Материалдар / "НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?" интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?" интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша бүлдіршіндерінің білім деңгейлерін анықтауға, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға арналған ойын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
4382
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Интеллектуалды ойын «Не? Қайда? Қашан?»
Қатысушылар: Ересек және ортаңғы топ тәрбиеленушілері
Мақсаты: Балалардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға , үш тілде сөйлеу қабілеттерін, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үстел үсті айналмалы сектор, сұрақтары бар конверттер, қара жәшік, интербелсенді тақта, суретті карточкалар, фишкалар.
Түрі: сайыс
Барысы:
Психолог: Армысыздар, құрметті қонақтар, біздің бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынымызға, қош келдіңіздер!
Бү
гінгі ойынға қатысушылар: ересек және ортаңғы топ тәрбиеленушілері.

Ендеше білімгерлерді (знатоки) қарсы алайық!(Музыка)
Бір-бірден кіреді, орындарына отырады.
1. Ең тапқыр- Зейнеп
2. Ең дарынды- Назым
3. Ең білімді- Еркебұлан
4. Ең зейінді- Нурислам
5. Ең ынталы- Ұлжалғас
6. Ең сабырлы- Нұрсая

Ал, енді ойынның шарты!
Үстелде – айналмалы сектор және конверттер. Айналмалы сектордың тілі қай конвертке түседі, сол конверт ашылады. Конверттердің бетінде білімгерлерге қарсы ойнайтын мультфильм және ертегі кейіпкерлері суреттері берілген,ішінде олардың сұрақтары бар. Сонымен қатар 2 секторда жанды сұрақ бар. Дұрыс жауапқа командаға1 фишка беріледі- ол 1 ұпай болып есептеледі. Ойлануға, ой бөлісуге 1 мин беріледі, капитан жауапты кім беретінін жариялайды.
Ойынды бастайық! Айналмалы секторды жүргізуші айналдырады.
1 раунд. Мультфильм кейіпкері - Машаның конверті

Қымбатты білімгерлер, маған мына құбылыстардың қай жыл мезгілдерінде болатынын атап беріңдер.

1-топқа арналған сұрақтар:

  1. Күн жиі бұлттанады, жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Бұл қай мезгіл?(КҮЗ) 1мин ойлануға беріледі.

  1. Күн қатты ыстық болады. Балалардың шат-шадыман күлкісі естіледі. Біреулері суға түсіп жатырса, енді бір балалар құмда ойын ойнап отыр.

Бұл қай мезгіл?(ЖАЗ) 1мин ойлануға беріледі.

2-топқа арналған сұрақтар:

  1. Күн қатты суытады. Айнала тым-тырыс. Жан-жануарлар біткен жылы індеріне тығылады. Адамдар қалың киімдерін киінеді,үйлерін жылытады.

Бұл қай мезгіл?(ҚЫС) 1мин ойлануға беріледі.

  1. Күн жылынады. Күннің көзі жарқырайды. Өзен, көлдердегі мұз ериді. Жердегі қар еріп, бірінші гүл бәйшешек шығады.

Бұл қай мезгіл?(КӨКТЕМ) 1мин ойлануға беріледі.

2.Раунд . Ертегі кейіпкері – Мыстан кемпірдің конверті
Қымбатты білімгерлер, ертегілерден алынған сұрақтарға толық жауап беріңдер.

1-топқа арналған сұрақтар:

  1. Шалқан ертегісінде шалқанды ең соңынан не келіп тартады?

  2. Жеті лақ ертегісінде лақтарды қасқыр жеуге келген кездегі ең кішкентай лақтың іс-әрекетін айтыңдар.

2-топқа арналған сұрақтар:

  1. Бауырсақ ертегісінде бауырсақты не жеп қояды?

  2. Мақта қыз бен мысық ертегісінде мысық сағызды қалай, қайдан алады?






3.Раунд. Ертегі кейіпкері – Алдар көсенің Қара жәшігі

Қымбатты білімгерлер 1 минут уақыт ішінде берілген затты сипаттамасына қарай анықтап, табуларың қажет.

1-топқа: ( Киіз үй) Бұл қораптың ішіндегі затты ата-бабамыз баспана ретінде қолданған.

Оның құрылысы ағаштан және киізден тұрады.

2-топқа: (Домбыра) Бұл қораптың ішіндегі затты халқымыз музыкалық аспап ретінде

қолданады. Оның тиегі және екі ішегі болады. Ағаштан жасалған зат.

4.Раунд. Мультфильм кейіпкері – Дашаның конверті.

Қымбатты білімгерлер 1 минут уақыт ішінде берілген карточкаларды орнына салуларың қажет.

1-топқа: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату».

2-топқа: «Қысқы және жазғы киім үлгілерін ажырату».

5-Раунд. Мультфильм кейіпкерлері – Али мен Аяның конверті

Қымбатты топ капитаны берілген Блиц сұрақтарына дұрыс және тез жауап беру қажетсіз. Дайын болсақ бастаймыз.

1-топқа: 2-топқа:

1.Біздің мемлекетіміз қалай аталады? 1. ҚР президенті кім?

2.Біз тұратын қала қалай аталады? 2. Бас қаламызды ата?

3. Сенің тобыңның аты қандай? 3. Біздің балабақшамыз қалай аталады?

4. Қазір жылдың қай мезгілі? 4. Қазір қандай ай?

5. Түлкі – жабайы аң ба,әлде үй жануары ма? 5.Қасқыр- жабайы аң ба,әлде үй жануары ма?

6-Раунд Ертегі кейіпкері - Бауырсақтың конверті
Құрметті білімгерлер назар аударыңдар, конвертте суреттер (сіреңке, тарақ, пышақ, қайшы, компьютер, кітап) берілген.
Тақта қызыл, сары, жасыл түсті бөліктерге бөлініп тұр, берілген тақта бөліктеріне орналастыру керек, қызыл бөлікке- пайлалануға мүлдем болмайтын заттарды (сіреңке пышақ), сары бөлікке- үлкендердің бақылаумен ғана қолданылатын заттарды(қайшы, компьютер), жасыл бөлікке- өз бетінше пайдалана алатын заттарды (тарақ, кітап).

7-Раунд Ағылшын тілі мұғалімі – Каралтаева Назкен Бекжанқызы жанды сұрақ қояды.

8-Раунд Орыс тілі мұғалімі – Ауелбекова Гулнур Қойшыбаевна жанды сұрақ қояды.
Әрбір раундта дұрыс жауап берген командаларға фишка беріліп тұрады. Соңында барлық фишкаларды санап, қай топтың фишкасы көп сол топ жеңіске жетеді.
Қорытынды.
Құрметті ойыншылар осымен біздің «Не? Қайда? Қашан?» ойыны аяқталды, жеңімпаз топтың балаларын жеңісімен құттықтаймыз.
Марапаттау.
Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет. Алдағы уақытта осындай сайыстардан қалмай қатысып жүріңіздер. Еліміздің
болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер!
Құрметті қонақтар, осымен «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды, назарларыңызға рақмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!