15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурызым- дәстүрім, ізгілігім
«Наурызым-дәстүрім, ізгілігім»
Тәрбие сағатының мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған-Наурыз тойын ерекшелейтін балалардың санасына ұялатып, халқына деген сезімді ояту.
Музыка жіберу: құстың сайрағаны, судың сылдырап аққан дыбысы.
Құрметті қонақтар, ата-аналар, тәрбиеленушілер, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!
«Наурызым-дәстүрім, ізгілігім» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып
Жақсылыққа шаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспанын бүркеп пүліш түн,
Келді Наурыз - жыл басы,
Ұлы күні Ұлыстың.
Наурыз мерекесі- ертеден келе жатқан мейрам. Күн мен түн теңеліп, қыс ызғары кетіп, көктем келеді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп, жаңа жылдың басы санайды. Ол күні адамдар бір-бірімен төс қағысып, сәлемдеседі. Өкпелері болса кешіреді, бір-біріне жақсы ниеттегі тілектер айтады.
Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері бүкіл халық болып тойлануда. 1989 жылы Наурыз мемлекеттік мереке болып жарияланды. Міне, 22-наурыз думан күні.
Наурыз десе-көгімде жүзді күнім,
Наурыз десе-көркейтер жүзді гүлің.
Наурыз деген-ырысым, ынтымағым,
Наурыз деген-дәстүрім, ізгілігім.
(Шашу шашылады.)
Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат ақ тілеуің.- деп шашу шашайық.(Гүлнұр).
Кезекті әнге береміз
Ән «Он алты қыз». Орындайтын: Саленов Темірлан
Наурызға арнап жыр- шашуларын әкелген бүлдіршіндерге кезек берейік.
Дильназ: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды,
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Нұрали: Наурызда жаңа жыл басталады,
Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй басып әз- Наурызды.
Наурызда жаңа жыл басталады,
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер –Анада бусанып қозғалуда
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
Думан: Жаңғырар дәстүр-салтымның,
Көзелсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз- жыл басы.
Нұр Наурыз шырай берер тірлігіме,
Айналдың бар қызықтың тірлігіне ,
Сен келсең талым көктеп, суым тұнып,
Тазарып жүре берер бұл дүние.
Гүлназ: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып, тағы бізбен.
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен.
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Жүргізуші: Ұлы тойда әдемі,
Әннен шашу шашайық.
Ал балалар кәделі,
Наурыз жырын айтайық.
Ән мен күйім бойтұмар,
Салтанатым сағынар
Ұлы күні жасалар,
Наурыз думан тойы бар.-деп келесі кезекті биге береміз.
Би: «Наурыз».
Наурыз мерекесінің тойлануы туралы тәрбиеленушілер өз деректерін ортаға салсын.
Нұрсұлтан.
Ерлан
Мейірбек
Бекзат
Әніміз саған, Наурыз, биімізде,
Құт қонақ өзіміздің үйімізде.
Қуаныш сыйлап елімізге,
Күлімде Наурыз әнімізге.-деп ортаға «Құтты болсын, әз Наурыз!» әнімен ортаға Дикашева А. шақырамыз.
Жүргізуші: Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы-жыр-аңыз.
Қызық думан құрамыз,
Әнші, биші,ақынбыз,-деп өз өлеңін оқуға Ислямгалиева Гүлнұрды шақырамыз.
Келесі кезекті әнге береміз. Ән :«Қазағым».
Орындайтын: Сериков Саламат.
Жүргізуші: Наурыз- біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттың өкілдері үшін ортақ мейрам.
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде,
Үлкен-кіші, жасымыз кәрімізде.
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері,
Өнерлерін көрсетуге келді, міне.
Енді ортаны баршаңызға ашайық,
Көрерменге жырдан шашу шашайық.
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерменен інжу-маржан шашайық.
Қыздардың орындауында Тәжік биіне кезек береміз.
И.Исаевтың «Наурызым» әнімен ортаға Қайыргалиева Аружанды шақырамыз.
Жүргізуші: Өнерің болса қолыңда,
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
Жүргізуші: кезекті әнге береміз. Ән орындайтын Н.Мұхитов.
Жүргізуші: Қыдыр атаны ортамызға шақырып, сәлем берейік. Ақ тілегін тілесін. Алақанымызды жайып, ақ батасын алайық.
(Қыдыр ата келеді.)
Жүргізуші: (Музыка жіберу).
Аталар сөзімен өсіп-өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған.
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылардың тәрбиесіне тағзым еткен жас ұрпақпыз. Сонау заманнан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындап келеміз...
Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым, дәстүрім, ізгілігім» атты мерекелік кешіміз аяқтала келді. Сөз кезегін интернат меңгерушісі Қ.Ә.Гильмановаға береміз...
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген