Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Наурыз-ұлыстың ұлы күні"
Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
15 Қараша 2018
468
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық сынып сағаты: « Наурыз- ұлыстың ұлы күні»
Сыныбы: Сынып жетекшісі:
2017-2018 оқу жылыТақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні »Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.І. Қонақтарды қабылдау.ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.ІІІ. «Наурыз – ұлыстың ұлы күні » тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.2 - Халық әндерімен билерін тамашалау.3 - Ұлттық салт- дәстүрлерден көрініс 4 –, Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.1 жүргізуші: Орынбаев СерікАрмысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз- бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген қкпе реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.Кең болсын қазағымның керегесі,Кетпесін Алла берген берекесі,Алаштың баласына нәсіп болған,Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!2 жүргізуші: Оралбаева БалаусаНаурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңкылдап қаздар келетің, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.1 жүргізуші: Орынбаев СерікСалауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық ,тазалық пен татулық сыйлаған НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын! Дендеріңізге амандық-саулык, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз!2 жүргізуші: Оралбаева БалаусаСерік ағай сіз білессіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.1 жүргізуші: Орынбаев СерікИә, иә, Балауса менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақа таратып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
2 жүргізуші: Оралбаева БалаусаЕрітіп қарын даланың,Жинатып гүлін саланың.Жетелеп жұмсақ самалын,Келді Наурыз – жыл басы.Күлімдеп қарап күміс күн,Аспаның бүркіп пүліш түн.Ұлы күні Ұлыстың,Келді Наурыз – жыл басы!Наурыз туралы өлең ұ шумақтары: Орындайтын: Орақбаева Нұрболған, Аманова Мөлдир, Идрисова Мөлдир;1 жүргігізуші: Орынбаев Серік Жылдың басы наурызЖердің басы наурызМерекеге арналғанБүгінгі жыр-әнімізӘн: «Жаса, Қазақстан» орын: Малдыбаев Дамир2 жүргізуші: Оралбаева Балауса Наурыз-шаттық әніміз,Салтанатты сәніміз.Ән салып, жас пен кәріміз,Би билейік бәріміз.Би «Қазақ биі» ор: Сазанова Жанерке, Омарова Маржан1 жүргізуші: Орынбаев СерікАл, халайық, тұрмайық,Әндетейік жырлайық!Ортамызды ашайық,Ырыс тілеп бұл жылға,Жырдан шашу шашайық!Ән « Мереке » орындайтын: Кесикбаева Венера, Аманова Мөлдир 2 жүргізуші: Оралбаева Балауса Бауырласқан тәніміз,Бұзылмаған антымыз.Кең даланың ежелгі,Қазақ дейтін халқымыз.Өзге ұлттай біздің де,Бар дәстүр мен салтымызКөрініс: «Қыз ұзату»1 жүргізуші: Орынбаев СерікӘн салыңдар, би билеп шаттаныңдар, Туған жері-түп қазығы айбыны,Туған тілі-сатылмайтын байлығы.Туған дәстүр-салт санасы тірегі,Тағдырына шуақ шашар үнемі.«Бесікке салу» салт-дәстүрін тамашалаңыздар.1 жүргізуші: Орынбаев СерікКелесі тамашалайтындарыңыз Би «Қара жорға» орын: Орынбаев Серік, Оралбаева Балауса, Абдиев Нұрахмет, Омарова Маржан;2 жүргізуші: Оралбаева Балауса«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қыдыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. 1 жүргізуші: Орынбаев СерікҰлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр. Ауылдың бозбаласы:Сыражадин Айдын оқиды.Ашық болсын қас – қабақ,Таспен атқанды аспен ат.Бейтаныс та, таныс та,Бүгін төрде бас қонақ.Арпа, бидай, тары бар.Ішілетін, житіннің,Бұл көжеде бәрі бар.Ошақта көп шоқ әлі,Астың ауыр обалы.Астан үлкен ешкім жоқ,Қазан ауызы жоғары.Ақсақал жыл дастарханына бата береді.Бата: Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!Қайда барсаң да жол болсын!Ұлыс бақты болсын,Төрт түлік ақты болсын!Ұлыс береке берсін,Бәле- жала жерге енсін!Ұлы халқым тоқ болсын,Көйлектерің көк болсын,Қайғы уайым жоқ болсын,Қуаныштарың көп болсын!ді. Ән: 9 «А» сыныбы ; Ән: «Наурыз –көктем» 2 жүргізуші: Оралбаева Балауса Осымен 9а сынып ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)