400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

naz73bek@mail.ru

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрып, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Жігіт сұлтаны-2019" байқауы

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрып, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 1 -2 сынып оқушыларының аралығында «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы бес жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.


1. Қуантады білімімен бізді ___Еркебұлан_____________________________
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
 

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің________Бауыржан________________________

Көрінген күштің басынан
 

3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға

Ерұлан атты жігіт болған сарбазды


4. Сүрінбей сыннан өтемін______Дархан______________________
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан

5. Жігіттің дара туған ірісіндей___Нұрсұлтан_________________________
Жүрісі батырлардың жүрісіндей

6. Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей
__Нұрдәулет___________________________


Әр сайыскер сандар суырып, нөмірлерін тағады.


І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.


2 бөлім:  «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.


3 - бөлім «Бәрекелді, сайып қыран» (күш, білек сайысы)

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табама екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.
 

4 - бөлім. «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ - жауап)

 «Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.

1. Төрт түлік малды ата.
2. Сәби баланың төсегін ата.
3. Ер жігіттің бес қаруын ата. (Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)
4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
5. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам.

1. Балдан тәтті кім? (бала)

2. Үйдегі алтын адам кім? АНА

3. ҚР Тәуелсіздікті қашан алды?

4. Қазақ ғарышкері кім? (1992 жыл 2 қазан Т. Әубәкіров)

  5.  Баланы неше жастан атқа мінгізген? (бес,алты)

6. ҚР ның президенті кім?

 


Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

5 –бөлім: Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»

Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

Әр жігітке 3 мақалдан  беріледі,олар жалғасын табулары керек.

        1-оқушыға:

1.   Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)

2. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

3. Отан – (оттан да ыстық. )

2-оқушыға:

1. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

2.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

3.Ашу дұшпан, (ақыл – дос)


1-оқушыға:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме).

2-оқушыға:

1. Әдептілік, ар - ұят,(Адамдықтың белгісі.)

2. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

 3.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

  

1-оқушыға:

1.Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

2.Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала – сорлы бала.)

3.Көз қорқақ, …. (қол батыр).

2-оқушыға:

1.Татулық – табылмас … (бақыт).

2.Бірлік болмай … (тірлік болмас).

3.Жері байдың - …. (елі бай).


     Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

 

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.


Жауаптылар: Капанова. А.А

Махамбетова.А.К

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі