№31 «Күншуақ» мектепке
дейінгі ұйым
«Наурыз – ұлыстың ұлы
күні!»
(ертеңгілік)
Өткізгендер:Онкалбаева
С.Ж
Нурмагамбетова
Д.С
Ақтөбе – 2019
жыл
Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз
мерекесін тойлау.Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым
түсінік беру.Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл
мұрасын қадірлеп, қастерлеуге,қасиетін түсінуге баулу.Балаларды
ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып білуге,сыйлап түсінуге
үйрету..
Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Босқа қарап
тұрамаңыздар.
Наурыз тойы
басталды.
Көргендер арманда
Көрмегендер де
арманда,
Қызықтан тыс
қалмаңдар.
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ
киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып
отырады.
Жүргізуші:Армысыздар ,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен
Наурыз тойымыз да келіп жетті.
Тойларыңыз құтты болсын!Бұл айда жылдың
алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі,сол себепті Наурыз жыл
басы болып саналады.
Тақпақтар: Ө.Нурислам Нұрханым, Бекзат,
Айхан, Аяжан
Жүргізуші:Балалар біздр Ұлыстың ұлы күні ақ бата алып ,
шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:Наурыз Әже мен Наурыз
ата
Жүргізуші:Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыратамызды
шашуын шашуға Наурыз әжемізде қонаққа келіп
қалыпты.
Қыдыр ата: Сұрасаң бата
берейін
Үстем болсын
мерейің
Ықыласпен қол
жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол
болсын.
Наурыз әже:
“Наурыз келсе ,құт келгені
халайық”
Есік ашып, шашу шашып,Ел болып қарсы
алайық”
Жүргізуші:-Әумин Наурыз ата батаңыз қабыл
болсын. Әжемізге арнап ән айтып берейік.
Ән: “Әже”
Би: “Шашу биі”
Ал балалар Наурыз тойында қазақ халқының
ұлттық ойындарын ойнайық.
1.”Арқан тартыс”
Ойын шарты: ойнаушылардың саны он баладан көп
болмаганы жөн.Ойынға ұзындығы сегіз он метрекі ұшы түйілген арқан
керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата
байланады.Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады
да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір ,екі деп санап шығады.Содан
кейін екі дегендері жұп біржаққа , бір дегендері тақ екінші жаққа
бөлінеді.
«Қол
күрес»
Ойынның мақсаты: Жылдамдық –
күш сапасын мақсатты дамыту. Балаларды құрбыларының қимылдарын
бағалауға үйрету.Ойынның шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің
үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын
жымдастыра тік ұстайды, қолының күші көп ойыншы қарсыласының қолын
жерге тигізуі керек.
Наурыз
әже: Құрметті қонақтар менің жеті
түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңіздер!Ақ мол
болсын.
Қорытындылау.