400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Не? Қайда? Қашан? оқушылар арасында биология пәнінен танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Не? Қайда? Қашан? оқушылар арасында биология пәнінен танымдық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Боранқұл орта мектебі» КММ
















“Не? Қайда? Қашан?”

(9 – 11 кластар аралығында танымдық ойыны)















Өткізген: М.Бекмукашова















2018 жыл






Күні: 14.02.2018ж

Тақырыбы: “Не? Қайда? Қашан?”

(9 – 11 кластар аралығында танымдық ойыны)


Мақсаты: Оқушылардың білімін, зердесін, дүние танымын және ой ұшқырлығын байқау, сонымен қатар танымдық ойын арқылы әрі қарай дамыту.


Көрнекілігі: интертақта, қара жәшік, ойынға қажетті құралдар.

Сайыс кезеңдері:

1.Таныстыру (топтар танысуы-2мин)

2.”Кім жылдам” (сұрақтарға шапшаң жауап беру-5мин)

3. Жұмбақтар (жауабын тап)

4.Капитандар сайысы (таратпа қағаздар арқылы )

5. Мақал-мәтелдер (мақалдың жалғасын табу)

6. Кім жүйрік.(Биология пәніне қатысты сурет салу)

7. Қара жәшік (2топқа жеке сұрақтар беру)

8.Марапаттау


“2-ші кезең”
“Кім жылдам”кезеңі бойынша сұрақтар:

1.Көзге көрінбейтін ұсақ ағза. ( Бактерия)

2.Екі ағзаның селбесуінен пайда болған ағза. ( Қына)

3.Дәрі-дәрмек алынатын зең саңырауқұлағы. (Пенцилл)

4.Ауру туғызатын бактериялармен жаппай ауру .( Індет)

5.Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.(Вирус)

6.Ашытқы саңырауқұлағының   ғылыми аты.( Қантты)

7.Қандай құс ұя салмайды. ( Көкек)

8.Рефлекс құбылысын зерттеген   ғалым.( И П Павлов)

9.Бүйректе түзілетін сұйық зат.( Зәр)

10.Организмнің жеке дамуы . (Онтогенез)

11.Тері ауруларын зерттейтін ғылым.

( Дерматология)

12.Қан ұйымайтын ауру.( Гемофилия)

13.Ұша алмайтын құс.( Пингвин)

14.Жүйке жасушасы. ( Нейрон)

15.Қызыл түсті қан жасушасы .( Эритроцит)

16.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым. ( Энтомология)

17.Адамдағы хромосома саны . (46)

18.Цитология нені зерттейді. ( Жасушаны)

19.Роберт Гук қай жылы жасушаны ашты .( 1665ж.)

20.Қан түзуші ұлпа. (Дәнекер.)


3-кезең
Жұмбақтар шешу

1 Жазда жайнайды күзде жайрайды ( жапырақ)

2 Мойны сұрақ белгісі   бұл қандай көл құсы   (аққу)

3 Бұйра тұлымы желменен ойнайды қызыл мұрны жерге бойлайды( сәбіз)

4 Құйрығы он қарыс бұл айбатты (жолбарыс)

5 Айбат шегер   алыстан   аң патшасы ( арыстан)

6 Уылжыған   албырт дәмі   ғажап (алмұрт)


4-кезең. Капитандар сайысы

1.Кейбір айда 31 күн бар, кейбірінде 30 күн бар, ал қанша айда 28 күн бар? Жауабы: Барлық айда.

2.Дәурен үйіңнен шығып, есік алдыңдағы шалшық суды аттап өтті де, мектепке бағыт алды. Жолда бағдаршамға тоқтап, машиналарды өткізіп жіберді. Сөйтіп аман-есен мектебіне де жетті. Дәуреннің аман-есен мектепке жетуіне не көмектесті?

Жауабы:Жүйке жүйесі.

3.Ағаштар өседі, көбейеді, өледі. Күн шығады, батады. Аспанды бұлт торлайды, найзағай ойнайды, жауын-шашын болады, күн күркірейді. Табиғаттың бұндай өзгерістері қалай аталады. Жауабы: Табиғат құбылыстары.

4.Сізде жалғыз тал шырпы бар. Сіз қараңғы үйге кірдіңіз. Онда май шам, керосин шамы және ошақта құрғақ отын қалаулы тұр. Қайсысын бірінші жағасыз? Жауабы: шырпыны.


5-кезең. Мақалдың   жалғасын   табу   керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


1 Ағаш көркі жапырақ (адам көркі шүберек)

2 Дәрі шөптен шығады (дана көптен шығады)

3 Дала көркі мал (өзен көркі тал)

4 Тау бұлағымен көрікті (бұлақ құрағымен көрікті)

5 Қораңда малың болсын (көшеде талың болсын)

6 Ағаш ексең аялап (басыңда болар саябақ)


6. Кім жүйрік.(Биология пәніне қатысты сурет салу)



7. «Қара жәшік» сұрақтары

Бұл түс – бақытты жастық шақ пен ерке көктем белгісі. Бұл түс мейірімділік белгісін, сезім тереңдігін білдіреді. Жауабы: Жасыл.


2.Бұл заттарды адамдар арнайы мамандардың кеңесі арқылы қолданады. Оларды жарық түспейтін қоңыр салқын жерде, ең жақсысы – арнайы жәшікке салып қою керек. Олардың ұзақ уақыт тұрып қалғанын және белгісіздерін пайдалануға тиым салынады. (дәрі-дәрмектер)


3.Бұл затты адамдар күнделікті өмірде қолданып, пайдаланады. Олардың пайдалану және қолдану аясына қарай неше бір түрлері де болады. Қазіргі таңда оның сұйық түрлері де қолданыста. Оларды теледидардан жарнамалап та жатады. Бұл затты ұзақ уақыт пайдаланбай жүру мүмкін емес. Бұл затты балаларға күнделікті қолдану үшін Ы. Алтынсариннің және басқа да ақын-жазушылардың осы затты насихаттайтын шығармаларын оқыған боларсыңдар. (сабын)



8.Марапаттау (қорытындылау)

























Ойын барысы:


  1. Бұл сөзді ағылшын тілінен аударғанда “бейне” дегенді білдіреді. Көбінесе адамның сыртқы түрінің тартымдылығы ескеріледі. Қазіргі уақытта “бейне ” жасау жөнінде арнайы мамандар бар. Бұл сөз қалай аталады және маманды қалай атайды? Жауабы: Имидж, имиджмейкер.


  1. Табиғат пен қоғам дамуының заңдары туралы анықталған білім жүйесі қалай аталады? Жауабы: Ғылым.

  2. Бұл түсті қазақ атамыз назды көңіл-күй білдірумен бірге, ақыл-парасаттың, түпсіз мұңның, сағыныштың белгісі ретінде ұғынған. Жауабы: Сары.

  3. Англияда 1891 жылы футбол маманы айып алаңында қорғану үшін ереже бұзған жақтың қақпасына айып добын соғу туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты тастаған футбол маманының есімімен осы айып добын соғу аталады. Ол қалай аталады? Жауабы: Пенальти

  4. Тримерлі молекуладан құралған элементтің бірі. Оның молекуласындағы әрбір көміртегі атомы көршілес атомдармен берік жалғасады, сондықтан ол қатты болады. Ол өте қатты болғандықтан, шыныны кесіп, тасты тесе алады. Ол қыздырғанда бүлінбейді: суда да, қышқылда да, тіпті органикалық еріткіштерде – спирт пен бензинде де ерімейді. Жауабы: Алмаз.

  5. Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегіспей, белдеспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз,

Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей. - деген өлең жолдарының авторы кім? Жауабы: М. Мақатаев


  1. Қарлығаш неге аузын ашып ұшады? Жауабы: Шыбын-шіркей аулайды.


  1. Сізде жалғыз тал шырпы бар. Сіз қараңғы үйге кірдіңіз. Онда май шам, керосин шамы және ошақта құрғақ отын қалаулы тұр. Қайсысын бірінші жағасыз? Жауабы: шырпыны.


  1. Кейбір айда 31 күн бар, кейбірінде 30 күн бар, ал қанша айда 28 күн бар? Жауабы: Барлық айда.

  2. Дәурен үйіңнен шығып, есік алдыңдағы шалшық суды аттап өтті де, мектепке бағыт алды. Жолда бағдаршамға тоқтап, машиналарды өткізіп жіберді. Сөйтіп аман-есен мектебіне де жетті. Дәуреннің аман-есен мектепке жетуіне не көмектесті?

Жауабы:Жүйке жүйесі.

  1. Ағаштар өседі, көбейеді, өледі. Күн шығады, батады. Аспанды бұлт торлайды, найзағай ойнайды, жауын-шашын болады, күн күркірейді. Табиғаттың бұндай өзгерістері қалай аталады. Жауабы: Табиғат құбылыстары.

  2. Қазақтарда адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар көп. Екі жүзді, опасыз, қаскүнем адамды қалай атайды? Жауабы: Сұрқылтай.

Қара жәшік.


  1. Бұл заттарды адамдар мамандардың кеңесі арқылы қолданады. Оларды жарық түспейтін қоңыр салқын жерде, ең жақсысы – арнайы жәшікке салып қою керек. Олардың ұзақ уақыт тұрып қалғанын және белгісіздерін пайдалануға тиым салынады. (дәрі-дәрмектер)

Бұлар бала өміріне еніп, оның досына, серігіне айналады. Олар баланы біліммен байытып, оқиғалармен таныстырады, білуге құмарлығын арттырып, жалпы айтқанда, маңызды тәрбиешілер болады. Біздің елімізде олардың төменгі, орта және жоғарғы класс оқушыларына арналған көптеген түрлері бар. (балаларға арналған журналдар)

Бұл метал өңдеуде қолданылатын құрал – жабдық. Қазақтарда оның өте ертеден келе жатқан атаулары бар, қазіргі таңда оның орысша атауын қазақшаға икемдеп алған атын көбірек естиміз. Қазақша атауларында әженің, жылқының және ауыз ішіндегі 32 маржандай немесе күріштей сүйектерді қосарлау арқылы бірнеше түрі бар. (кемпірауыз немесе атауыз)











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 тамыз
1228
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі