-Қыздар! Бір қолымда қаламым, Бір қолымда қазаным. Бөбегімді жұбатып, Өлеңді де жазамын.Бұл қай ақынның өлеңі және мағынасын ашыңыздар? 2.-Апайлар:-Кезінде бір ана таудан отын жинап жүріп,әлі есі кіре қоймаған баласын жоғалтып алады.Кейінірек бір әйелдің жетегінен көріп жүрегі құрғыр сезіп біледі. Ал анау әйел –өзімнің балам деп бетбақтырмайды. Содан дау-дамай өршіп,ақырсоңында Төлебиге жүгінеді.ОЛ кісі әділ шешім шығарыпты.Сол кезде Төлебидің төрелігі қалай қолданылған.яғни қалай шешкен? 1.-Қыздар сіздерге де жауап беруге болады. (Бір өнер орындалады.)1.-Қош,сұлтаным аман бол, Әлде қандай боласың. Асқар төбе бел дерсің Тайбурыл атпен желерсің, Жақсы-жаман қадірін Құртқаның сонда білерсің Құртқаға сонда сенерсің. 2.-Үйдемісің қыз Құртқа Түздемісің қыз Құртқа, Әйел болдың амал жоқ, Егер еркек болғанда Болар ең жұртқа сен тұтқа. -Бұл қай жырдан үзінді және қай жанрға жатады? 1.-Құртқа қыз Қобыланды батырға қандай ақыл айтып еді? (Екі өнер орындалады) 2.-Еркеғали шаш туралы өзімнің басымнан өткен бір оқиғаны айтып берейін бе? 1.-Иә айтсаң айта ғой. 2.Шашым өсіп кеткен соң Байжан ағаға барып алдырғанмын. 1.-Ол кісіге бір сен емес бәрі алдырады ғой. Тіпті ағайларда. 2.-Аяғына дейін тыңдасай. Мен барғанда қасында біраз адамдар бар екен. -Бір айналып кел –деп еді:-апай ұрсады деп көнбедім.Содан әңгімені қасындағыларға соғып шашымды қырқа бастады.Бұрынғыдай емес жылдам алып жатқандай болды . Бір кезде-Не деп едің «моладежный» деппе едің одан өтіп кеттім –дейді. Мейлі онда «полубокс» деп едім тағы қырқа бастады. Әлі де әңгіме,бір кезде ойбұй тағыда өтіп кеттім дегені.Қайтем енді онда «бокс» дедім.Тағыда зырылдатты –ай келіп,сөйті де болды деді.Басымды сипап көрсем оданда өтіп кеткен сияқты.Сол күні бас киімімді шешпей жүрдім де,үйге барғанда айнаға қарасам маңдайыма тақау жерде кіп-кішкентай «кекілік» қалыпты. 1.-Иә содан? 2.-Содан әкемнің қырынатын ұстарасын алып әлгі қалған кекілімді түкіріктеп-түкіріктеп өзім-ақ қырып тастадым. 1.-Бас аман болса шаш шығар не болды сонша. 2. Қайғырып тұрғаным жоқ,тек қыздарға ескерткенім ғой, шаш қысқартқанда абай болыңдар тіпті қидырмай-ақ қойыңдаршы?- деп. 1.-Құрметті! Қыздар шаш жөнінде: «Таң шолпан» бағдарламасында «Бұрымды ару» байқауы өткенін білеміз атын атап,түрін түстемей-ақ қояық.Сондағы ең ұзын.ең қалың шаштың өлшемі қандай болды екен? (Бір өнер)2.-Еркеғали сен жеңдің,мен жеңілдім. 1.-Не болды біз жарысып жатқан жоқпыз ғой? 2.-Жарыспасақта қағысып жатырмыз, ғой осы бүгінгі мерекеде түсіндім. 1.-Нені түсіндің? Мен сені түсінбей қалдым ғой. 2.-Қыздар өмірдің гүлі екенін.Дөңгелек үсетел үстемдігін жасап менің ойымды өзгертті.Енді кішіпейіл боламын. 1.-Қыздарды түсіну үшін,жаз болып жайнап биылғы қыстай суу керек. Қыздарды түсіну үшін,тек ғана қыз болып туу керек. 2.-Қыздар деген қызыл гүл ғой өсіп тұрған бақтағы Қыздар деген ата-ананың асыл арман ақ таңы. 1.-Бар онда қыздарға құрмет көрсете ғой.(басынан бір ұрады) 2.-Не сен ей! (ұмтылады) 1.-Жаңа кішіпейіл боламын-деп едің ғой кіші пейіл бол.Бар. 2.-Бастан ұрсаң қалай кішіпейіл болайын. 1.-Ереке басым сіздің қолыңызға тиіп кетті, кешіріңіз десең болар еді.

Педагог-ұйымдастырушының үйлестіру-ұйымдастырушылық қызметі.
-Ересектерді қатыстыра отырып оқушылардың ұжымдық шығармашылығын ұйымдастыру.
Шығыс халқында гүл-сұлулықтың, тазалықтың,адалдықтың пәктіктің символы. Өмірге қыз бала келгенде оның есіміне, «Гүл» жалғауын қосатыны да сондықтан.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: