жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Наурыз мерекесіне арналған сценарий. : «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!»
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз
( ертеңгілік сценариі)
Музыка залы әсем ою-өрнектерімен безендірілген, ортаға шаңырақтың керегесі, уығымен және оның ішінде оюланған көрпешелер төселген, сандық, домбыра аспабы мен бесік қойылған.
Мақсаты: Балаларға ұлттық-ұлағатты тәрбие бере отырып, қазақтың салт-дәстүрімен таныстырып, әдет-ғұрпымызды қадірлей білуге үйрету. Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
жүргізуші:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық
2- жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке,бұл тойдың
Бастанғысын жасайық
( шашу шашылады)
Ұлттық киімдер киген балалар «Наурыз» әнінің әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: - Қонақтар, ата-аналар, әріптестер сіздерді ұлыстың-ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүрегімізден құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілейміз,ақ мол болсын, қайда жүрсеңіз де жол болсын деген тілекпен балаларымыздың дайындаған шағын ертеңгілігін ұсынамыз.
Ән: «Наурыз-біздің жаңа жыл».
Ортаға сән салтанатымен Наурыз келеді.
Наурыз: Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Төгілтіп ән – күй жырды,
Мейрамдайық бұл күнді.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы мен болам!
Жүргізуші: Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің
Осы тойға ортамызға келіп, айналаны гүлге ораған, Наурыз аруы, төрлетіңіз. Біздің өнерімізді тамашалаңыз. Біздің бүлдіршіндер өзіңізге арнап тақпақ айтып, би билеп береді.
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
Өзгеше бүгін леп,
Желпінтер көңілді. (Расул)
Күн күліп көктен,
Шуағын төккен.
Келді наурызым,
Сағынып күткен. (Мөлдір)
Наурызды халқымыз,
Жыл басы деп санайды.
Көнермеген салтымыз,
Көп елдерге тарайды. (Ғабдол Ғани)
Наурыз келді қалаға,
Наурыз келді далаға.
Қуанышқа бөленді,
Үлкен –кіші бала да. (Айлин)
Наурыз тойы –тамаша,
Наурыз тойы- жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса. (Нұртай)
Күн мен түн теңелді,
Күнде ұзарам мен енді.
Гүлмен жерді жайнатып,
Гүлден, наурыз,сен енді. (Ару)
Наурыз -это утро года
В мир приносит радость и свет.
Звуки песни радуют сердце
Нам весна посылает привет.(Роман)
Праздник радостно встречаем
Мы в республике родной.
Весь народ мы поздравляем
С Наурызом и весной. (Эвелина)
Наурыз-это праздник веселья
Наурыз-это праздник весны. (Максим)
Наурыз-это праздник цветения
Наурыз-это праздник любви. (Амина)
Наурыз пришел к нам в дом
Поселил веселье в нем.
Накормил нас от души
До чего ж мы хороши! (Маргарита)
Наурыз пришел в дома
Значит, кончилась зима!
Угостим мы всех гостей
Хватит ведь на всех сластей.(Назар)
Би: «Қара жорға».
Наурыз: Балалар, сіздер қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіндер? («Теңге алу», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Ұшты – ұшты»).
Ойын: «Қыз қуу».
Наурыз: Ой, балалар, өздерің өңерлі екенсіңдер. Сендер менің көңілімді көтеріп тастадыңдар. Мен енді басқа да балабақшаларға барып, олардың өнерін тамашалайын. Қош сау болыңыздар.
( Залға Мират кіреді, қолында шақыру билеттері бар)
Мират: - Салеметсіңдер ме достарым, армысыз халайық!
Жүргізуші. Салеметсің бе Мират, қош келдің, төрлет!
Мират: - Достарым, менде бүгін үлкен қуаныш болғалы жатыр, менің інімнің тұсау кесу рәсімі болады, соған сендерді қонаққа шақыра келдім.
Жүргізуші. - Құтты болсын. Балалар Мираттың үйіне қонаққа барғыларың келе ме?
Балалар: - Ия, барайық
( Балалар залды бір айналып, Мираттың үйіне келеді, балаларды Мираттың әжесі мен анасы қарсы алады)
Балалар: Салеметсізбе әже,
Әже: - Бар болыңдар балаларым, наурыз құтты болсын.
Тәрбиеші: - Әже, сіздің үйіңізде үлкен қуаныш болғалы жатыр деп естіп, қуаныштарыңызбен бөлісуге келдік
Әже: - Қош келдіңдер, бүгін менің немеремнің тұсау кесу рәсімі.
Тәрбиеші: - Әже біздің балалар тұсау кесу рәсіміне құр қол келген жоқ, өздерінің өнерлерін де ала келді.
Ән: «Әжем менің айдай».
Әжем менің, ақ әжем
Аппақ әжем, пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз әрі әсем.
Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Көктем келіп шуақты
Балаларды қуантты.
Алақай-ау,алақай
Бақтар жайнап,гүл атты.
Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
Бау бақшада жайнаған
Құстар әні төгілді.
Тәрбиеші: - Әже ақ демекші, сіздің дастарханыңыздан көже тағамын көріп отырмыз, балаларға наурыз көже туралы айтып берсеңіз.
Әже: - Ұлыстың ұлы күні қасиетті ас-Наурыз көже пісіріледі
Ол өте дәмді болады, оған арпа,тары, бұршақ сүт,айран, құрт,ет секілді 7 түрлі дәмдер қосылады. Су мен тұзды қосқанда көженің құрамы 9болуы тиіс.Халықтың ұғымында 7 мен 9 саны киелі сандар болып есептеледі, сондықтан наурыз көже киелі тағам болып саналады
Тәрбиеші: Наурыз тойы мереке
Наурыз тойы, жыр-аңыз
Қызыл думан, береке
Қызық ойын бастаймыз.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Әже: - Немеремде ұйқысынан оянған сияқты, тұсау кесу рәсімін бастауға болады
Тәрбиеші: - Балалар қане бәріміз ортаға жарты шеңбер жасап тұра қояйық.
( Залдан анасы бөпені алып келеді)
Али: Әже, бөпенің тұсауын не үшін кеседі?
Әже. - Балалар, бөпенің аяғын ең жүйрік, епті, шапшаң, сүріншек емес адам кесу керек,тұсауын кескен адам бір жерде отырмай, кескеннен соң үйді айналып жүгіріп келу керек. Сонда бала тез, шапшаң жүріп кетеді.
Сабина: - Әже, бөпенің аяғын неге ала жіппен байлайды?
( Әже Сабинаның сұрағына жауап береді)
Әже: - Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассан мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін. (Баланың тұсауын кеседі)
2 қыз бөпені жетектеп :
Жорытқанда жолың болсын
Қыдыр-ата жолдасың болсын.
Арғымықтай жүйрік бол
Асқар таудай биік бол.
Әже: - Балалар, менің қуанышыма келіп, өз өнерлеріңді көрсеткендеріне рахмет. Бұл тойдан құр қол кетпеңдер.
(Әже балаларға бауырсақ үлестіреді).
Балалар: - Рахмет әже.
Тәрбиеші: - Әже сізге үлкен рахмет біздерді қонаққа шақырып, наурыз көже туралы, тұсау кесу рәсімі туралы көп мәлімет бергеніңіз үшін , біздіңде сізге дайындаған сыйлығымыз бар, қабыл алыңыз.
( Әжеге сыйлық беріледі)
Тәрбиешінің қорытынды сөзі.
Балалар топқа қайтады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген