400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Не деу керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңнің мазмұнын түсіну; 2) Баланың ой-өрісін дамыту; 3) Балаларды имандылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, әдептілікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


«Еркемай» ІІ кіші тобы

Білім беру саласы: «Қатынас» «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Не деу керек?»

Мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын түсіну;

2) Баланың ой-өрісін дамыту;

3) Балаларды имандылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке

тәрбиелеу, әдептілікке баулу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыс: Сурет бойынша әңгімелесу.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ –жауап, сергіту сәті , ойындар, қорытынды.

Қажетті көрнекі-құрал:Суреттер дайындау.

Қостілдік құрам : мейірімділік-доброта, тәрбиелеу-воспитывать.

Іс- әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Кіріспе әңгіме. Мазмұнды сурет арқылы сыпайылық, мейірімділік, сыйластық пен кішіпейілділік туралы әңгімелесу.


-Балалар бірге қайталайды.




Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ізденушілік

Ұйымдастыру-шылық


















-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді,

Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сенде шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Сен не деуді ұмыттың?

Әжең түскі тамаққа

Қант – кәмпитті салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Әй-шәйі жоқ салдың қол,

Жөн еді не айтқаның?

-Добын апар Назардың,-

Деді ағаң, бармадың,

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың,

Сен қай сөзді айтпадың,

Сергіту сәті

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп қол созамын

Аяғымның ұшына.

Сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу:

-Балалар, сыйлық алғанда не деп барып алу керек?

-Абайсызда досыңды немесе көршіңді ренжітіп алсаң, не деу керек?

-Дастархан басында сен өзіңді қалай ұстайсың?

Дәптермен жұмыс.

Алма мен доптың суретін салып, бояу.

Өлеңді мұқият тыңдайды.



Рахмет, апа





Кешіріңіз.





Рұқсат па?



Қазір, аға



Қимыл жасайды.





Рахмет

Кешіріңіз

Әдепті, сыпайы

Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Оқу іс-әрекетін «Жеміс-жидектер» дидактикалық ойыны арқылы аяқтау.


Ойын ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу: өлеңнің мазмұнын түсіне біледі.

Үйрену: адам бойындағы жақсы қасиеттерді игереді.

Меңгеру: сұрақ-жауап, ойын арқылы тапсырманы орындауды меңгереді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі