400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Наурыз той"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздара арналған көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық  тұлғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген  сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 

І. Ұйымдастыру кезеңі 

- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат етіңіздер! 
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!- дей келе
Қыздардың би
і

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. 


наурыз

Жақсыма ма,ата халіңіз

Менің атым наурыз

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді қыс қалды,

Қар еріді су ақты

Алып келдім шуақты

 

Бүгін наурыз күні деп

Бүкіл адам күлімдеп

Әркім қалап бір  істі

Әрекетке кірісті

Наурыз көже - жыл дәмі

Той дәміне тойыңдар

Тойдан кейін ойын бар

Той-тамаша көріңдер

Билеп ән сап билеңдер

 Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Айым

Ашылды  да кебеже

Дәм әзірлеу бастталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар

Көже -елдің ырзығы

Айым

Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 

Жантөре

 - Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық

кади: Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз

Әділет: Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық

Арай Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!

Айсулу Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың

жантөре: Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық



Хор: Наурыз- Көктем
Мұғалім Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі.
Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.

Жұмбақ 
- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін -------------- апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз -------------- апайымызға беріледі. 

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата  тыңдайық. 
Рахмет! 
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

































наурыз

Жақсыма ма,ата халіңіз

Менің атым наурыз

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді қыс қалды,

Қар еріді су ақты

Алып келдім шуақты

 Бүгін наурыз күні деп

Бүкіл адам күлімдеп

Әркім қалап бір  істі

Әрекетке кірісті

Наурыз көже - жыл дәмі

Той дәміне тойыңдар

Тойдан кейін ойын бар

Той-тамаша көріңдер

Билеп ән сап билеңдер

 Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Айым

Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 







Жантөре

 - Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық

кади: Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз

Әділет: Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық

Арай Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!

Айсулу Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың

жантөре: Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық



















Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі