400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз тойы (орыс мектептеріне арналған)

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған сценарий бағдарламасы орыс мектептеріне арналып дайындалған. Әріптестеріме көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кең болсын қазағымның керегесі,

Құтты болсын Наурыз мерекесі»

думан тойының бағдарламасы

Мақсаты: оқушыларға наурыз мерекесі жайлы түсініктерін кеңейту,қазақ халқының салт дәстүрлері мен ұлттық ойындарын насихаттау.

Сахнада «Наурыз» әні немесе «Адай»,«Әлқисса», «Әке толғауы», «Сарыарқа - Ұлытау» күйі ойнап тұрады.

Сахнада қазақтың киіз үйінің көрінісі, кереге,түлкі,домбыра, дастарқан,көрпеше, түскиіз, қамшы,сандық.

Сахна көрінісі:

Ұлыс күні бір бірімен құшақтасып көріскен той адамдары.Асық ойнаған,күресіп күш сынасқан жас балалар,арқан тартқан балалар,билеп жүрген қыздар,ертегі кейіпкерлері сахнада.

Жүргізушілер сахна сыртынан :

Наурыз игілік мейрамы.Наурыз мейрамын бүкіл мұсылман қауымы тойлайды.Бүгін Ұлыстың ұлы күні біздің білім ордамызға келіп жетті.Үлкен кіші қуанып, құшақ жая қарсы алуда.


Фанфары.

(Балалар жүгіріп шығады) (Дети выбегают)

Оқушы: Яна

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталады,

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге!

Көргендер де армандар,

Көрмегенде армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Оқушы: Рамазан

Слушайте все! Слушайте все!

Веселый праздник Наурыз сегодня мы встречаем,

И дверь в весну в который раз мы снова открываем.

Как солнце ярко светит и землю согревает

Пришла весна и добрый луч планету согревает.

Здравствуй, праздник Наурыз!

Фанфары.

«Балбырауын» күйі ойнап тұрады.

1 жүргізуші:

Армысыңдар, халайық !
Бармысыңдар, халайық !
Келді наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып ,
Наурыз келсе құт келгені, халайық !
Есік ашып, шашу шашып, қол соғып,
Ұлысты қарсы алайық !

2 жүргізуші:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп, жатыр міне маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы.

Қуат болып даламызға тарайды.


1 жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты достар, ардақты ата –аналар,аяулы ұстаздар! Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!

2 жүргізуші:Құрметті қонақтар,ардақты ағайын!Көктемнің ақ жарқын Наурыз мерекесі құтты болсын! Науан наурыз құт береке әкелсін, дей отыра әсем әнді қабыл алыңыздар.

«Шақырады көктем» Орындайтын : Аружан Аширова


2 жүргізуші:


Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлан ғайыр керілсін керегесі.


1 жүргізуші:

Наурыз келіп көктем сазы білінер,

Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,

Наурыз ай шаттықпенен нұр берер ,- дей отыра

осы Наурыз мерекесіне орай «Наурызнамамызды» бастаймыз.


(Наурызнамаға шыққан балалар бір бірімен құшақтасып тілек айтады.)


«Ерке сылқым» күйі ойнап тұрады.


Оқушы :

Армысыздар,аға-іні, бауырлар,

Қарындастар, әпке деген қауым бар

Жарқын жүзді ұстаздарым, армысың,

Наурыз – тойға хош келіпсіз барлығың!

Оқушы:

Жаңа жылға жаңа тілек тілейік,

Ескі жылдың қадірін де білейік

Алдағы жыл орындалсын армандар,

Барлығымыз аман-есен жүрейік!

Оқушы :

Есте қалсын мерекелік сәтті күн,

Тойлайық біз Наурыз-тойдың шаттығын

Билеңіздер,ойнаңыздар куанып,

Біз ашайық той-думанның сандығын

Оқушы :


Ақ қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның бұл келген,

Күн мейрамы ежелден,

Құтты болсын Наурыз!

1 жүргізуші:

Көктем тойы - әніміз.

Көркемөнер сәніміз.

Әсем әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

2 жүргізуші:

Қара жорға болмаса,

Бидің сәні кірер ме?

Кең етек көйлек кимесе,

Қыздың сәні кірер ме?

Бүгінгі наурыз тойына бастауыш сынып оқушыларының дайындап келген «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.


Би: Қара жорға


2 жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай
Биыл да қарсы алайық
Досқа құшақ ашайық,
Өлең, жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!


1 жүргізуші:

Қазақтың тойы шашусыз өткен емес. Халайық,тойымызға шашу алып келген ақ әжелерімізді қарсы алайық.

Армысыздар, әжелер!

«Шашу» күйі ойнап тұрады.

1-әже Сақып Жунисалиевна

Бар бол, балам!Амансыңдар ма балапандарым!Ақ мол болсын,қайда барсаң жол болсын!Етегіме сүрініп –қабынып шашу шашайын деп мен де келіп қалдым.

2-әже:Гүлсім Орынбасаровна

Армысыңдар ,халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Бәріміз міне бас қосып,

Мейрамды қолға алайын,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Наурыз шашуын шашайын!

(Әжелер наурыз шашуын шашады)

Шашу шашып жатқанда оқисыңдар:

1 жүргізуші:

Қашан да құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

2 жүргізуші:

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын халқымның ақ тілеуі.

1 жүргізуші:

Күй күшті,істі,еңбекті сүйдіретін,

Тамырын тас емшектің идіретін.

Жарлының тілек күйі,жүрек күйі,

Өмірді күлдіретін, білдіретін.... дей отыра, «Көңіл толқыны » күйін қабыл алыңыздар.


Күй : «Көңіл толқыны» (бейнебаянмен бірге)


1 жүргізуші:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,

Жаңа жылым жыр думанмен басталған.

Ақ дастархан жайып қазақ төріне,

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.

2 жүргізуші:


Ау,халайық! Ұлыс күні салтымыз бойынша Қызыр бабадан ақ батасын алайық.


Қызыр баба шығады:

Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын,

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!



2 жүргізуші:

Қош келдің, Наурызым, төрлет бері,
Ән жырым жауқазындай өрнектелді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады халқымның келбеттері.

Кезекті әсем әнді қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

Шалқытып,мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегіден бізге жеткен,

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

2 жүргізуші:

Қарсы алыңыздар! Біздің қонақтарымыз Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасыр


Көрініс.

Ортаға Алдар көсе,Тазша бала,Қожанасыр билеп, елді күлдіріп шығады.

Алдар :Ау,Қожеке,ұлыс оң болсын

Қожанасыр:Оу,Алдеке,айтқаның болсын.

Алдар:Қожеке,осы жаңа жылда жаңа ай туады дейді.Сонда ескі айды қайтеді екенбіз?

Қожанасыр:Соны да білмейсің бе? Сындырып,сындырып жұлдыз етіп шашып жібереміз .

Тазша :Амансыздар ма, халайық, ұлыстарың оң болсын!

Қожанасыр:Айтсын, рахмет тілегіңе.Бірақ осы кім екеніңді танымай тұрғанымыз.Мыңның жүзін білгенше, біреуінің атын біл,дейді.Ныспыңды айтшы,қарағым?Қайдан келесің?

Тазша:

Алда,қарағым ай,баяғыда біреу,

Әкемді сұрасаң жетесіз,

Шешемді сұрасаң некесіз,

Туа салған бір баламын,

Тегімді сұрап не етесіз?

Хан алдына асып,сасып,

Өтірік айтып,басын қасып,

Бәріне таныс тазша баламын,

Бүгінде ақшасын шытырлатып санатқан,

Жиын тойда спонсор боп, көпті өзіне қаратқан

Тазша мырза мен боламын!

Қожанасыр:Е,бәсе бәсе.Тазша сен екенсің ғой.Біз сені танымай тұрғанбыз.

Тазша:Е,достар,дүние алма кезек деген.Еліміз егеменді ел болып,жекеменшік заң шығып,бір кезде құлдырықтың басына шығып,мал қараушы едім.Енді бүгін бір фирманың бастығы болып, астыма машина мініп,бүкіл ел маған қарайды.

Қожанасыр:Оу, тазша мырза! Сіз қалай ойлайсыз? Осы ХХІ ғасыр адамдары осы Алдекеңе тартқан ау.Айтқаны өтірік,аттағаны ала жіп болған ба деймін?

Алдар:Е,Қожеке!Заманың түлкі болса, тазы боп қу деген,қолыңнан келсе мен сияқты қоныштан бас.Өздерің істей алмайсыңдар, істеген адамды көре алмайсыңдар.

Тазша:Жә жә ,баяғы әдеттерің қалмаған ба?Оданша менің әкелген сыйымды көріңдер.

Тазша қалтасынан планшет шығарып, биші қыздарды не әншіге тапсырыс береді.


Қазақ биі.Орындайтын сегізінші сынып оқушылары. Луиза мен Кристина

1 жүргізуші:

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, деп Абай атамыз айтқандай, қарсы алыңыздар « »

әні.

 1 жүргізуші:

Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Бізбен бірге бірігіп,

Ұлттық ойын ойнаңыздар.

2 жүргізуші:

Ән салыңдар ,би билеп шаттаныңдар!

Ұлыстың Ұлы күнін атқарыңдар.

Жадырасын бұл күні бүкіл өмір

Жығылмасын бәйгеге шапқан ұлдар!

 «Адай» күйі ойнап тұрады.

Ұлттық ойын: Білектесу .Ортаға алты жігіт шығып, күш сынасады.

 1 жүргізуші:

Біздің жігіттеріміз батыл да қайсар екен.Мұны бәріміз тамашаладық.

Тарту етіп әз Наурызға бір биді,

Сұлу қыздар дөңгеленіп билейді.

Ер жүрек жігіттеріміздің құрметіне қазақ биі. Орындайтындар : бесінші сынып оқушылары

2 жүргізуші:

Туғаннан соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең.

Жұрт атайды « надан деп».

 1 жүргізуші:

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

2 жүргізуші:Тойға келген қауым!Енді сіздер қазақ халқының ұлттық дәстүрі бесікке салуды тамашалаңыздар.

Ақ әжелер, ортаға келіңіздер!

Келіндер, баланы дайындаңыздар.

«Детство» күйі ойнап тұрады.Мейрамбек Бесбаев «Бесік жыры» әні ойнап тұрады.

«Бесікке салу» (Укладывание в колыбель)

1 жүргізуші:
Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен,

Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз тойдың жырымен.

Әсем әнді қабыл алыңыздар.Қазағымның дәстүрлері ай. Орындайтын : Әділет
    1 жүргізуші:

Жаса Наурыз, тойымыз!

Жаса, көктем тойымыз!

Ақын тойды басқарсын!

Алқалы той басталсын!

2 жүргізуші:


Бөленген дала,қала қырмызыға,

Қарамас келбетіне кім қызыға.

Халқына наурызын қайта оралтқан,

Рахмет туған елдің ұл қызына.


1 жүргізуші: Жасай берсін жаңа күн!

2 жүргізуші: Жасай берсін жаңа жыр!


Хормен жүргізушілер:


Құтты болсын наурыз той!

Құтты болсын Жаңа жыл!


1 жүргізуші: Біздің бүгінгі наурыз мерекесіне арналған тойымыз аяқталды. Келесі кездескенше,сау болыңыздар.

   

2 жүргізуші: Амандықпен жүздескенше!

Хормен барлық қатысушылар: «Атамекен» әні .


Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1069
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі