«Қош келдің,Әз-Наурыз»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Қыздарыңыз да қасында
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы
Жүргізуші: Төрлетіңіз наурыз қыз, дастархан басына жайғасыңыз.
-Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі. Наурыз - бақыт пен шаттықтың мерекесі.
Наурыз – ол көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы әнімізді шырқайық
ӘН: «Солнечная капель»
Жүргізуші:Келесі кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Әнел:
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!
Мадина:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Злата:
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Амина:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Айдана:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық
Дима:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап трмайық,
Тойға шашу шашайық
Мансур:
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Арман тойы халықтың.
Қош келіпсің Наурыз!
Марк:
Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурыз!
Данил:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Адиль:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Таймас:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Илья:
Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Алимхан:
Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Жүргізуші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
-Әндетіп жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Жүргізуші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Жүргізуші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.
Ойын: (Асық ойыны)
Жүргізуші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)
Жүргізуші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
Қарсы алыңыздар
БИ: «Где живут улыбки?»
Наурыз қыз: Наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.
Жүргізуші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі.
Наурыз қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді.
Игра: «Юрта»
Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)
ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Дұрыс айтасыңдар ,Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады олар: сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
(Наурыз қыз кіріп келеді қолында кішкентай сәбиі бар)
Наурыз қыз: “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Әже: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
(Әже құндақталған сәбиді қолына алады)
-Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай деп қоямыз, сенің атың “Наурызбай”, сенің атың “Наурызбай”, сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық!
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Әже: Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты
Наурыз қыз: Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Әже: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем
ӘН: «НАУРЫЗ»
Жүргізуші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз мерекесіне сценарий

шағым қалдыра аласыз