Материалдар / "Наурызым төрлет" мерекелік сценари

"Наурызым төрлет" мерекелік сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ертеңгіліктің мақсаты: Балалар,а Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру,балалардың елін, Отанын сүюге,ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу,имандылық,инабаттылық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету.

Мерекеге орай әсем безендірілген залға «Наурыз» әуенімен ұлттық киім киген балалар кіреді.


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар!

Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Осындай керемет күнді бүгін біздің балабақшамызда атап өтуде.Ендеше,балалардың Наурыз мейрамына арналған мерекелік бағдарламаны тамашалауға шақырамыз!


Музыка жетекшісі әсем сазды ойнай бастайды.Сол кезде сырттан үстіне қызыл көйлек киіп,жасыл жапырақтар тағынған маңдайында «Наурыз айы» деген жазуы бар бөрік киген,бір құшақ гүл ұстаған,Наурыз айы келіп кіреді.


Наурыз айы: (Назды үнмен балаларға қарап)

-Армысыңдар,балалар!

Тағы келдім сендерге

Наурыз тойын тойлайтын

Келіп жеттім елдерге.

Наурыз айы көктеммін

Жарқырайды көкте күн.

Сәбилерді қуантып,

Былтыр келіп кеткенмін.

Тіршіліктің бастауы

Наурыз айы-мен болам.

Гүлге толы құшағы,

Құлпырады кең далам.

Құтты болсын ,Жаңа жыл!

Құтты болсын,Наурыз той

Құтты болсын,Жаңа жыл!


Әже: Наурызым,құт әкелсін елімізге,

Береке-ырыс кірсін жерімізге.


Жүргізуші: -Балалар,Наурыз мейрамында ата-бабаларымыз,үлкендер бір-біріне жақсы тілектер айтқан.Бізде бір-бірімізге жақсы тілек білдірейік.


Нұрлы: Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын,сапар шексең жол болсын!


Мансур: Ұлыс бақты болсын,төрт-түлік ақты болсын!


Айназ: Ұлыс береке берсін.


Балалардың Наурызға арналған тақпақтары


Райхан: Наурыз құтты болсын ағалар,

Наурыз құтты болсын аналар!

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға!


Нұрәлі: Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым!

Төрлет бізге Нұр беріп,

Шуақ шашапы ақ жүзің!


Дария: Ұлыстың ұлы күні-

Жаңғырды қазақ үні.

Түрленді Жер анамыз,

Бірігіп жарып гүлі.


Нұрлы: Той думанға келіңіз,

Тамашаны көріңіз.

Ән шырқайық бәріміз,

Қосыл кәне,бәріңіз.


Ән: «Қош келдің,төрлет Наурызым»



Жүргізуші: Халқымыздың кез-келген тойы айтыссыз өтпеген.Айтыс арқылы ақындар сөздің дәмдісін,әннің саздысын жеткізе білген.Олай болса,ортаға айтыскер ақындарды шақырамыз.



Қыз бен жігіт айтысы



Ұл: Ата-баба дәстүрін,

Үйренуден қашпаймыз.

«Айтыс»-десе сәнденіп,

Қыздар іздей бастаймыз.


Қыз: Біржан болып сен келсең,

Ақын Сараң мен болам.

Сәйгүлік болып сен шапсаң,

Аққу құсың мен болам.


Ұл: Біздің топтың ұлдары,

Шеттерінен ақылды-ақ.

Жұмбақ,тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап.


Қыз: Үй жабдығын бұл тойға,

Біздің қыздар сәндеді.

Қонақ күтіп,ән салды,

Ұлдарынан кем бе еді.


Ұл: Түрлендіріп қамшы өрсем,

Қыздарың таң қалады.

Күмбірлетіп күй шертсем,

Мұнда думан болады.


Қыз: Мақтандың ғой жігітім,

Өнеріңді көрейік.

Көрсет сәнді қамшыңды

Біздер баға берейік.


Ұл: Тойға барам деген соң

Домбыра ұстап жетіп ем.

Шашақталған қамшымды,

Үйге тастап кетіп ем.



Қыз: Қалып қойса қамшыңыз,

Тағы тойға келерсіз.

Сол қамшыны мына бізге

Сонда сыйға берерсіз.


Ұл: Қоштасайық халықпен

Ақындарын пір тұтқан.

Сөз өнерін шөлдегенде,

Рахаттана бір жұтқан.



Жүргізуші: Наурыздың құрметіне топ қыздарының орындауында «Қамажай» биі



Жүргізуші: Наурыз тойына әзірлеген тақпақтарға кезек берейік.



Ж.Ақерке: Құтты болсын,Наурыз,

Үйге ат ізін салыңыз.

Ұлыс күні Ұлыстың

Дастарханда барымыз.

Құтты болсын,Наурыз!

Сарқылмасын сары уыз.

Кенелсін көкөніске,

Гүлдеп бақша-бауымыз.


Абылайхан: Құтты болсын Наурыз!

Жалқаулық – қас жауымыз.

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз.

Құтты болсын Наурыз!


Бекарыс: Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!


Айназ: Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік,біз сізге!


Б.Раяна: Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын.

Бір-бірімен мынау жұрт,

Көрімдігін асырсын.


О.Ақерке: Армысыздар,халайық!

Әркез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық.


Дастан: Наурыз келді тамаша!

Ән айтайық таласа.

Атам,апам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.


Ән: «Наурыз думан»


Ойын: «Ханталапай»


Шырай: Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.


Дидар: Наурыз келді – жыл келді.

Наурыз келді – нұр келді.

Бақшадағы балалар,

Шаттанып тойға қуанды.



Ханшайым: Наурызбен құттықтап,

Алыс,жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.

Қуантып таныс,құрбыны,

Бақыт тілеп,қол ал да

Не тілесең бұл күні,

Орындалар сол алда.


Ғ.Жанель: Көктем,көктем,көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып біз қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Салтымызды жаңғыртып,

Наурыз тойын тойлаймыз.


С.Аслан: Көктем қандай көңілді!

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлді аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.


Гүлсезім: Наурыз гүл көктем,

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп күн көктен,

Нұр шашып қарайды.


Би: «Үнді»


Мансур: Мерекені байырғы,

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастархан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!


Рахман: Наурыз келді,құт болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа ауызымыз толады,

Бар жақсылық болады.


Айдина: Наурыз той әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді.



Жүргізуші: Соымен қатар наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойналып,мықтылар күш сынасқан.«Арқан тарту», «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге», «Теңге алу», «Тақия тастамақ», «Ханталапай» т.б ойындарын үлкендер де,бүлдіршіндер де ойнаған.


Ойын: Арқан тартыс



Жүргізуші: Қазір «Ботақан» тобының балаларын «Арқан тартыс» ойынына шақырамыз.


Ән: «Наурыз келді»


Би: «Қара жорға»



Жүргізуші: Балалар,бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.


Қыдыр ата: Ақылды болып ер жетіңдер,

Азамат болыңдар көрікті.

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты.

Мінездерің болсын салмақты,

Өнерлі болыңдар жан-жақты.

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақыт!

Әумин



Жүргізуші: Қымбатты қонақтар,ата-аналар,балалар,әрптестер!

Наурыз-жыл басы!Наурыз-ұлыстың ұлы күні,күллі мұсылман қауымының ұлттық мейрамы.

Ұлы мерекеміз құтты болсын!


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған ойын-сауық кеші қуанышты,көңілмен аяқталады»


Келесі Наурызға уайым қайғысыз,аман-сау жетейік.Сау болыңыздар!





ЖИ арқылы жасау
12 Қараша 2018
320
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі