400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Наурызда сен не істейсің?" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Наурызда сен не істейсің?" тақырыбы 3 сыныпқа арналған. Өзге ұлттың балаларына ана тілімізді оқытып үйретуге лайықтап құрылған сабақ жоспары. Даярламада 4 дағдыға байланысты тапсырмалар қамтылған. Сонымен қатар сабақтың мақсатына сәйкес тапсырмалар орын алған. Оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті ескерілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі, сабақ №116

Күні: 17.04.2017 ж.

Сынып: 3

№ 15 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Махтбекова З.А.

Қатысқандар саны: 23 Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Наурызда сен не істейсің?

сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

-Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде наурыз туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

-Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: - наурыз туралы айта алады;

Көптеген оқушылар: - наурызда не істейтіндері туралы қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: -тақырып аясында диалог құрайды

Жетістік критерийлері

- наурыз мерекесі, наурызда не істейтіндері туралы айта алады.

- наурызда не істейтіндері туралы қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады;

-тақырыптық диалог құрайды

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: көшет, көше, ағаш, гүл отырғызады,дастарқан жаяды ұлттық ойын тб.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Наурызда сен істейсің ?

Құндылықтар

Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге қалыптасытыру

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу, дене тәрбиесі, математика

АКТ

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Наурызда ән айтамыз

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алу

-Өткен сабақтың тапсырмасын тексеру.

-Сөздікпен жұмыс; етістіктің 3 шағы туралы түсінік беру

- сұрақтарға жауап алу арқылы наурыз туралы әңгімелесу

-оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс «Сен наурызда не істейсің?»

Наурызда сен не істейсің?- Мен наурызда әжеме көмектесемін.- Сен наурызда әжеңе көмектесесің. Ол наурызда әжесіне көмектеседі.

***Тыңдалым мәтіні: Адамдар Наурыз мейрамына дайындалады. Олар үйді, арықты, ауланы, көшені тазалайды. Аулаға, көшеге ағаш, гүл отырғызады. Аталар бата береді. Әжелер наурызкөже пісіреді. Аналар дастарқан жаяды. Әртістер ән айтады, би билейді. Мен Наурызда ойнаймын.

***Жазылым : сұрақтарға жауап алу

2-тапсырма. Суретке қара. Кім не істеп жатыр? сұрағына жауап жаз.

Үлгі: Әкем көшет отырғызады.

Айтылым. 3-тапсырма. Жағдаят: шетелдік досың Наурыз мерекесі туралы сенен сұрады. Оған осы мереке туралы айтып бер.

4- тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып, құттықтау тілек жаз

Тірек сөздер: сізді, мерекеңізбен, Наурыз мейрамымен, құт-береке, денсаулық, жыл басы, тілеймін, бақыт, табыс. Құттықтау сөзді өзің қалаған бір адамға (анаңа, әкеңе, әжеңе, атаңа, досыңа, ұстазыңа) жаз.

5-тапсырма.өлеңді жаттап ал.

Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн — берік қамалы.

Құт болсын дейік, ағайын,

Жаңа күн, Наурыз қадамы.

/Әли Ысқақбай /

АКТ

Тақта бор

Оқулық

Ауызша мадақтау

Сабақтың ортасы


*** Сергіту сәті. 5-тапсырма.

Оқылым: 6- тапсырма. Сөздерді буынға бөлу. Қазір, көктем, мезгіл, наурыз, сәуір, мамыр,наурызкөже, пісіреді

7-тапсырма. Наурыз тілектерін оқы. Жаттап ал.

Ұлыс оң болсын! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Уайым-қайғы жоқ болсын!

Акт

Ауызша мадақтау

Сабақтың соңы


Бағалау


Үйге тапсырма

рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім – жұмысты жалғастыру қажет

***Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Жаңа сөздер, бата-тілектерді жаттау

смайликтер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлаймын?

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен, смайликтер арқылы бағаланды

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы
сақталды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар белсенді жұмыс жасады. 4 дағды қамтылды. Оқушылар әділ бағаланды. Смайликтер алды. АКТ орынды қолданылды.


Жалпы баға . Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ?

1: Сабақ қызықты өтті. 2: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі қалыптасты, грам. тапсырмаларды дұрыс орындауға ден қойылды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ?

1: деңгейлік тапсырмалар 2: пәнге деген қызығушылық

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылар сабаққа белсене қатысты, өмірмен байланыс болды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі