400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Не дәмді?» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету. Дамытушылық: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Тәрбиелік: Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жануарлардың маскасы, қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары.
Қостілділік компонент: сүт- молоко, тары – пшено, сүйек- кость
.
Амандасу үш тілде.
Саламатсыз ба?
Здраствуйте!
gud monig!
Шаттық шеңбері:


Мен сендерге сәттілік тілеймін!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдар? Слайд көрсету күзге байланысты.
-Күз туралы не білесіңдер? ( тақпақ)
-Күз мезгілі бізге қандай сый береді? (күзде алма, алмұрт , қауын, қарбыз піседі.)

Ғажайып сәт: Алма салынған себетті көрсету.
Алманы барлық бала иіскеп көреді.
-Алма сендерге ұнай ма?
Әрине, ұнайды.
Раунд-Робин әдісі.
Алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.
Алма дөңгелек болады.
-Ал балалар, мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.
— Жұлдызқұртымыз, ненің дәмді екенің білмейді екен.
— Қане, барлығымыз жұлдызқұртқа «Не дәмді» ертегісін айтып берейік.
Бір күні тауық, қоян, ит, ешкі, мысық қандай тағам ең дәмді дегенге таласып қалыпты.
Тауық:- Қыт - қыт - қыт! Ең дәмді - дән.
Ит:- Ырррррр! Ең дәмді - сүйек.
Мысық:- Мяуууу! Ең дәмді - сүт.
Ешкі:- мм - е - е! Ең дәмді - орамжапырақ.
Қоян: Ең дәмді - сәбіз.
Сөйтіп, әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын айтыпты./интербелсенді тақтадан суреттер көрсету арқылы, ертегі мазмұнын ашу.
Сонымен олар не дәмді деген сөзге келе алмапты
-Албалалар, сендер нені жақсы көресіңдер? Жарайсыңдар балалар.
Миға шабуыл кезеңі
1. Ертегідегі кейіпкерлер сендерге таныс па? /балалар атайды/
2. Әр жануар үшін қандай тағам ең дәмді? /балалар айтады.


-Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.
-Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?

Қостілділік компонент: сүт- молоко, тары – пшено, сүйек- кость.

Ал енді балалар біз үш орталықпен жұмыс жасаймыз. Мына фишка бойынша топқа бөлініп отырайық.

I-ші әдебиет орталығы. Сурет бойынша ертегіні айтып береді.
II-ші
.өнер орталығы. Алманың суретін салады.
III -желілі-рольді орталығы.
Әр балаға ертегідегі бір кейіпкердің және дәмді тағамның суретін басына кигіземін.Балаларға қажетті суреттер таратылады.
Көрнекіліктер: тауық, қоян, ит, ешкі, мысық, дән, сүт, орамжапырақ, сүйек, сәбіздердің суреттері.
Ертегі кейіпкерлерін шақырып, олардың қалай дыбыстайтынын сұрап, өз тағамдарын тауып, атауын айтқызамын.

Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үленін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.

Орталықтар ауысады.

Дидактикалық ойын: « Тамағын тап!»
Мақсаты: Кейіпкерлердің тағамын тауып, қыстырғышпен қыстыру. Бұл баланың саусақ мотроикасын дамытады. Ойлау қабілетін арттырады.

Орталықтар ауысады.

— Балалар бүгін қандай ертегімен таныстыңдар?
— Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?
— Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар сұрақтарға жауап береді. Балаларға алма таратып береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі