Материалдар / «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» ашық тәрбие сағаты . сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» ашық тәрбие сағаты . сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2825
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық 
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген 
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, 
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезені 

- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз -үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 

ІІ. Әңгімелесу 
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген 
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. 

ІІІ. Тақпақтар 

1-ші бала: Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 
2-ші бала: Көктем келді бүгін, 
Күнім төкті нұрын 
Сайрап барлық құстар, 
Ән салуға құштар. 
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат, 
Гүлдер шықты жайнап. 
Қызығып ылғи барамын, 
Қырға шықты ойнап. 
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен, 
Наурыз тойы жырымен, 
Көңіл гүлдей жайнасың. 
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 

6-шы бала: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
7 бала: Наурыз тойы - салтымыз, 
«Көгерсін» - деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 
Тәрбиеші: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) 
8 бала: Сансыз көкек сұңқылдап, 
Көктем келді еркелеп. 
9 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап, 
Бұйра бұлақ еркелеп, 
Көкте бұлттар күркіреп, 
Жерге төкті өрмегін. 
10 бала: Қар су болып жөңелді, 
Қалды дала жалаңаш, 
Күн нұрына кеңелді. 
11 бала: Келіп көктем құстары, 
Бау-бақшада ән салды. 
Оларды жас достары, 
Ұя жасап қарсы алды. 
12 бала: Сүті көп те, көмірі аз, 
Болады ғой Наурыз! 
13 бала: Дастарханда дәніміз, 
Жайдарымыз бәріміз. 
Жарасу бар, жаулық жоқ, 
Қандай жақсы Наурыз! 
14 бала: Көкке бояп өңірді, 
Көктем келді көңілді. 
Бау-бақшада, орманда, 
Құстар әні төгілді. 
15 бала: Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді – жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күні, 
Мейрамында халықтың. 

16 бала: Балалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып. 

ІV. Жұмбақ

ІІ сайыс Жұмбақтар сайысы

1.      Қалқайған құлағы бар,

Төрден алар тұрағы бар (домбыра)

2.      Киген аппақ бөркі бар,

Төбесінде көзі бар,

Тыңдай қалсаң ішінде,

Даңғыр-дұңғыр сөзі бар. (киіз үй)

3.      Бар дәмдіні жинаған

Мерекелі ……… (дастарқан)

4.    7 ағайынды бір-бірден өтер.

саны жетімен бітер (апта, күндер)

5.     Судан алады,

Суға салса өледі (Тұз,

6. Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсеңжылатады. (пияз)

11.  Дүниеде бір айдаһар білесің бе жаны жоқ қимылдауға денесінде

Ішінде сүйектері бақша-бақша

Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде (киіз үй)

Сылыр сұйық су емес,

І,шсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (Сүт)

ІІІ сайыс Наурыз туралы сурет салу

ІҮ сайыс Қазақстың салт-дәстүрлері

1)      Қазақтың салт-дәстүрлерін ата (бесікке салу, шілдехана, сүнет тойы)

2)      Қазақша жиналмалы үй (киіз үй)

3)      Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары (домбыра, қобыз, дауылпаз)

4)      Мал сүтінен жасалған тағамдар: (айран, ірімшік, құрт, май)

5)      Қазақша жаңа жыл (наурыз)

6)      Ұттық ойындар (аударыспақ, асық ойнау, алтыбақан, ақсүйек, ат жарыс, арқан тарту, көкпар тарту)

7. Қазақтын киелі санды---7

 Ү сайыс: Ойын

Көзді жауып, шашылған картопты жинап алу

ҮІ сайыс: Менің өнерім

Шашу шашады.



 

- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 
- Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді. 

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі. 

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 

VII. Қорытындылау 

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. 
Рахмет! 
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық! 
- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар! 



VIII. Ән, би, өлең. 

Біздің оқушымыз БАТА БЕРЕДІ

Наурыз мейрамы құтты болсын

Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын

Қайда барсақ жол болсын!

Халқым тоқ болсын.

Қайғы уайымы жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!