"Наурызым – асыл айым" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Наурызым – асыл айым" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нарызым – асыл айым

Мақсаты: Оқушыларды халықтық салт дәстүрге баулу. Шығыс халықтарының Наурыз мейрамы мен наурызда жасалатын қазақтың әдеп – ғұрыптарымен таныстыру. Отанды, өз халқын сүйуге, оның салт – дәстүрін құрметтеуге үйрету, Наурыз тарихымен таныстыру.

Жіргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Әні мен сәні жарасқан «Наурыз – көктем, Наурыз –жыр, Наурыз – думанға» қош келдіңіздер! Көктем – табиғаттың жаршысы секілді ғой. Ол – бәрімізге көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын тамаша мезгіл. Наурыз – жыл басы. Мұсылман халықтары наурыз айының 22 – сінде жаңа жылды тойлаған. Наурыз парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз. Балалар бүгінгі тәрбие сабағымызды осы Наурыз мерекесіне арнаймыз.

Наурызым мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Шашу, шашу шашылсын,

Той пердесі ашылсын!

(Қонақтарға шашу шашылады) Жансая, Әмина

Жыр сыйлаған нұр сыйлаған тірлікке.

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Хор: «Наурыз» әні

Ұлыс күні кәрі – жас

Құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен,

Шалдар бата беріскен.

Көрініс: Құшақтасып көрісу.

Елжас :

Амансыз ба?

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын,

Қайда барса жол болсын!

Мирас:

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Нұрасыл:

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін!


Алихан:

Армысың, Наурыз!

Мереке, ырыс береке.

Қош келдің, сені

Күтуде бүгін кең өлке.

Армысың, Наурыз!

Қуаныш болып кір төрлет.

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый – құрмет.

Әмина:

Ниеттерің ақ болсын!

Бастарыңа бақ қонсын!

Тыныш болып еліміз!

Гүл жайнасын жеріміз!

Данияр:

Таза болсын ауамыз!

Тұнық болсын суымыз!

Алланың нұры жаусын!

Алдарыңнан ақ күн тусын! Әумин!

Жүргізуші:

Білесіңдер ме, балалар, Күн сәулесі Жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6 – да атқан кезде біздің елімізде бұл сәт түнгі сағат 3 – ке тұспа – тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы сағат 3 – те қарсы алатын болған. Дәл осы сәттен бастап даланы, ауылдарды, қалаларды Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітіп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, сәуле төккен. Бізге де Қызыр баба келіп қалыпты.

Қызыр баба: Тілеуберген

Қош келіпсің, аманмын,

Арман тойы ананың,

Қуанышы ғаламның,

Құтты болсын қадамың!

Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Денсаулығың зор болсын!

Қарындарың тоқ болсын!

Қуаныш – шаттық көп болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын! Әумин!

Нұрарыс:

Тыңда, ағайын, тыңдаңдар,

Тойда босқа тұрмаңдар.

Наурыз әнін шалқытып,

Наурыз жырын жырлаңдар!

Ақнұр:

Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Жансая:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлап ел енді,

Наурыз салты тойымыз,

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

Кәусар:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Жангүлім:

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Раяна:

Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүр ет пен шұжығы,

Ащы құрты тағы бар,

Көже елдің ырзығы.

Наргиза:

Ашық болсын қос қабақ,

Тас атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қоспақ.

Көже құю, үлестіру. Наргиза, Раяна

Аяна:

Наурыз келді, жыл келді,

Дала жайнап гүлденді.

Көңілдерге қуаныш,

Жүректерге нұр берді,

Наурыз келді, жыл келді!


Инара:

Қырлар көкке оранды,

Құстар қайта оралды.

Жылы шуақ молайды,

Қарлы ызғар жоғалды.


Аиша:

Толған кезі ырыстың,

Қызған кезі жұмыстың.

Келді Наурыз, Жаңа жыл,

Ұлы күні ұлыстың,

Ұлы күні ұлыстың!


Әмір:

Бар жанменен туыспын,

Бар жанменен ұғыстым.

Наурыз достық, ынтымақ,

Ұлы күні ұлыстың,

Ұлы күні ұлыстың!



Немересі: Сезім

Сүйінші... Сүйінші...

Ауылдан әжем келді!

Анасы: Даяна Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мінекей, сыйлығыңды ала ғой.

Анасы: Даяна Сезім, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

Немересі: Сезім Байғазы берсеңіз көрсетемін.

Анасы: Даяна Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

Немересі: Сезім(басына бас киімін киіп тұрып)

Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

Анасы: Даяна Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.

Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,

Жап – жасыл боп кетті дүние жаңғырып,

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Би: «Қара жорға» ұлдар мен қыздар

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Күн әкелген жыл керім,

Күллі дүние жайдары.

«Қамажай» биі

Ұлы күні Ұлыстың Баршамызға құт қонсын!

Наурызында қазақтың ризық несібе мол болсын!

Қоян жылы бақ қонсын! Ел қазаны тоқ болсын!

Берекеге кенеліп

Молшылық әкелген жыл болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2024
265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі