400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Не? Қайда? Қашан?

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен өткізілетін сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасы














Shape1

(ата-аналармен ұйымдастырылған іс-шара)











Өткізген: "Балдырған" ересек тобының тәрбиешілері:


Косанова Г.С












Ақпан - 2017

Мақсаты: Ата-ана мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы бірлік қарым-қатынасын нығайту, ойындар арқылы мектепке дейінгі ұйым жұмысымен танысу.


- Қайырлы кеш құрметті ата-аналар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы - ата-ана. Орыстың атақты педагогы А.С.Макаренко бұл жайында былай деген: "Баланың тәрбиесін ең алдымен оның әжесінен баста" Бұл сөздердің мағынасы өте зор деп ойлаймын. Себебі, біз алдымыздағы бүлдіршіндерді ғана емес ,оның ата-анасын да тәрбиелеуіміз қажет. Олай болса, келесі кезекті ойынға бергелі отырмыз.

Ойын үстеліне ата-аналар атынан "білімпаздарды" шақырамыз.

1.Арқанбаева Риза

2.Фазылова Ергүл

3.Сарина Гүлжанат

4.Нұрышева Гүлсана

5. Дощанова Гүлбану

6. Ағылеш

7. Кабылова Гүлнара

8. Жанат

Ойын ережесімен таныстыру.

Шеңбер бойымен үстелде конверттер жатыр.Зырылдауық бағыты қай конвертте тоқтаса, сол конверт ішіндегі сұрақ талқыланады. Әр тапсырманы ойлануға 1 минут беріледі.Егер тапсырманың жаубы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты, толық жауаптар ғана есепке алынады. Жанкүйерлердің жауабы саналмайды.



№1-конверт:Сізге сұрақ қоятын балабақша меңгерушісі Курманова Л.Б.

"Сіздің балаңыз келіп жүрген балабақша қай жылы ашылды және қалай аталады? " 2006 жылы қаңтар айында, "Болашақ" балабақшасы.

№2-конверт. Сізге қарсы балабақша әдіскері Уразалина Г.Б ойнайды.

"Балаңыз оқитын топта қандай оқу қызметі өткізіледі? Ең кемі үш оқу іс-әрекетін атаңыз"


№3-конверт. Сізге қарсы ойнайтын балабақша психологы Шамшина Н.М

"Қандай түстер балаға жақсы әсер етеді?"


№4-конверт. Сізге сұрақ қоятын І кіші топ тәрбиешілері.

"Балабақшамызда неше топ бар, атап беріңіздер?"

№5-конверт. Сізге қарсы ойнайтын "Балбөбек" тобының тәрбиешілері.

"Балабақшада қандай мерекелер тойланады?"

№6-конверт. Сізбен ойнайтын балабақша медбикесі Аширова Л.М.

" Балаңыз балабақшада неше мезгіл тамақтанады?"


№7-конверт. Сіздерге сұрақ қоятын "Балапан" тобының тәрбиешілері.

"Балаңыздың топ тәрбиешілерінің толық аты-жөнін атаңыздар"

№8-конверт. Сіздермен ойнайтын "Солнышко" тобының тәрбиешілері.

"Балаларыңыз балабақшада неше сағат болады?"

№9-конверт. Блиц-турнир.Бұл жерде сіздерге бірнеше сұрақтар қойылады. Ойлануға уақыт берілмейді. Сұрақтарға тез жауап беріп отыру керек.

1. Баланың сүйікті ісі.

2.Бала киінуді неден бастайды?

3. Биыл елімізде тәуелсіздігіміздің неше жылдығы тойланды?

4. Универсиада деген не, ол неше күнге созылды?

5. ЭКСПО деген не?

6. ЭКСПО көрмесі неше қай уақыттан басталып қашан аяқталады?

7. Баланың құқығын қорғайтын кімдер?



Сонымен құрметті ата-аналар, бүгінгі сайысымызды қорытындылайық. "Бала - адамның бауыр еті" деп мақалда айтылғандай, балаларымызға көңілді көбірек бөлейік. Ауызбіршілігіміз мол болсын, балаларымыз аман болсын!





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі