Материалдар / «Не?, Қайда?, Қашан?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Не?, Қайда?, Қашан?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қойылған сұраққа толық нақты жауап беруге дағдыландыру, ұжыммен жұмыс жасай білуге үйрету, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Не?Қашан?Қайда?

Тақырыбы:Не?Қашан?Қайда?

Тақырыбы: «Не?, Қайда?, Қашан?»

Мақсаты:  Балалардың танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қойылған сұраққа толық нақты жауап беруге дағдыландыру, ұжыммен жұмыс жасай білуге үйрету, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері: Білімділік: балалардын үй жануарлар туралы алған білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: қоршаған орта туралы алған түсініктерін, жануарлардың пайдасы мен қажеттілігін, адам өміріне пайдасы жайында түсінік беру.

Тәрбиелік: үй жануарларына күте білуге және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  үнтаспа, зырылдауық, хатқалта, жануар шаблоны, мақта, желім, сулы салфетка, доп, жәшік, ойыншық телефон.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: өлең жолдарын жаттау, ойындарды ойнату, төрт түліктің пайдасын айту.


Тәрбиеші: Құрметті  қонақтар, бүгінгі біздің «Не? қайда? қашан?» атты викториналық ойынымызға қош келдіңіздер! Әуен ойналып балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші: Балалар, сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма? Балалар: Ия Тәрбиеші: Бір бала шығып үстел басындағы зырылдауықты айналдырады. Үстел үстінде хатқалта жатады, зырылдауық тоқтағанда, зырылдауықтың тілі қай хатқалтаға қараса, сол хатқалтаны ашып сұрақты оқиды. Тәрбиеші: Бірінші хатқалта. Төрт түліктің пірін және төлдерін атаңыздар.

Балалардың жауаптары:

Жылқы атасы – Қамбар ата,

Сиыр атасы – Зеңгі баба,

Түйе атасы – Ойсыл қара,

Қой атасы – Шопан ата,

Ешкі иесі – Сексек ата.

Балалар:

Жылқы төлі – құлыншақ ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.

Сиыр төлі – бұзау,

Сүйкімді әрі асау.

Түйе төлі – ботақан.

Мөлдіреп көзі ойнаған.

Қой төлі – қошақан,

Өріске қашқан қорадан.


Ешкі төлі – лақ,

Тыныш тұрмайды ол бырақ.

Тәрбиеші: Жауап дұрыс.

Екінші хатқалта Ойын «Ненің дауысы». Балалар сіздер үнтаспадан жануарлардың даусын тындап, қай жануардың дауысы екенін анықтауыңыз керек. Балалар жауабы Тәрбиеші: Балалар байқайсыңдарма бұл қошақанның дауысы аянышты сияқты. Қане қарайықшы Тәрбиеші: Өте жақсы. Балалар алдарыңыздағы қошақанға тон кигізейік. Сіздерге тапсырма: мақтаны желіммен жапсырайық.

Жапсыру: «Қошақанның тоны»

Тәрбиеші: Сонымен балалар жұмысты аяқтайық. Қандай керемет тон жасадыңыз. Неден жасадыңыздар балалар? Балалар жауабы Тәрбиеші: Жарайсындар. Ендеше қошақан қыста тоңбайды.

Музыкамен мысық келеді.

Мысық: Мен сіздердің көңілдеріңізді көтерейін

Сергіту сәті:

Егер сендерге менің көмегім керек болса мына нөмерді естер сақтаңдар 222 333. Қайталандар. Балалар: 222333 Мысық: Жарайсыңдар балақайлар!

Үшінші хатқалта. «Күшікпен торғайлар» көңілді математикалық ойыны Тәрбиеші: Балалар сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар Зырылдауық айналдырылады.

Төртінші хатқалта: «Сана және орында» ойыны

Бесінші хатқалта: Енді кезек қара жәшікке. Келіндер мысыққа звандайық.

Музыка ойнайды қара жәшікті әкеледі

Тәрбиеші: Жұмбақ жасырады

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген? (Сиыр)

Тәрбиеші: шешімі дұрыс балалар, қандай пайдасы бар адамдарға?

Балалар: Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сүтін ішеміз,етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың сүтінен май, айран, қаймақ, ірімшік құрт жасайды. Тәрбиеші: Жауаптарың дұрыс.
Жүргізуші: Міне балалар, бүгінгі «Не?, Қайда?, Қашан?» викториналық ойынымыз да өз мәресіне жетті. Бүгінгі кешке белсенді қатысқандарың үшін әрқайсыңызды жеңімпаз медальмен марапаттаймыз.
Әуен ойналып әр ойыншы бала  медальмен марапатталады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!