400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз мерекесі мектепте

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте өтілетін іс шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Хаттама

26 ақпан 2019 жылы Майбұлақ жалпы орта мектебінде кезектен тыс педагогикалық кеңес болып өтті.

Қатысуға тиісті : 49 мұғалім

Қатысқаны : 27 мұғалім

Қатыспағаны : 22 мұғалім

Күн тәртібінде:


Майбұлақ жалпы орта мектебіндегі «Озық іс –тәжірбие тарату педагог мәртебесі» атты аудандық семинарадың өтілу барысы жайлы

Тыңдалды :


Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сөз алған мектеп директоры Ә.Балабеков аудан мектептерінен келген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне мектепте өтілетін «Озық іс –тәжірбие тарату педагог мәртебесі» атты семинарды ашық деп жариялады. Бұдан кейін сөз алған өзін-өзі тану пәнінің әдіскері Н.Белгібаева аудандық семинарға қатысуға келген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне тәжірбие алмасып, жаңалық алып кетулеріне сәттілік тіледі. Келген 27 мұғалім сабақтарға бөлінді.

Алдымен бастауыштың 2-сынып жетекшісі Ж.Ташкенбаеваның «Салауатты отбасы »атты сабағына енді. Сабаққа енген С.Әбдіжаппаров мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Байсыдыкова Гүлнар сабақтың жалпы құрылымын өте жақсы ұйымдастырылғанын,оқушылар көрініс көрсете отырып тақырыпты аша білді деп өз пікірін ,ойын айтып өтті.

Талқыланған келесі сабақ Майбұлақ жалпы орта мектебінің өзін –өзі тану пән мұғалімі П.Оразбаеваның «Адам және адамзат» 7- сыныпқа өткен сабағына өз пікір айтылды. Сөз алған Бегманов Мейіржан сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің тақырыпты кең көлемде ашқанын, тиімді қолданғанын атап жеткізді.

Үшінші сабақты талдау кезінде С.Сейфуллин мектебінің ұстазы Мурадимова Гулзия апай сөз алды. Есіркеп батыр мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Тұрдықұлованың сөз саптауына және оқушыларды өзіне қарата білетін ерекшеліктерін айтып, тақырыпты еркін меңгергенін ерекше атап өтті. Сабақ мақсатына жеткенін айқындады.



6- сынып оқушыларымен «Отбасы татулығы»атты сабағын өткен, Жаңаталап мектебінің мұғалімі Н.Еркебаевтың «Мен және қоршаған әлем» атты сабағы талданды. Қазақбаев мектебінің ұстазы Әбдір Айнұр сөзін жалғастырды. Ол сабақтағы ерекшелік- латын қарпінде жазғанын атады. Мұғалімнің сабақ жоспары мен сөздерінің ерекше назарда болғанын айтты. Оқушылар сабақта топқа бөлініп, әр топ өз бетінше керемет қорғап шықты. Сабақ соңында «Өміріме немқұрайды қарама» атты ән орындалып сабаққа қатысқан мұғалімдерге жақсы көңіл -күй сыйлады.

Семинардың қорытынды сөзін әдіскер Н.Белгібаева алды. Жалпы өтілген сабақтардың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып,семинардың өтілу барысы қортындыланды.

Шешім:

1.Майбұлақ жалпы орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінен өтілген

«Озық іс –тәжірбие тарату педагог мәртебесі» атты семинар өз дәрежесінде өтті «қанағаттанарлық» деп табылса ;


2.Сабақ берген мұғалімдерге айтылған кемшіліктерден қорытынды шығарылса;


3.Семинарға атсалысқан мұғалімдерге АББ-нен марапаттар ұсынылса;




Жиналыс төрағасы : Ә.Балабеков

Жиналыс хатшысы: П.Оразбаева









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.04.2019
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі