400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

naz73bek@mail.ru

Материал туралы қысқаша түсінік
5 цифры туралы өткенді пысықтау. Білімділігі: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Таным.Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 цифры туралы өткенді пысықтау.

Білімділігі: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау.

Дамытушылығы: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп ойлауға ауызша қосып –алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ойын, жұмбақтар шешу.

Көрнекілігі: шар, геометриялық пішіндер, сандар, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта.

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың оқу қызметі

Сәлематсыздар ма, балалар!
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Жылулық шеңбер.
Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ісі ғой

Ал,қанекей бәріміз,

Сәлем,-дейік үлкенге

Қайырлы күн қонақтар.

Қайырлы таң балалар.

Сәлеметсіз бе, апайлар!

Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды, қонақтармен амандасады.


Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу қызметі.

Балалар бүгін бізге математика әлемінен қонақ келді.

Математика әлемінің қонағы:

Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық.

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. Қыста жер қандай болады?

Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Көктемде жер қандай болады?


Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?


Сары шарды көрсету.

Бұл түс қай мезгілді білдіреді?
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.


Балалар, түстерін білдік, енді шардың тапсырмалары бар, сол тапсырманы орындаймыз.

-Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Балалар, бұл шарлардың ішінде тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, менің сендерге сыйым бар.

Тәрбиеші: Ал енді балалар тапсырмаларды орындайық.

1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Үш тілде санау.

2 –тапсырма. 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ретімен қою.Қолмен сызба түрде жазып көрсету.

3 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Қай сан жетіспейді?».

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болады екен он саусақ.
4 - тапсырма. 1-ден 5-ке дейінгі сандарға байланысты тақпақтар айту.

1саны. Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Сандарға жол бастап

Ең бірінші тұрамын.

2саны. Міне екі саны тұр

Қараңдаршы, неткен түр.

Мойнын алға иеді,

Құйрығы еріп жүреді.

3саны. Екіден соң әрқашан,

Үшінші мен тұрамын.

Қағазға сызып түсіресің

Екі ирек саламын

4саны. Үш қашанда тақ саны,

Жұп болғанға не жетсін!

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы.

5саны. Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті.

Төртеуін бүгін санасаң ,

Табасың оңай бесті.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, келесі тапсырмамыз

Логикалық есептер
1.Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім.

Менде неше доп қалды?
2. Мынау ненің суреті?Қоянда неше құлақ бар?

(қоянның суретін көрсету)

3. Қолда қанша саусақ бар?

4. Ағашта 3 торғай қонды, тағы 2 торғай келіп қонды.Барлығы неше торғай болды?

5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы

болады неше алма
5 – тапсырма. Жыл мезгіліне байланысты жұмбақтар.
1.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

2. Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

3. Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

4. Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?




6 - тапсырма.

Жемістерді асықпен санап салыстыру.


Тәрбиеші:

Мынау түрлі –түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.

Түрлі түсті пішіндерді көрсету.

Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)

Теледидар таныс екен баршаға,

ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, бірінші топ мына ұяшыққа геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Екінші топ геометриялық пішінге сәйкес заттарды тауып ұяшыққа орналастыру.

Математика әлемінен келген қонақ балалармен қоштасады.

Ал балалар мен сендермен қоштасамын.Тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар.Менің кететін уақытым болды.Қош сау болыңдар, балалар.







Төрт мезгіл бар деп жауап береді.

(қыс, көктем, күз, жаз)


Ақ.

Қыс

Айнала аппақ болады.


Жасыл

Көктем

Жер беті жасыл шөпке толады.


Жаз
Жазда



Күз













12345

54321

Балалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ретімен қояды.

1 3 5 1 2 4

12345 12345






Балалар сандарға байланысты тақпақ айтады.

Мансур



Бекарыс




Азамат




Бексұлтан




Аделия








1

Қоянның 2 құлағы бар.


Бес

Бес


Бес




Қыс







Көктем





Жаз








Күз







Үлкен, кіші, тең





Балалар тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек деп жауап береді.



Геометриялық пішіндер деп атаймыз


Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.

Геометриялық пішіндерге сәйкес заттарды таптық.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері сана
дық.
Жұмбақтар шештік.

Мадақтау.

Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.


Күтілетін нәтиже: Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.


















С.Шарипов атындағы мектеп – интернаты














АШЫҚ САБАҚ






Тақырыбы: Ғажайып математика


Тобы: «Балдырған» мектепке дейінгі шағын топ


Топ жетекшісі: Махамбетова Айнагүл















2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі