400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

«Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге оқу қызметке
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру салалары. Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз»

Мақсаты:

Білімділік: Жыл басы-Наурыз туралы мағлұмат беру, Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Сәндік аппликация дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Алдын ала жұргізілетін жұмыс: Наурыз мерекесі жайлы әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: Үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қонақжай халық

Билингвальді компонент: жыл басы-начало года

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Себепті қызығушылы

ғын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме!» - деп, сәлемдесіп аламыз.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.



Балалар шеңбергек тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

-Балалар , наурыз айында болатын қандай мерекені білесіңдер?

22 Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі-жыл басы.

Бұл күнде әжелеріміз наурызкөже жасап, үй аралап қонаққа барады.

Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастархан жаяды. Қазақ халқы қонақжай халық.

Сөздік жұмыс:

Қонақжай халық

-Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз.

-Балалар, кілемді немен әшекейлесек болады?

-Балалар, гүліміз қандай фигураға ұқсайды?

-Сабағының түсі қандай екен?

Билингвизм: Жыл басы-начало года.

Негізгі бетке (фон) қызыл түсті кілем беріледі.

Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз.

Ал сабағын, одан сәл төменірек, гүлдің астына жапсырамыз. Осылайша кілемнің 4 бұрышына 4 гүлді жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп - өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

-Балалар, Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс өткізеді

Балалардың жапсырған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.

-8 Наурыз.

-Аналардың, әжелердің мерекесі.

-Иә келеді.



Қайталайды: Қонақжай халық.

-Гүлдермен әшекейлейміз.

-Төртбұрышқа ұқсайды.

-Жасыл.

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Рефлексия:

-Тәрбиеші балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді.

-Балалар, меркеге орай, бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз.

Балалрды мадақтайды.

-Балалар өз ойларымен бөлісіп, тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді.

Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді

Қандай түсініктерді игереді: Ұлттық мейрамды, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Кілемді гүлмен безендіруді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі