Тақырыбы: «Назар сал, жаяу
адам»
Мақсаты: Жалпы жол белгілерімен
балаларды таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу
дағдыларын қалыптастыру. Іс жүзінде қолдану қызығушылықтарын
тудыру, жолда жүру тәртібін сақтауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын
көрнекіліктер: жол
белгілері,бағдаршам.
Әнұран.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар
және бүлдіршіндер. Бүгін біздің «Сыр-Берекесі» балабақшасында
«Назар сал, жаяу адам» атты мерекелік іс-шарамызды өткізгелі
отырмыз. Бүгінгі іс-шарамыздың жолда жүру ережелерін есімізге
түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен
танысып, аялдама таңбалардың белгісімен
танысамыз.
Тосын
сәт: ( ортаға жүгіріп кіріп
келеді)
Жүргізуші: Сен
кімсің?
Ит: Мен бағдаршам ғылымын
зерттеушісімін.
Жүргізуші: Сен жолда жүру ережесін
білесің бе?
Ит: Мен ережені білмей-ақ
жүремін.
Жүргізуші: Олай болса көрейік, көшені қай
жерден қиып өтесің?
Ит: Қалай? Төрт аяғымен өте
беремін.
Жүргізуші:Балалар ит дұрыс жауап берді
ме?
Балалар: Жоқ
Ит енді соңғы сұрағымызға
жауап берші. Көшеде ойнауға болама?
Ит: Әрине,доп ойнауға
болады.
Жүргізуші : Балалар иттің айтқанымен
келісесіңдер ме?
Балалар: Жоқ,көше бойында доппен
ойнауға болмайды.
Ит: Жарайсыңдар,балалар сендер жол
ережесін жақсы білесіңдер,мен сендермен осы жерде қалайыншы.Ары
қарай жол ережесін үйренейінші.
Жүргізуші: Балалар ит бізбен бірге
қалсынба?
Балалар: Ия
қалсын
Жүргізуші: Ендеше жол белгілерін үйретуге
кірісейік. (Осы кезде ортаға кеудесіне жол белгісін таққан бала
шығады.)
Жүргізуші: Балалар бұл
кім?
Рахман: Мен жол белгісімін.Менің
қандай белгі екенімді мына суретке қарап білесіңдер
ме?
Балалар: Ия,жаяу жүргіншілер
жолы.
Рахман:
Жүргінші,жүргінші
Есіңде болсын көше
қиылысы
Жер асты,жер үсті
жолдарын
Теңбіл,теңбіл
жолдарды
Есіңнен
шығарма.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, мынау
не?
(Бағдаршамды
көрсету)
Асылзат: Менің атым
бағдаршам
Кеудем толы жанған
шам
Қызыл көзім
ашқанда,
Сақ болыңдар
тоқтаңдар
Сары көзім
ашқанда
Қарап қалма
аспанға.
Жасыл көзім
ашқанда
Өте бергін
жасқанба.
Жүргізуші: Олай болса,қалған жол
ережелерін ортаға шақырайық.Өздерін
таныстырсын.
Әділет (негізгі
жол)
Айша (кіруге
болмайды)
Қайсар (жүруге
болмайды)
Нұрай (жаяу жүргіншілерге жүруге
болмайды)
Дәулет (тоқтауға
болмайды)
Інжу (тоқта)
Ералы(тайғақ
жол)
Жүргізуші:Құрметті қонақтар біздің
балаларымыздың бүгінгі іс-шараға дайындаған «Жолдан өткенде» атты
шағын ғана қойылымдары бар.
Көрініс: «Жолдан
өткенде»
Жүргізуші: «Ән-көңілдің ажары» демекші
бір әсем ән тыңдап, көңілімізді көтеріп отырайық құрметті қонақтар.
Олай болса, ортаға «Қарлығаш» тобының балаларының орындауындағы
«Бақытты баламыз» атты әнді қабыл
алыңыздар.
Құрметті қонақтар «Балдәурен»
тобының балаларының «Көңілді бағдаршам» атты биді тамашалаңыздар. Қол
соғып,қошемет білдіріп отырайық.
Жүргізуші: Балаларымыздың жол белгілеріне
байланысты өлең-шумақтарын қабыл
алыңыздар.
Айша: Мен білемін бәрін
деме
Отырған жоқсың
бөлмеде
Машина өтіп кеткен
соң
Жолаушы алға
беттесін.
Жаннур:Тәртіп бұзсақ
абайсыз
Жағдай туар
қолайсыз.
Май
қызметкерлерінен
Сан кешірім
сұраймыз.
Қайсар: Үлкен біздің
қаламыз
Есте сақтап
аламыз
Қызыл, жасыл,сары
шам
Көшеде тұр
бағдаршам.
Жанерке:Көшеде біз сақ
болайық
Қаймықпасын
ата-ана
Жолда сен бол
лайық
Жас ұлан деген
атқа.
Ит: Балалар бүгінгі
іс-шараларың өте қызықты өтті.Мен жолда жүру ережелерін
үйрендім.Сендерге көп-көп рахмет. Енді жолда қорықпай жол
ережелерін сақтап жүремін.
Жүргізуші: Саған да
рахмет.Біздің балаларымызбен бірге іс-шарамызға
қатысысқаныңызға.Сау болыңыз.
Ит: Сау
болыңдар
Жүргізуші: Жол жүрудің
тәртібін
Ережесін
білеміз
Сақтағанда
қатерден
Сау –саламат
жүреміз.
-дей келе балаларымыздың
орындауындағы «Бағдаршам» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Мінекей балалар «Назар сал,
жаяу адам» атты іс-шарамыз осымен аяқталды. Өмірде күтпеген
оқиғалардан сақтану үшін жол ережесіне бағыну керек. «Сақтансаң
сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес оны
бұлжытпай орындаса аман-есен жүруге болады.Көше тәртібін сақтау
сенің міндетің.Егер жол ережесін бұзсаң тек өзіңе қауіп төндіріп
қоймай, басқа адамдарға да зиянын тигізесің. Сондықтан жолда сақ
бол.