Материалдар / "Наурызым-берекем,наурызым-мерекем" тәрбиелік шара
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Наурызым-берекем,наурызым-мерекем" тәрбиелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
"Наурызым-берекем,наурызым-мерекем" тәрбиелік шара.Наурыз мерекесіне арналған тәрбиелік шара сценариінің үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2024
112
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе
1-оқушы: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, қымбатты ата-аналар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

2-оқушы: Уа халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.
Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.

1-оқушы: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңі, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

2-оқушы: Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық...
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық...-, демекші, бүгінгі 5а-сыныбында өткелі отырған
«Наурыз – мерекем, наурыз - берекем!» атты мерекелік думанымызға қош келдіңіздер!
1- оқушы: Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
2-оқушы: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз жырлағандай, ортаға әнші қызымыз Кабир Әсемді шақырамыз. Ән: «Қазақы дастархан»

1-оқушы: Ұлыстың ұлы күніне байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар. Ендеше, құрметті қонақтар, наурыз күні дүние есігін ашқан сәбиіміздің ат қою, шілдехана тойынан көрініс тамашалаңыздар!

2-оқушы: Балалар Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабаларымыз үшін жыл басы көктемнен басталады.

1-оқушы: Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!

2-оқушы: Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.

1-оқушы: Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.

Құрметті ағайын, оқушыларымыздың жыр шашуын қабыл алыңыздар!
1-оқушы: Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық.

Ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Балбырауын» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!

2-оқушы: Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Құрметті тойшы қауым, келесі кезекте Ахмет Жұбановтың «Қарлығашым» күйі. Орындайтын: Хибатова Наргиза.
1-оқушы: 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.

2-оқушы: Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан.

Жансерік: Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Гүлдерай: Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?

Мұғалім: Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Қане, дәмнен алыңыздар... (Қонақтарға көже үлестіру)

1-оқушы: Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.

Қадірменді халайық, ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Қара жорға»

2-оқушы: Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары.

1-оқушы: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Ендеше, тойшы қауым, бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз батасын жасы үлкен ата-әжелерімізден сұраймыз.

Наурыз бата:
Уағалайкум ас салам!
Кеңпейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Шаттығының сәтті күнін,
Татулықтың тәттілігін,
Көрсін ұрпақ қайырымды!
Бұлт шалмасын ай – күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Еккен егін өнімімен,
Еңбегіңнің сенімімен
Тірлігіңнің жемісімен,
Бірлігіңнің жеңісімен
Бағы жанып кәрі – жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин!

2-оқушы: Осы айтылғандар бір Алланың құлағына шалынып, періштелер «әумин» десін!
Аида: Қадірменді халайық, Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.

1-оқушы: Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!!
Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар...

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!