Материалдар / Не қайда қашан интелектуалдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Не қайда қашан интелектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біреу-көп” ұғымын,, жекеше, көпше түрде айта білуге,әңгімелеп айтуға,геометриялық пішіндерді ажыратуға,түстерін тауып беруге дағдыландыру 2. Сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеуге баулу,ұсақ қол моторикасын дамыту 3. Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,байқампаздыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойыны


Мақсаты: балалардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, сабаққа дайындық деңгейін арттыру, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі, белгілі бір мәселені шешу қабілетін, өз бетінше ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын арттыру.

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасады:

Бәрімізде енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жақсы-жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Саламатсыздар ма! Здраствуйте! Hello!

Армысыздар, құрметті қонақтар, біздің бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынымызға, қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынға қатысушылар: Аққу тобының тәрбиеленушілері.

Ендеше білімгерлерді қарсы алайық!

Жүйріктер тобы:

Нұржан, Кәусар, Ердәулет, Аида, Ержан, Әсем, Абдухамит

Тұлпар тобы:

Данияр, Айзере, Қайсар, Алтынзер, Ақылжан, Ақерке

Ал, енді ойынның шарты! Тақтада конверттер ілулі тұр. Әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің балаларға дайындаған сұрақтары бар екен. Сонымен қатар блиц сұрақтары да бар. Дұрыс жауапқа командаға 1 кәмпит беріледі - ол 1 ұпай болып есептеледі. Ойлануға, ой бөлісуге 1 мин беріледі, капитан жауапты кім беретінін жариялайды. Ойынды бастайық!


1.раунд

Мультфильм кейіпкері - Машаның конверті

Қымбатты білімгерлер, маған мына құбылыстардың қай жыл мезгілдерінде болатынын атап беріңдер.

1-топқа арналған сұрақтар:

Күн жиі бұлттанады, жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Бұл қай мезгіл?(КҮЗ)

1мин ойлануға беріледі.

Күн қатты ыстық болады. Балалардың шат-шадыман күлкісі естіледі. Біреулері суға түсіп жатырса, енді бір балалар құмда ойын ойнап отыр.

Бұл қай мезгіл?(ЖАЗ) 1мин ойлануға беріледі.


2-топқа арналған сұрақтар:

Күн қатты суытады. Айнала тым-тырыс. Жан-жануарлар біткен жылы індеріне тығылады. Адамдар қалың киімдерін киінеді,үйлерін жылытады.

Бұл қай мезгіл?(ҚЫС) 1мин ойлануға беріледі.

Күн жылынады. Күннің көзі жарқырайды. Өзен, көлдердегі мұз ериді. Жердегі қар еріп, бірінші гүл бәйшешек шығады.

Бұл қай мезгіл?(КӨКТЕМ) 1мин ойлануға беріледі.


2.Раунд . Ертегі кейіпкері – Мыстан кемпірдің конверті

Қымбатты білімгерлер,ертегілерден алынған сұрақтарға толық жауап беріңдер.

1-топқа арналған сұрақтар:

Шалқан ертегісінде шалқанды ең соңынан не келіп тартады?

Жеті лақ ертегісінде лақтарды қасқыр жеуге келген кездегі ең кішкентай лақтың іс-әрекетін айтыңдар.

2-топқа арналған сұрақтар:

Бауырсақ ертегісінде бауырсақты не жеп қояды?

Мақта қыз бен мысық ертегісінде мысық сағызды қалай, қайдан алады?


3.Раунд. Ертегі кейіпкері – Алдар көсенің ақ жәшігі

Қымбатты білімгерлер 1 минут уақыт ішінде берілген затты сипаттамасына қарай анықтап, табуларың қажет.


1-топқа: ( Киіз үй) Бұл қораптың ішіндегі затты ата-бабамыз баспана ретінде қолданған.Оның құрылысы ағаштан және киізден тұрады.


2-топқа: (Домбыра) Бұл қораптың ішіндегі затты халқымыз музыкалық аспап ретінде қолданады. Оның тиегі және екі ішегі болады. Ағаштан жасалған зат.


4.Раунд. Мультфильм кейіпкері – Дашаның конверті.

Қымбатты білімгерлер 1 минут уақыт ішінде берілген карточкаларды орнына салуларың қажет.


1-топқа: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату».


2-топқа: «Қысқы және жазғы киім үлгілерін ажырату».


5.Раунд.

Мультфильм кейіпкерлері –Али мен Аяның конверті

Қымбатты топ капитаны берілген Блиц сұрақтарына дұрыс және тез жауап беру қажетсіз. Дайын болсақ бастаймыз.


1-топқа: 2-топқа:


1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

1. ҚР президенті кім?


2. Біз тұратын қала қалай аталады?

2. Бас қаламызды ата?


3. Сенің тобыңның аты қандай?

3. Біздің балабақшамыз қалай аталады?


4. Қазір жылдың қай мезгілі?

4. Қазір қандай ай?


5. Түлкі – жабайы аң ба, әлде үй жануары ма?

5. Қасқыр ̶ жабайы аң ба, әлде үй жануары ма?


Қорытынды.


Құрметті ойыншылар осымен біздің «Не? Қайда? Қашан?» ойыны аяқталды, жеңімпаз топтың балаларын жеңісімен құттықтаймыз.


Марапаттау.

Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет. Алдағы уақытта осындай сайыстардан қалмай қатысып жүріңіздер. Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер! Құрметті қонақтар, осымен «Не? Қайда?Қашан?» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды, назарларыңызға рахмет!




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!