Білім
беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі:
Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді?»
ертегісі
Мақсаты:
Білімділік:
Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің
айырмашылығын, пішінін айта білуге
үйрету.
Дамытушылық: Кейіпкерлердің
өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану
арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу
керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай,
байланыстыра баяндай білуге үйретуді
дамыту.
Тәрбиелік: Асты қадірлеуге,
қастерлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын
көрнекі құралдар: жануарлардың маскасы,
қоржында көкөністер мен жемістердің
муляждары.
Қостілділік компонент:
сүт- молоко, тары – пшено, сүйек-
кость.
Амандасу
үш тілде.
Саламатсыз ба?
Здраствуйте!
gud
monig!
Шаттық шеңбері:
Мен
сендерге сәттілік тілеймін!
-Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын
атаңдар? Слайд көрсету күзге
байланысты.
-Күз туралы не білесіңдер?
( тақпақ)
-Күз мезгілі бізге қандай
сый береді? (күзде алма, алмұрт , қауын,
қарбыз піседі.)
Ғажайып
сәт: Алма салынған себетті көрсету.
Алманы
барлық бала иіскеп көреді.
-Алма
сендерге ұнай ма?
Әрине, ұнайды.
Раунд-Робин
әдісі.
Алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта
өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып
келеді.
Алма дөңгелек болады.
-Ал
балалар, мұнда алманы жұлдызқұртта
жақсы көреді екен.
— Жұлдызқұртымыз,
ненің дәмді екенің білмейді екен.
—
Қане, барлығымыз жұлдызқұртқа «Не дәмді»
ертегісін айтып берейік.
Бір күні
тауық, қоян, ит, ешкі, мысық қандай тағам
ең дәмді дегенге таласып қалыпты.
Тауық:-
Қыт - қыт - қыт! Ең дәмді - дән.
Ит:-
Ырррррр! Ең дәмді - сүйек.
Мысық:-
Мяуууу! Ең дәмді - сүт.
Ешкі:- мм - е -
е! Ең дәмді - орамжапырақ.
Қоян: Ең
дәмді - сәбіз.
Сөйтіп, әрқайсысы өздері
жақсы көретін тағамдарын айтыпты./интербелсенді
тақтадан суреттер көрсету арқылы, ертегі
мазмұнын ашу.
Сонымен олар не дәмді
деген сөзге келе алмапты
-Албалалар,
сендер нені жақсы көресіңдер? Жарайсыңдар
балалар.
Миға шабуыл кезеңі
1.
Ертегідегі кейіпкерлер сендерге таныс
па? /балалар атайды/
2. Әр жануар үшін
қандай тағам ең дәмді? /балалар айтады.
-Көрдіңдер
ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары
бар. Қандай
да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды.
Астың бәрі дәмді де, тәтті.
-Балалар,
бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе
қиқымы шашылса, не істейміз?
Қостілділік
компонент: сүт- молоко, тары – пшено,
сүйек- кость.
Ал
енді балалар біз үш орталықпен жұмыс
жасаймыз. Мына фишка бойынша топқа
бөлініп отырайық.
I-ші әдебиет
орталығы. Сурет бойынша ертегіні айтып
береді.
II-ші
.өнер орталығы. Алманың суретін салады.
III
-желілі-рольді орталығы. Әр
балаға ертегідегі бір кейіпкердің және
дәмді тағамның суретін басына
кигіземін.Балаларға қажетті суреттер
таратылады.
Көрнекіліктер: тауық,
қоян, ит, ешкі, мысық, дән, сүт, орамжапырақ,
сүйек, сәбіздердің суреттері.
Ертегі
кейіпкерлерін шақырып, олардың қалай
дыбыстайтынын сұрап, өз тағамдарын
тауып, атауын айтқызамын.
Сергіту жаттығу:
Алма баққа
барайық,
Алма жинап алайық,
Ең
үленін дәмдісін,
Әжемізге
сыйлайық.
Орталықтар
ауысады.
Дидактикалық ойын: «
Тамағын тап!»
Мақсаты: Кейіпкерлердің
тағамын тауып, қыстырғышпен қыстыру.
Бұл баланың саусақ мотроикасын дамытады.
Ойлау қабілетін арттырады.
Орталықтар ауысады.
— Балалар
бүгін қандай ертегімен таныстыңдар?
—
Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?
—
Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар
сұрақтарға жауап береді.
Балаларға алма таратып береді.