жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Наурыз мерекесіне тәрбие сағат жинақтары
Тақырыбы:
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты
тәрбие сағаты
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін
тойлауы туралы толық мағлұмат беру,
халқымыздың
салт
– дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып,
«Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін
ашып көрсету.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа,
ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар,
суреттер.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата –
аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі
Ұлыстың ұлы – Наурыз
Мерекесімен
шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі
болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың
ұлы күні» атты
тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді
келіп жеткен көктем мерекесімен
құттықтап, сіздерге
шаттық
тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің
қайта
басталатын
күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы,
қанатына маржан тағып қараторғай
жеткенде
көктемнің
алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп
жатқан қар еріп, көл – көсір су болып
ағады. Өсімдік
ұйқыдан
оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді
жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз
тойын
тойлайтын
Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын,
ұлыс оң болсын!
Хор
«Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен
бірге жырлашы.
Дастарханға
елімнің,
Береке,
ырыс сыйлашы.
Ата
– бабам тойлаған
Әз
– Наурызым, армысың!
Жанбота:
Уа халайық, халайық
Ақ
сандықты ашайық.
Бұл
мереке бұл тойдың
Шашуларын
шашайық!
ӘдІлет:
Армысың Наурыз,
Қуаныш
боп, кір төрлет!
Ел
болып саған,
Көрсетіп
жатыр сый – құрмет!
Рысгүл:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған
салтымыз.
Кең
даламның ежелгі,
Қазақ
деген халқымыз.
Өзге
ұлттай біздің де
Бар
дәстүр мен салтымыз.
Диас:
Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ
нұрға әлем боянды
Наурыз
тойы береке
Тіршілік
жаңа оянды.
Нұрасыл:
Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы
шалқысын,
Әз
Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы
балқысын.
Жаңғырар
дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ
жалғасып,
Қастерлі
менің халқымның мереке Наурыз жыл
басы!
Би
«Қамажай»
Жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып
көріскен
Жаңа
ағытқан қозыдай
Жамырасып
өріскен.
Сіздердің
әділ істеріңіз
Ғасырлар
бойы тынбайды.
Аңыз,
дастан жырлардан,
Жастар
оқып тынбайды.
Аружан:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса,
Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма
шалқыдым,
Ашылады
нұрымыз
Осынау
байтақ елімде
Айтылады
жырымыз
Диана:
Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын
қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың
ұлы күні паш етейік,
Белгісін
достықпенен мәңгіліктің.
Асылзат:
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс
адам қалмасын некен – саяқ.
Ән
шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын
уақыт келді өнерді аяп.
Әлихан:
Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер
жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты
жаранға
Жайып
келші, бар ізгі.
Ару:
Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым
саған бар үмітін арнапты.
Жылда
осылай келе бергін жасарып,
Гүлге
бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Ән
« Шақырады көктем»
Ойын
«Орамал тастамақ»
Жүргізуші:
Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді
ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт
– дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ
атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз
сәтті күні бәрімізде,
Үлкен,
кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз
қадірменді қонақтар,
Гүл
– гүл жайнап мына біздің төрімізге –
деп ендігі кезекті Наурыздағы салт –
дәстүрлерге берсек.
Айдарбек:
Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін
көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы
шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш
көргендер «Наурыз келдің бе?» деп
шақырып, жем шашады.
С.
Гауһар: Наурызнама – шат – шадыман,
ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі
ойындар өткізіліп, наурыз жырлары
айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер
жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді.
Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан
жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге
сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар
береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.
Т.
Гауһар: Наурызша – Наурыз айында жұп –
жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық
«Наурызша» деп атайды.
Айкөркем:
Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның
өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың
пейіліне жарасады,
Әр
үйде дастарханға толған асы.
Есенжан:
Наурыз қайтып оралады, аты да
аңыз,
Сұрамаймыз
алғыста, ақы да біз.
Кең
дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы
мейрам – Наурызға шақырамыз.
Бекзат:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік,
жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы
қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды
кеңге созшы, уа халайық.
Би:
«Қара жорға»
Жүргізуші:
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен
түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл
сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық
пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке,
бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың
ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын.
Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның
көк тасы еріп, жылғалардан су ағып,
бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл
әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен
теңестіреді.
Наурыз
келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды,
жаңғырады маңдайым.
Назды,
сазды науан Наурыз, армысың!
Ақ
әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері
туралы айтып береді. «Бесікке баланы
бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін
көрсетеді.
Жүргізуші:
Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру
үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар,
жамағат!
Ұлыс
оң болсын,
Ақ
мол болсын.
Қайда
барсақ жол болсын!
Ұлыс
бақты болсын,
Төрт
– түлік ақты болсын!
Ұлыс
береке берсін,
Бәле
– жала жерге енсін»
Ұлы
халқым тоқ болсын»
Көйлектерің
көк болсын!
Қайғы
– уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың
көп болсын!
(Әумин)
Ойын:
«Сақина салу»
Жүргізуші:
Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап
әнге салайық.
Хор:
«Домбырасыз ән қайда»
Жүргізуші:
Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»
атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл
қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт
– түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін.
Наурыз құтты болсын!
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру
арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін
көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары,
дастархан.
Жүрісі:
І.
Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім:
Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!
Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз
келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз
– «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің
ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл
басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі
құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп
аталған Наурызда денсаулықтарыңыз
мықты болсын, тілектеріңіз қабыл
болсын!
Олай
болса, тойымызды «Қара жорға» биімен
ашайық.
Би
«Қара жорға» оқушылар бір мезгілде
билейді.
1-жүргізуші:Наурыз
– көктем мерекесі.
Наурыз
– жыл басы.
Наурыз
- жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші:
Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт
пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар,
халайық.
Наурыз
тойын жұп жазбай
Жылда
қарсы алайық.
Хор:
«Наурыз той».
1-оқушы:
Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр
оқиық тамаша.
Жарыса
өнер көрсетіп,
Той
тойлайық жаңаша.
2-оқушы:
Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық
жаз жетті.
Мейрамы
ежелден
Құтты
болсын Наурыз!
Көрініс:
«Сүйінші»
Ата-ана
сүйінші туралы мағлұмат береді.
Сүйінші.
Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың
өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі
мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш
әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау
қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде
жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты
хабарды жеткізу үшін ат ерттеп мініп,
түзде жүрген атаның немесе әкенің
алдынан шығып, сүйінші сұрайтын
болған.
Сүйіншіге
хабаршы не сұраса соны берген. Ол
біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты
хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса,
екіншіден жақындықтың белгісі болып
саналған. Тіпті үстіндегі киімін,
сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші
сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде
кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе
бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның
құрметіне жасалған.
Бала
туғанда баланың әкесінен, атасынан
немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай
алдынан шыққан адам ұл болса, «Ат ұстар»
деп, қыз болса «қырық жеті» деп
хабарлаған.
4-оқушы:
Күн менен түн теңелді,
Жер
шуаққа кенелді,
Қуанышта
ел енді.
Наурыз
келді салтымыз:
Көгерсін
деп халқымыз
Көшеге
тал егеді.
Наурыз
тойы – береке,
Наурыз
тойы – жыр-аңыз.
Мұғалім:
Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша
жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың
алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі,
сол себепті наурыз жыл басы саналады.
Көрініс:
«Шашу»
Келін
түсіру тойында ауылдың әйелдері көштің
алдынан шығып шашу шашады.
«Шашу»
биі. Орындайтын қыздар тобы.
10-оқушы:
Наурыз көже – Наурыз тойына тән,
көпшілікке арналған мерекелік тағам.
Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары,
құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам
түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты
сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға
келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз
көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды
жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа,
татулыққа, бірлікке шақырады.
11-оқушы:
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық,
малта ағы бар,
Ішілетін,
жейтіннің
Бұл
көжеде бәрі бар.
12-оқушы:
Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде
айтылатын халық ауыз әдебиетінің
түрлерінің бір саласы. Оның түрлері
халық арасында өте көп тараған.
13-оқушы:
Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын
досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп
аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай
көктемнің тарайды әні.
Көктем!
Күн нұрын көктен төккен.
Көктем!
Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің
көктем – шалқар мерекесі,
Танытар,
ырыс – құтын берекесі.
Наурызда
думанын ұластырып,
Мәпелеп
аялаған ел еркесі.
Киіз
үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды
таныстыру.
Наурыз
бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға,
жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке
беріледі.
Өркенің
өссін!
Әр
күнің Наурыз күніндей берекелі
болсын!
Ұлың
оңға, қызың қырға қонсын!
Айың
тусын солыңнан,
Жұлдызың
тусын оңыңнан,
Бақ
берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші:
Шашу!Шашу!
Көп
шашайық шашуды,
Жауғандай
кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа,
жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың
болсын көл-көсір.
2-жүргізуші:
Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда
шашу шашу салты елімнің.
Уа,
халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл
болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән:
«Наурыз думан».
"Армысың,әз Наурыз!"
Мақсаты:а)Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқы-
мыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Наурыз
мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру;
ә)Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрі-
мізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын
қалыптастыру;
б)Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,жаңарып,осы
заманғы өмірімізге кірігуіне,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үй жихаздары,дастархан,Наурыз туралы даналық
сөздер,мақал-мәтелдер,шарлар.
Жүрісі:
-Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар!Әні мен сәні жарасқан "Армысың,әз Наурыз" атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Оқушы: Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу,
Біздер үшін бақ бүгін.
Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын,
Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы,
Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқан.
-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.
Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.
Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!
Оқушы: Наурыз келсе,құт келгені,халайық
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)
Оқушы: Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.
-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.
Оқушы: Наурыз келді!Жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді.
Жер бусанып,құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді.
Оқушы: Армысың,Наурыз,
Мереке,ырыс,береке.
Қош келдің,сені
Күтуде бүгін кең өлке.
Оқушы: Армысың,Наурыз!
Қуаныш болып кір,төрлет.
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет!
Оқушы: Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар,балалық!
Келді Наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып.
Наурыз келсе,халайық,
Есік ашып,шашу шашып,қол соғып,
Ұлысты қарсы алайық!
Наурыз ару: Мен көктем мезгілінің алғашқы айы болуымды мақтан етемін.Неге десеңіздер,жер бетіндегі барша мұсылман қауымының асыға,сағына күтетін мерекесі-жыл басы-Наурыз да менімен келеді емес пе?Ендеше,достығы мен туыстығы,бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліме Наурыз тойың құтты болсын демекпін.
Оқушы: Жарқыра,жайна,Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке,байлық,дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын.
Оқушы: Жаңғырар дәртүр-салтымыз,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз-жыл басы.
Оқушы: Құтты болсын жаңа жасың,қазағым,
Берекелі тоқтамасын базарың.
Биылғы жыл берекелі Қоян жыл,
Арта берсін елдің көркі,қазағым.
Хор: Көктем әні
Оқушы:Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап,би билейтін қауым болып,
Тұрмайық,уақыт келді өнерді аяп.
Оқушы:Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Оқушы:Наурыз тойың,Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Ән: Наурыз әні
Мұғалім: Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттан,жанар таудан қашпайық.
Арқан тарту,асық ойнау,күрес,қыз қуу ойындарын көрсету.
Оқушы: Қош келдің,Жаңа жылым,
Қош келдің,жаңа күнім!
Айқара құшақ ашып,
Қарсы алды дала бүгін.
Мұғалім: -Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.
Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті
атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және
төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,
тауық,ит,доңыз.
6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?
-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелі-
неді.Оған жүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.
Оқушы: Жүргендей жылды мақтап,
Түлік жүр қырда ойнақтап.
Балалар аққа тойып,
Уыздай болды аппақ.
Оқушы: Күн,әне,сәуле шашқан,
Құс,әне,әнге басқан.
Қайда да той-мереке,
Дірілдеп жырға ұласқан.
Оқушы: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
Би:Қаражорға
Оқушы: Қоян жылы кел,төрлет,
Ел достығын өркендет.
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз.
Жарқырайды күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Оқушы: Құт береке,Наурыз айым келді деп,
Жер түледі,жасыл желек желбіреп.
Айналайын,атамекен,кең далам,
Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.
Мұғалім: Тыңдаңыздар,өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын,ауылдасым.
Тағы да келіп жетті уақытымыз,
Жырлайтын қазағымның дәстүр-салтын.
-Ия,Наурыз тойына жиналған халайық!Ойын-тойымызды жалғастырайық.Той-тойға ұлассын.Бүгінгі күн-салт-дәстүрімізді жаңғыртып,көсегеміз көгерген күн.
Оқушы:Айтпақшы,бүгін Қапиза әжейдің үйінде қуаныш,той болады деп естідім.Ендеше,бекер отырмайық."Қызықтан құр қалма" деген,неге ойын-тойды тамашаламасқа?!Кеттік,Қапиза әжейдің үйіне.(Кетеді)
Сахнаға атасы мен әжесі шығады.
Атасы: Ау-кемпір,оның-мұның дайын болды ма?Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.
Әжесі: Ой, байғұс-ай, тек құлынымның жаны қалсын десейші!
Өзгесін сонан соң көре жатармыз(Көрермендер залынан бір топ балалар шулап жүгіріп,сахнаға көтеріледі)
-Сүйінші!Сүйінші!
-Дүниеге жас нәресте келді!
-Көкем ұлды болды!
-Ата-әже,сүйінші!Өмірге немерелеріңіз келді!
Атасы:Рахмет,қарақтарым!Рахмет,міне,сүйіншілерің.Ала қойың-
дар,қарақтарым,ала қойыңдар(Балаларға кәмпит,тиын береді)
Әжесі: Ала қойыңдар,құлындарым.Қуаныш бәрімізге ортақ.
(Келіншек шығады)
Келіншек: Ата,әже,немерелеріңізді әкеле жатыр.
Дауыстар:
-Немереңіздің бауы берік болсын!
-Қуаныштарыңыз қызықты болып,ұзағынан сүйіндірсін!
-Жақсылық жақсылыққа ұлассын!
Атасы: Қарақтарым,орта толсын.
(Екі келіншек сәбиді үйге алып келеді.Әжелер жас нәресте жолына шашу шашады.Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді)
Әжесі:Ой,құлыным-ай,өмір жолың ұзақ болғай!Тіл мен көзден аман болғай!Тіфә!Тіфә!Ал,атасы,немереңді сен ал қолыңа!
Қонақ әже:Жо-жоқ,кезекті алдымен бізге бер.Біз атасынан көрімдік аламыз.
Әжесі:Алыңдар,алыңдар,міне,атасы екеуіміздің көрімдігіміз (Көрімдігінбереді)Төрлетіңіздер,отырыңыздар,құрметті қонақтар.Дәмнен ауыз тиіңіздер!Бүгін біздің үйімізде той-думан,немереміздің дүниеге келген күні.
Атасы(Немересін қолына алады)Бақытты,өмірлі бол,қарағым!
Оқушы:Ата,немереңізге ақ жол тілеп,батаңызды беріңіз.
Атасы:
Құлыным,үлкен жігіт бол,
Халыққа сенім үміт бол.
Ата-анаңа,баршаға,
Ұлы бақыт,қызық бол.
Бар қазақтың ұлы бол,
Көл қауымның дүрі бол.
Өзің берік бұтағым,
Қайда жүрсең тірі бол.
Әумин!!!
Әжесі:Құрбыларым,келін,сіңлілерім!Ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болады.Қымтырылмай,кең отырыңыздар!
Қонақтар:Рахмет,Қапиза,ризамыз саған.Немереңнің бауы берік болсын.
Қапиза әжей: Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы,ауылдың алты ауызын айтайық.
Абзал: Жарайды,айтсақ айтайық.Дүниедегі ең қымбат жан-ана.Ана баланы өмірге әкеледі.Ана балаға өмір бойы қамқор болады.
Ән:Ана туралы жыр.
Қонақтардың біреуі:-Біз өзімізді марапаттап жүргенде,әкелерді де ұмыт қалдырмайық.
-Дұрыс айтасың.Ендеше,әке туралы бір ән айтайық.
Қонақтар:Иә,біраз отырдық.енді мына дәмге,келген жас сәбиге ақ батамызды берейік(Бата беріледі).Бесікке салу рәсімі.
Қапиза әжей:Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңызға рахмет айтамын.Енді қырық күннен кейін шілдехана тойын жалғастырмақ ойымыз бар.Одан бұрын жас сәбиге азан шақырып ат қою-парызымыз.Сол рәсімге қатысуға шақырамыз.
Ал,мынау той жыртысы.Алыңыздар, тойымыз тойға ұлассын!
(Қонақтар ризашылықпен аттанады)
Мұғалім:Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Азамат боп еліне біздің жігіт,
Тұғырына биіктен қона берсін.
Оқушы: Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш,бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел,бәрің,бәрің!
Осымен,құрметті қонақтар,"Армысың,әз Наурыз" атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Сөз кезегі өздеріңізге беріледі.
Наурыз тойы көктем тойы,көңіл тойы,
Жақсылық жаусын бәріңе,өмір бойы.
Осы тоймен құттықтап үлкен-кіші баланы,
Сәлеммен,мектеп директоры бірінші сөз алады.
Сөз кезегі ата-аналарға,ұстаздарға беріледі.
Енді бәріңізді наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.
Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш,бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел,бәрің,бәрің!
Атасы: Ау-кемпір,оның-мұның дайын болды ма?Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.
Әжесі: Ой, байғұс-ай, тек құлынымның жаны қалсын десейші!
Өзгесін сонан соң көре жатармыз(Көрермендер залынан бір топ балалар шулап жүгіріп,сахнаға көтеріледі)
-Сүйінші!Сүйінші!
-Дүниеге жас нәресте келді!
-Көкем ұлды болды!
-Ата-әже,сүйінші!Өмірге немерелеріңіз келді!
Атасы:Рахмет,қарақтарым!Рахмет,міне,сүйіншілерің.Ала қойың-
дар,қарақтарым,ала қойыңдар(Балаларға кәмпит,тиын береді)
Әжесі: Ала қойыңдар,құлындарым.Қуаныш бәрімізге ортақ.
(Келіншек шығады)
Келіншек: Ата,әже,немерелеріңізді әкеле жатыр.
Дауыстар:
-Немереңіздің бауы берік болсын!
-Қуаныштарыңыз қызықты болып,ұзағынан сүйіндірсін!
-Жақсылық жақсылыққа ұлассын!
Атасы: Қарақтарым,орта толсын.
(Екі келіншек сәбиді үйге алып келеді.Әжелер жас нәресте жолына шашу шашады.Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді)
Әжесі:Ой,құлыным-ай,өмір жолың ұзақ болғай!Тіл мен көзден аман болғай!Тіфә!Тіфә!Ал,атасы,немереңді сен ал қолыңа!
Қонақ әже:Жо-жоқ,кезекті алдымен бізге бер.Біз атасынан көрімдік аламыз.
Әжесі:Алыңдар,алыңдар,міне,атасы екеуіміздің көрімдігіміз (Көрімдігінбереді)Төрлетіңіздер,отырыңыздар,құрметті қонақтар.Дәмнен ауыз тиіңіздер!Бүгін біздің үйімізде той-думан,немереміздің дүниеге келген күні.
Атасы(Немересін қолына алады)Бақытты,өмірлі бол,қарағым!
Оқушы:Ата,немереңізге ақ жол тілеп,батаңызды беріңіз.
Атасы:
Құлыным,үлкен жігіт бол,
Халыққа сенім үміт бол.
Ата-анаңа,баршаға,
Ұлы бақыт,қызық бол.
Бар қазақтың ұлы бол,
Көл қауымның дүрі бол.
Өзің берік бұтағым,
Қайда жүрсең тірі бол.
Әумин!!!
Әжесі:Құрбыларым,келін,сіңлілерім!Ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болады.Қымтырылмай,кең отырыңыздар!
Қонақтар:Рахмет,Қапиза,Ризамыз саған.Немереңнің бауы берік болсын.
Қапизаәжей: Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы,ауыл-
дың алты ауызын айтайық.
Абзал:Жарайды,айтсақ айтайық.Дүниедегі ең қымбат жан-ана.Ана баланы өмірге әкеледі.Ана балаға өмір бойы қамқор болады.
Қонақтардың біреуі:-Біз өзімізді марапаттап жүргенде,әкелерді де ұмыт қалдырмайық.
-Дұрыс айтасың.Ендеше,әке туралы бір ән айтайық.
Қонақтар:Иә,біраз отырдық.енді мына дәмге,келген жас сәбиге ақ батамызды берейік(Бата беріледі)
Қапиза әжей:Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңызға рахмет айтамын.Енді қырық күннен кейін шілдехана тойын жалғастырмақ ойымыз бар.Одан бұрын жас сәбиге азан шақырып ат қою-парызымыз.Сол рәсімге қатысуға шақырамыз.
Ал,мынау той жыртысы.Алыңыздар, тойымыз тойға ұлассын!
Оқушы: Жүргендей жылды мақтап,
Түлік жүр қырда ойнақтап.
Балалар аққа тойып,
Уыздай болды аппақ.
Оқушы: Күн,әне,сәуле шашқан,
Құс,әне,әнге басқан.
Қайда да той-мереке,
Дірілдеп жырға ұласқан.
Оқушы: Наурыз тойың,Наурыз тойың
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,би төгілсін
Шырқап әнге салайық.
Оқушы: Қоян жылы кел,төрлет,
Ел достығын өркендет.
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз.
Жарқырайды күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Оқушы: Құт береке,Наурыз айым келді деп,
Жер түледі,жасыл желек желбіреп.
Айналайын,атамекен,кең далам,
Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті
атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды адамды кім деп атайды және
төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,
тауық,ит,доңыз.
6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?
-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сұр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелі-
неді.Оған жүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.
: Қош келдің,Жаңа жылым,
Қош келдің,жаңа күнім!
Айқара құшақ ашып,
Қарсы алды дала бүгін.
Оқушы: Жарқыра,жайна,Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке,байлық,дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын.
Оқушы: Жаңғырар дәртүр-салтымыз,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз-жыл басы.
Оқушы: Құтты болсын жаңа жасың,қазағым,
Берекелі тоқтамасын базарың.
Биылғы жыл берекелі Қоян жыл,
Арта берсін елдің көркі,қазағым.
Оқушы:Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап,би билейтін қауым болып,
Тұрмайық,уақыт келді өнерді аяп.
Оқушы:Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Оқушы:Наурыз тойың,Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Оқушы: Наурыз келді!Жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді.
Жер бусанып,құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді.
Оқушы: Армысың,Наурыз,
Мереке,ырыс,береке.
Қош келдің,сені
Күтуде бүгін кең өлке.
Оқушы: Армысың,Наурыз!
Қуаныш болып кір,төрлет.
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет!
Оқушы: Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар,балалық!
Келді Наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып.
Наурыз келсе,халайық,
Есік ашып,шашу шашып,қол соғып,
Ұлысты қарсы алайық!
Оқушы: Наурыз келсе,құт келгені,халайық
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)
Оқушы: Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.
Оқушы: Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу,
Біздер үшін бақ бүгін.
Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын,
Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы,
Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқан
Оқушы: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды
«Қош
келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие
сағаты
Мақсаты:
Оқушыларға
Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес,
ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын
түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан -
ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық
тәрбие туралы түсінік беру.;
Өлең,
мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын
дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру;
Ата
- ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін
ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт
- дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын
сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
безендірілген зал, қазақы үй, ұлттық
бұйымдар
Өту
барысы:
(
Сахнада тігілген үй, безендірілген,
жаюлы дастархан тұрады)
Көркем
сөз: «Сәлем көктем»
Оқитын:
Нұрғали Ғабидулла + Лекеров Дастан
(қолдарында гүлдері бар)
Сәлем,
көктем!
Сәлем,
көктем,
Мен
қайтадан туылдым,
Көк
аспанның күмісімен жуындым.
Көк
мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ
арманның бүрлейтінін ұғындым.
Сәлем,
көктем,
Таңғы
самал ескенде,
Бұлт
гүл болып өскенде,
Дәл
мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк
шөппенен жыр жазбаған еш пенде.
Сәлем,
көктем,
Өрнек
қандай су салған,
Жасыл
қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас
шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар
исін жұта берем жусаннан.
Сәлем,
көктем,
Өліп
кетпеу үшін мен,
Күннің
нұрын жүрегіме түсіргем.
Аспан
асты – керемет той, аста - төк,
Ағыл
- тегіл жұлдыз нұры ішілген…
Бірге:
Сәлем,
көктем,
Өркеш
- өркеш томарың…
Сәлем,
көктем, қаз - үйректім, қоғалым!..
Қаулап
шықты жауқазындар сүт аңқып,
Қауызында
сақталса еді обалым!..
Сәлем,
көктем!
Кіл
еңбекқор, кіл асқақ
Құмырсқалар
жағдайымды сұрасқан.
Көңілімнің
оркестрін ойнатты,
Тырналардан
нота түзген мына аспан!..
Ән:
«Шақырады көктем»
Орындайтын:
(Кемпір
мен шал келеді.)
Шал:
Оразбек
Кемпір:
Бала:
Болат
Келін:
Жақсыгүл
Кемпір:
Ух! Шал екеуіміз талай үйге кіріп шықтық,
ағайын – жамағат, көрші – қолаңға жақсы
ниетіміз бен тілегімізді білдірдік.
Бір көрісіп қуанысып қалдық. Уақыт
біршама болып қалыпты, келін шырағым,
адыраспан әкелші, үйді аластап
жіберейін.
(үйді
аластайды)
Алас
- алас, әр пәледен алас!
Қараңғы
– жарыққа, ызғар – жылыға,
Қара
– аққа ауыссын! Жамандық кет!
Бәле
– жала кет! Алас! Алас!
Сор
– баққа, кесір – киеге.
Жоқ
– барға ауыссын! Жамандық кет!
Бәле
– жала кет! Алас! Алас!
Балалар
төрге қос шырақ жағыңдар. Үйдегі ыдыс
атаулының бәрін аққа, ырысқа, кәусәр
бұлақтың суына толтырып қойыңдар.
(үйде
абыр – сабыр әрекет жасалады, төрге қос
шырақ жағылады)
Кемпір:
Жыл бойы ақ мол болсын! (Ыдысқа ақ
құяды).
Келін:
Дән тасқын - тасқын түсімге бай болсын!
(ыдыстарға бидай, тары салады).
Болат:
Ата, әже, осы бүгін қандай күн өзі. Таң
атқалы әмір жоқ.
Үйді
жылан жалағандай тазалап, түрлі - түрлі
тамақ әзірлеп, үстімізге бір киер
киімімізді киіп алдық. Бұрын «жат, жат»
деуші едіңдер, бүгін міне түн ортасы
болды әлі ұйықтаған жоқпыз.
Әжесі:
Балам, бүгін ерекше күн. Наурыздың 21 -
ші жұлдызы. Осы түні даланы Қызыр
аралайды. Бүгінгі түн «Қызыр түні».
Болат:
Ата, Қызыр деген кім?
Атасы:
Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ
қондыратын, аяулы бабамыз жақсылықтың
жаршысы. Жаңа түскен күн рәмізі –
Қызыр
баба даланы кезіп жүріп, назары жерге
түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал
тасқа түссе, тасты ертіп жібереді
екен.
Күн
сәулесі жер шарының Шығыс бөлігінен
таңғы сағат 6 – да себездеп атқан кезде
біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат
3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан қазақ
халқы Жаңа жылды 22
наурыз
күні таңғы сағат 3 - те қарсы алады, дәл
осы сәтте даланы Қызыр баба аралап,
Самарқанның көк тасын ерітсе керек.
Сондықтан осы күнді асыға күткен
үлкендер:
Самалық,
самалық,
Көк
құс көзін ашты ма?
Аяғын
жерге басты ма?
Самалық,
самалық,
Самарқанның
көк тасы,
Жібіді
ме, көрдің бе?
Самалық,
самалық,
Қап
тауының көк құсы,
Жүгірді
ме, көрдің бе? – деп қойнында көжегі,
қолында нәуірезегі бар балаларына сұрау
қойған.
І
Жүргізуші:
Жаса
Наурыз, жаса көктем,
Жаса
достық, күн, тіршілік.
Болсын
ұмыт, мұңдар өткен,
Мейірімділік
күлсін шығып.
Наурызда
жаңа жыл басталады, Естіледі көктемнің
асқақ әні.
Ақ
көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына
келген тәй - тәйлап жас баланы.
Наурызда
жаңа жыл басталады.
Жаңа
жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер
ана да бусанып қозғалуда,
Ақ
көрпесін сыпырып тастағалы.
ІІ
Жүргізуші:
Көктемді
жыл басы, табиғат жаңашылы деп білеміз.
Өйткені, көктемде ұйықтап жатқан аң
оянады, жер көктейді. Сай - сала суға
толады, алғашқы гүлдер шығады, құстар
мекеніне қайтады.
Наурыз
мейрамы – Шығыс халықтарының көпшілігінде
мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда
болған, көктем мен еңбектің ежелгі
мерекесі.
Наурыз
– бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең
әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.
Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі
қанды соғыстар, дау - жанжалдар тоқтатылып,
адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін
ұмытып, кешірімге келіп, татуласып,
табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын
жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм
татысып, өткен - кеткеннен сыр тартып,
барша адам баласына жақсылық, аманшылық
тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Би:
«Шашу» биі
Орындайтын:
(осы
кезде әжелер шашу шашады, келіндер 7
күлше таратады).
ІІ
Жүргізуші:
Бұл
күн – күн мен түннің теңелетін, жан –
жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа
тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған
күн.
І
Жүргізуші:
Наурыз
– бақыттың бастамасы, жақсылықтың
жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге
гүл сыйлаған, халық қастерлейтін
күн.
Бірге:
Ұлыстың
ұлы күні, құтты болсын ағайын!
Тәрбие сағат тақырыбы: Наурыз мейрамы
Тәрбие сағат мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ән: «Наурыз»
1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.
1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Ата толғау»
Мұғалімнің құттықтау сөзі.
2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету.
Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,- деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.
1 – жүргізуші: Құрметті халайық! Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма? Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.
2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей барыс жылын шығарып салайық. /барыс жылы келеді/
1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет барыс жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Барыс жылы: - Мен де халқыма дән ризамын! Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қоян жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 – жүргізуші: Барыс жылының құрметіне «Баласы ауырған ана» тамашасын қабыл алыңыздар.
Ән: «Сенің анаң алтын»
1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қоян жылын ортаға шақырайық. /Сахнаға жүгіріп Қоян шығады/
2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қоян жылы. Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!
1 – жүргізуші: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
2 – жүргізуші : Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын! ●
Ән: «Ағажан»
● Сыған қызы билеп шығады
1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?
Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/ Жол ашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.
2 – жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар. 1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!
2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!
1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!
2 – жүргізуші Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан бір кісіден ортаға шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.
1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге Алас, алас Алас, алас Әр бәледен қалас Ескі жыл кетті, Жаңа жыл жетті. Айдан аман Жылдан есен болайық!
2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/
- Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе?
- Көктем боп Наурызымыз келдің бе?
- Бүрлеген қайынды көрдің бе?
- Күлкісін сәбидің көрдің бе?
- Құс қанатын сабылтып келдің бе?
- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?
● Ән: «Айналайын»
1
– жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз
мәресіне жетт
Тәрбие сағат тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Тәрбие сағат мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер;
Жүргізушілер: Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған. Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған. Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.
Оқушы: «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
Ән: «Наурыз» Қуанышева Д., Кушенова А.
Оқушы: Наурыз неге жыл басы?
Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.
Оқушы: Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған. Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
«Қара жорға» биі
Оқушы:
Наурыз атаулары, Наурыз көже Наурыз
мейрамына байланысты мынадай атаулар
бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама,
Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры,
Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек,
Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім,
Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр,
Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның
көк тасы Ұлттық ойындар ойнау Сондай-
ақ, Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне
тілек білдірген: Ұлың ұяға, қызың қияға
қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы
бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын
соңынан! Бақ берсін, Қыдырдарысын! Ұлыс
оң болсын, Ақ мол болсын!
Сабақтың тақырыбы: Наурыз – думан
Мақсаты: 1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту.
3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді. Үнтаспадан күй, халық әуендері беріліп жатады.
Мереке ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз айы болғанда» әнімен басталады.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын!
1 - жүргізуші: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2 - жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
1 - жүргізуші:«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
2 - жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр. Наурыз тойы тамаша, Наурыз тойы жаңаша. Табиғатта тамаша, Тамылжып тұр жараса. Наурыз тойы салтанат, Наурыз тойы мархабат. Әр жүректен ән тарап, Шаттанады шартарап. Наурызды
1 - жүргізуші: Ақ бұлақтарды ақтартып, Шың - құздарды шаттатып, Тізбектеп тырналарды, Сүйгізіп сырғаларды, Шоршытып балықтарды, Шапшытып арықтарды, Тербелтіп наз қайыңдарды, Төгілтіп жаз жайында әнді, Қаздарды қаңқылдатып, Найзағай жарқылдатып, Айтып ертегіңді, Жайып желкеніңді, Жеттің бе, әз - Наурыз!!!
2 - жүргізуші: Армысыздар, үлкен - кіші ағайын! Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн. Бүгін – Жаңғыру мейрамы! Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл! Ендеше, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, 6 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, жан – жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге: Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
Наурыз - қыз: Сәлем Ата - аналар! Айналайын Балалар! Халқым менің аман ба? Жаса жайлы заманда, Уақыт үдеп келдім мен, Бақыт тілеп адамға. Қудым жерден суықты, Қырдан салқын бу шықты. Ұлыс күнге бүгін мен, Жеттім міне асыға. Келген жылым, Жақсылыққа басташы. Қуанышпен әр үйдің, Босағасын атташы. Келген жылым, Болсын дәйім бақытты.
2 - жүргізуші: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен адамдар татуласқан.
Мұғалім: «Амал келді. Жыл келді» Жыл басында Нұр жауған түн – Қызыр түн; Жыл басының алғашқы суы – Қарғын; Жыл басының қары – Ақша қар, Құс қанаты; Жыл басының алғашқы күні – Ұлыстың ұлы күні - Ұлыс күн; Жыл басының алғашқы желі – Жыл айналып жеткен Алтынкүрек; Жыл басының алғашқы төлі – Дүбіраяқ; Жыл басының бірінші сүті – Уыз; Жыл басының бірінші құсы – Жылқышы торғай, Нәуірзек; Жыл басының бірінші көгі – Бәйшешек, Наурызшешек; Жыл басының бірінші асы – Жер асы – Наурыз көже, Көп көже; Жыл басының бірінші тілегі – “Ауызды ақтан айырмасын, қызылды уақтылы көрсетсін”; Жыл басының бірінші құттықтау сөзі –“Жасың құтты болсын!”; Жыл басының бірінші белгісі – Көрісу; Жыл басының бірінші сәлемі – “Ұлыс бақты болсын! - Төрт түлік ақты болсын! - Ұлыс береке берсін! - Пәле - жала жерге енсін!”; Жыл басының бірінші нысаны – Самалық айту Жыл басының бірінші сый тағамы - “Ұйқыашар” Жыл басының алғашқы сыйлықтары – “Діреткізер”, “Селтеткізер”. Жеті түрлі дәмнен: соғымнан қалған ет, қойдың басы, сүт, тұз, сүзілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және сәбізден қазан толы наурыз көже пісірілген. Жеті түрлі дәмнен пісірілген наурыз көже Алланың Көктегі Нұрын кемелдендірген. Жеті дарияның белгісі іспеттес. О бастағы түсінік бойынша наурыз көжеден дәм татқан кісі Көктегі жеті даналықтың дариясынан да сусындайтын секілді. Сол себепті наурыз көжені үйме - үйді аралап жүріп ішкен. Ғарыштағы Жеті дарияны қазақ елі о баста «Жеті қазына» деп атаған болуы керек. Жеті дарияның таңбасы: Аспан әлемінде – Жеті қат көк. Төменгі әлемде – Жеті қат жер. Ортаңғы әлемде – Жеті түс. Саз әлемінде – Жеті дыбыс, т. с. с. Күн мен Түн теңелген сәтте Алланың Нұры Жер әлеміне жеткенше Жеті қат көкті шарлап өтеді. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6 - да себездеп атқан кезде біздің өмірімізде бұл сәт 21 наурыздың түні, 22 наурыздың таңғы сағат 03. 00 - ке тұспа - тұс келген. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22 наурыздың таңғы сағат 03. 00 - де қарсы алған. Ата - бабамыздың нанымы бойынша көктен жауған Нұр жерге Қызыр баба кейпінде түскен. Әдетте халқымыз Қызыр бабаны «Саумалық» айтумен қарсы алған
. Саумалық Саумалық, Саумалық,
Қап тауының көк құсы,
Ұйқыдан көзін ашты ма?
(Барлығы – ашты, ашты)
Аяғын жерге басты ма?
(Барлығы – басты, басты)
Саумалық, Саумалық,
Қап тауының көк құсы,
Жүгірді ме, көрдің бе? (Жүгірді, жүгірді, көрдік, көрдік)
Саумалық, Саумалық,
Самарқанның көк тасы,
Жібіді ме, көрдің бе? (Жібіді, жібіді, жібіді)
Саумалық, Саумалық,
Жаңа келген жақсылықты,
Көрдік пе, көрмедік пе? (Көрдік, көрдік, көрдік)
Саумалық, Саумалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл келді! (Жыл келді, Жыл келді!)
Саумалық, Саумалық,
Сүті көп, көмірі аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.
1 - жүргізуші: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!
2 - жүргізуші: Тамашаға толтырып тұнық төрді, Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді, Барша үйге бақыт боп, береке боп, Жанарынан нұр шашып күліп келді. Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қызыр бабамыздың ақ батасын алайық. (Қызыр ата бата береді).
Оу аман ба жарандар
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!
1 - жүргізуші: «Бүркіт» ұлттық ойыны Ал, кәне, балалар, «Бүркіт» деп аталатын бір қызық ұлттық ойынды ойнап көрелік. Болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.
2 - жүргізуші: Наурызда ойналатын ойындарды жалғастырып 6 сынып ұлдары арасында «Қол күшін күрестіру» ойындарын көреміз.
1 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2 - жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке
1 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер, Бір - біріңе еріңдер. Білімдеріңді тексеріп, Бір таласып көріңдер. Келесі кезекте «Сен білесің бе?» викториналық сұрақтардың жауабын тауып шешейік.
2 - жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін, Көңілдерге жақсылық қона берсін. Береке күннен - күнге тола берсін, Ырыс - құт басыңыздан аса берсін. Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде, Еліміз ілгері аяқ баса берсін.
1 -
жүргізуші: Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын
сәніңе! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын
бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын
бойыңа! Аман – есен жетейік. Келер Наурыз
тойына!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген