400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Наурыз мерекесiне арналган "Улыстын улы куны"сценариi

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарга,улгi ретiнде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!

(Наурыз Думан әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.)

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік Ән «Хоровод весенный»

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме! Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің 
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!


Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар бүгін біздің «Шұғыла 1» балабақшасында үлкен наурыз той болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Жүргізуші: Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтымаққа шақырған күн! Наурыз-татулықтың, достықтың мейрамы. Ендеше, думанды мерекемізді бастаймыз. Ән «Наурыз»

«Көктем» биі «Күншуақ» тобы

Жүргізуші: «Күншуақ» тобының жыр шумақтарын қабыл алыңыздар

Дәулет:Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен

Наурыз сән-салтанат,ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

Кәусар: Ал,халайық,тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Абдуазиз: Наурыз тойы-тамаша

Наурызтойы-жаңаша

Табиғат та тамаша

Тамылжып тұр жараса.

Анель:Наурыз тойы-салтанат

Наурыз тойы-мархабат

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап.

Алихан: Наурыз тойы-береке

Наурыз тойы- жыр-аңыз

Қызық думан мереке

Қызық думан құрамыз.

Інкәр:Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық,бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне.

Алижан: Наурыз-достық,Наурыз-күн

Барша халық бірлігі

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Оркестор Қасық-Дәулет,Арафат,Абдул.

Бубин- Алижан,Нұрлыхан,Алихан.

Барабан-Нұрали,Нұрали Ұлықбек.


Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлері бар. Бүгін біз қыз ұзату рәсімін жасаймыз. «Қыз ұзату» бәйтерек тобы


Жүргізуші: Келесі кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз. «Бәйтерек» тобының жыр шумақтарын қабыл алыңыздар

Рауан:Уа,халайық,халайық, Мұнда назар салайық.

Биші қыздар билесін

Кәне, қарсы алайық!

Айша:Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз шырқатып

Би билейміз бәріміз

Хасан:Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы

Кәусар:Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Жанқожа:Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
"Көгерсін"деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

Би: Қамажай «Бәйтерек» тобы

Ән: «Бәйтерек» тобының орындауында «Мен қазақтың қызымын»

Жүргізуші: Келесі кезекті «Өркен» тобының мерекеге арналған айтыскер ақын балаларымызды ортаға шақырамыз

«Өркен» тобының жыр шумақтарын қабыл алыңыздар Алияр: Наурыз келді тамаша Ән айтамыз таласа Атам, әжем той тойлап Қуанып жүр балаша Би билейміз тамаша! Раяна: Наурыз келді құт болып Мына бізге сүт болып Аққа ауызымыз толады Бар жақсылық болады. Балнұр: Наурыз келді еліме Наурыз келді жеріме Байлық бақыт тілеймін Бүкіл қазақ еліне! Аружан: Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырасып бәріміз. Сұлтан: Наурыз тойы, Наурыз тойы, Құтты болсын ағайын. Наурыз тойы, Наурыз тойы, Келді біздің Жаңа жыл!
Би: Қара жорға «Өркен» тобы

Жүргізуші:Наурыз — жыл басы, наурыз — қуаныш мерекесі. Наурыз — бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық. Ән: «Өркен» тобының орындауында «Наурыз көктем»

Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

Ойын: «Қыз қуу»  бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін

Ойын : Қол күрес

Әже: Менің балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!

Жалпы би биленеді «Наурыз думан»

Жүргізуші:Осымен наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі