400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

не неге ұқсайды

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын кеңейту, түстерді ажырату, үқсас заттарды бір-бірімен сәйкестендіру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Не, неге ұқсайды?
(дидактикалық үстел ойыны)

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын кеңейту, түстерді ажырату, үқсас заттарды бір-бірімен сәйкестендіру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: Шар, геометриялық пішіндер, дөңгелек,үшбұрыш, төртбұрыш, үлестірмелі материал (пазла).
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Балалар амандасады.
Шаттық щеңбер
Амансың ба Жер ана!
Амансың ба Көк аспан!
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
-Жарайсыңдар балалар бүгінгі күніміз жақсы болсын деп сәттілік тілеймін.
Тосын сый.
Музыка ойналады
-Балалар, міне керемет. Сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?
Шарлар көрдік.
-Балалар шарлардың түсі қандай?
Қызыл, сары, жасыл.
-Жарайсыңдар байқадыңдар ма бұл шарлар сиқырлы.
-Балалар шарлар қай жерде тұр?
-Біз оны қалай алсақ болады екен?
Мүмкін сиқырлы шарларға бір тақпақ айтып көрсек қайтеді.
Бір дегенім бесік, шықтық одан өсіп.
Екі дегенім елім, далам туым көгім.
Үш дегенім үміт, үміт артар жігіт.
Төрт дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.
Музыка әуенімен шарлар төменге түседі.
-Балалар сиқырлы шарлармен бірге тапсырма келген екен.
Мынау қандай пішін?
(дөңгелек)
-Дөңгелекке ұқсайтын заттарды атандаршы?
Балалар жауабы (доп, алма сағат)

Доп не істейді?

Б.Ж доп секіреді, доппен ойнайды, допты тебеді, лақтырады.
Тамаша, доп сияқты не секіреді?
Б.Ж қоян, бақа, балалар.
Келесі пішін ол не?
(үшбұрыш)
Үшбұрышқа ұқсайтын заттарды атайды. (кеме, шатыр, жалау)

Кеме қайда жүзеді?

Б.Ж Суда жүзеді.

Дұрыс, тағы не жүзеді суда?

Б.Ж балық, акула, үйрек, бізде жүземіз.
Келесі қандай пішін?
(төртбұрыш)
Осы пішінге ұқсайтын заттарды атау. (телидидар, есік, терезе)

Телидидардан не көресіңдер?

Б.Ж Кино, мультфильм, ән тыңдаймыз.
Ал, телидидардың түсі қандай болады?

Б.Ж Түрлі түсті болады.
-Тамаша, сиқырлы шарлардың тапсырмасын жақсы орындадық.
Ал, енді балалар мен сендерді үстел басына шақырамын. Сиқырлы шарлардың дайындаған ойыны бар екен.
Ойын «Геометриялық пішінге қарай заттарды топтастыру»(пазла)
Балалар тапсырманы орындайды.
Бүгінгі сиқырлы шарлардың тапсырмасын, ойының жақсы ойнадық.
Сабақ сендерге ұнады ма?

Б.Ж Иә, ұнады.
Мағанда сабақта жауап бергендерін ұнады.

Шарлардағы геометриялық пішіндерді, түстерді айыра білдіңдер. Ойынды жақсы ойнадыңдар, Жарайсыңдар.

Енді келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі