жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойыны
Бекітемін______________
Интернат меңгерушісі: А .С Танбаева
Тақырыбы: «Не?
Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: оқушылардың
танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін
кеңейту. Оқушылардың білім деңгейін
тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру,
сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір
жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта
білуіне көмектесу.
Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау
қабілетін, дүниетанымын арттыру
Көрнектілігі:
қара жәшік, сұрақтары бар конверттер,
күй әуені, суреттер,
Барысы:
1-Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі 7-9 сынып оқушыларына арналып өтетін «Не? Қайда? Қашан? » атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме кұрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» ойынына қош келіпсіздер ,
1-жүргізуші:
Жиналған
ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде
жалын бар.
Білімді топты халайық,
Қол
соғып қарсы алайық.
Ойын алаңына
сайысқа қатысушы үміткерлерді
шақырамыз
(Әр
топтың өз әуені болады , әуен ойнағанда
шығады)
1
топ – «Интернат
маржандары» тобы
2 топ – «Самұрық
тобы»
2-Жүргізуші:
Жол сілтеген биіктерге
ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа
дарын.
Әділдікті тек алға мақсат
еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын.
1.Интернат меңгерушісі : Албина Сланбековна
2.Тәрбиеші:------------------------------------------------
3.Мұғалем ----------------------------------------
1-Жүргізуші: Бүгінгі ойынға 8 ойыншы қатысады. 7-9 сынып оқушылары
Білсем екен деген типке жатады деген үмітпен,
Өнер
қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Өнерімен
биікке жетсе дейміз.
Бәсекегеке
түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып
өздерін өтсе дейміз.
Топ басшыларына сөз береміз.
Самұрық тобы:
1.Алтынай (топ басшысы)
2. Зарина
3.Исламбек
4.Ардаби
5.Айзада
6.Назгул
7.Камила
8.Аягөз
«Интернат маржандары»
1.Гулбақыт(топ басшы)
2.Гауһар
3.Назерке
4.Ерген
5.Гулим
6.Владимир
7.Диана
8.Диас
2-жүргізуші:
Ал,
қанекей, келіндер,
Бір-біріңе
еріңдер.
Біліміңді
тексеріп,
Ойынға
қатысып көріңдер - дей келе,сайысымызды
бастаймыз.
1-жүргізуші:
Бүгінгі
ойын–сайысымызда өз өнерлерімен,
білімдерімен сынасқалы тұрған
ойыншыларымызды сайыстың шартымен
таныстырып өтейін.
Ойын шарттары:
1.Әр топта топ басшысы конвертті тандайтын болады.
Конверттің түстері бойынша сұрақтар берілетін болады
1.Қызыл түсті конвертте 10 сұраққа жауап беру керек.
2.Көк түсті конверттер 10 сұрақ
3.Сары түсті конверттер 4 сұрақ (Ойлану уақыты 1 минут.)
(Жауап толық және нақты болуы керек.)
4.Қара
жәшік - 4 зат болады оны табу керек
5.
Көрермен сұрақтары- 4 сұрақ
2-Жүргізуші:
«Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – сайыс екендігі белгілі
1-Жүргізуші:
Білген
сайын келеді біле бергім,
Біле беру
емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста
жеңіске жет.
Білімді, әрі білікті жас
жеткіншек –деп сайысымызды бастайық.
1ші бөлім екі топ басшысылары шығып көк конверттерін тандайды.
Он сұрақтарға тез жауап беру керек.
Көк
конверттердің сұрақтары
1.
Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
2.
Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
3.
Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
4. Орман
дәрігері? (тоқылдақ)
5. Жаңа әнұранның
әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
6. Қ.Р.
тәуелсіздігі қашан жарияланды? (
16.12.1991)
7. Түнде аспанда не жарқырайды?
(ай)
8. Қ.Р. ұлттық валютасы теңге қашан
енгізілді? (15.11.1993 ж)
9. Түйе атасы кім?
(Ойсылқара)
10. Күйді орындаушы адам
(күйші)
Көк конверттердің сұрақтары
1.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі. ( қазақ тілі)
2. Заттың түр-түсін
білдіретін сөз табы (сын есім)
3. Жер
бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп
салынған бейнесі? (географиялық карта)
4.
Суретші ата? (Ә.Қастеев)
5. Тасбақа
қандай сөз? (қос сөз)
6. Әліппенің атасы
кім? (Ахмет Байтұрсынов)
7. Қ.Р. тұңғыш
ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
8. Заттың
қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
9.
Сегізді төртке бөлсе неше болады?
10.
Өзенде не аулайды?
2-Жүргізуші:
Енді екінші тапсырмамыз барабанды айналдырып өз тапсырмаларыңды аласыздар, ойланатын сұрақтар ойланып жауап беріңіздер.
Ақ түсті конверттердің сұрақтары 10 сұрақ (ойлануға 3минут беріледі)
1.Бұл сөз латынның "екі рет" және "кесу" деген сөзінен құралған, яғни қазақшаға аударғанда мағынасы "екі бірдей бөлікке бөледі" деп аударылады. Не туралы сөз болып тұр.
Жауабы:(Биссектриса)
2.Қазақтар үшін ол ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына ол келе бастағанда оны аса жақтыра қоймаған. ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзі оның сырын білмеген. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның кәсіпкері бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Ертеде қазақтар осы сусынды «аққұйрық» деп атаған екен.
Ол қандай сусын, қай елдерде өседі? Түсі қандай? Түрлерін білесің бе?
Жауабы: . Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді. Ол – адам денсаулығына қажетті құндылық .
3.Адамзат қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент? Ол қандай элемент? Ол элемент туралы не білесің?.
Жауабы:Кальции
4.«Лампочка» - қазақша не деп аталады? Және де оны дайындаған кезде қанша металл пайдаланылады? Шынысының құрамында қанша элемент бар?
Жауабы:
5. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті дүние жүзі болып шешуге көмектеседі. Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады.
Жауабы: (Интернет)
6. Бұл ұлы математиктің қабіріндегі құлпытасқа шардың және оған сырттай сызылған цилиндрдің суреті салынған. Осы сызулар бойынша 2 ғасырдан кейін әлгі кісінің қабірін анықталған болатын-ды. Бұл математик кім?
Жауабы:(Архимед)
7.
«Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып
кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс
естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі
ана дегенді танытатын қандай мейірім,
қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ
көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме
құйып жібергендей болды.»
жауабы
: («Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов)
8.«Көзін
ауылға келгесін екі күннен соң ашты.
Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене
Құрмаш ат қойып алды. Ертеңді-кеш
айналасынан шықпайды.Өзіне жеке
асқұйғыш-итаяқ әзір болды.» Повесті
ата? Кімнің повесі?
Жауабы
: ( «Көксерек» М.Әуезов)
10.Бұл
затты бір дарынды жас бала ойлап тапты.
Кезінде ол, әлемдегі ең бірінші, қол -
араны ойлап тапқан болатын. Археологтар
Помпея күлінің астынан осындай қоладан
жасалған заттарды тапты. Ежелгі Грекияда
бұл затты қолдана алу – аса кемелділіктің,
ал оның көмегімен есеп шығара алу
қабілеті – қоғамдағы жоғары бедел мен
парасаттылықтың белгісі болып саналды.
Осы зат архитектура мен құрылыста
таптырмас құрал. Жүздеген жылдар бойы
оның құрылысы өзгерген жоқ ,зат не?
Жауабы
: (циркуль)
10. Сен болмасың, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.
Өлеңнің аты, авторы кім?
Жауабы: (Отан .Мұқағали Мақатаев.)
1-Жүргізуші.
Үшінші бөлімде сары конверттер, онда суреттер не екенін және түсіндіру.
(Ойлану уақыты 2-3 минут.) (Жауап толық және нақты болуы керек.)
Сары түсті конверттер 4 сұрақ
1
– конверт.
«Алтын киімді адамның»
мүрдесі көрсетіледі.
Сұрақ: Осы мүрде
қай жылы, қайда және кім ашты? Және де
қандай мәліметтер бере аласың? Және осы
бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға
қандай қатысы бар?
1
– конверт жауаптары:
«Алтын киімді
адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу
жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ.
Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі
бойынша ол б. з. б. 5 - 6 ғасырларға, ерте
темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17 - 18 -
де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ
ханзадасының қолында екі алтын жүзік,
құрастырмалы белбеуі болған. Алтын
пластинкалар жапсырылған қынапқа
салынған темір қанжар, қызыл қынапты
ұзын семсер табылды. « Алтын киімді
адам» сақ елінде өз заманына сай
өркениеттің болғандығын дәлелдейді.
Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын
әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде
барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі
құстардың бейнесі кездеседі.
Қазіргі
таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі
Қазақстанның егемендігінің рәсіміне
айналып, Республика алаңында ұлттығымызды
асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің
бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар
біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың
елтаңбасынан орын тапқан.
2-конверт.
«Тайқазанның»
суреті көрсетіледі. Осы тайқазан туралы
не білесің? Қай жылы, қайда құйылған?
Құрамында неше элемент бар? Және оған
сипаттама бер.
жауабы:
Бұл
қазан әйгілі қолбасшы Әмір
Темірдің тапсырысымен 1399
жылы 25
маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал)
Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым
жерде орналасқан Қарнақ елді
мекенінде құйылған. Ирандық шебер
Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.
Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.
1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.
Тайқазан сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м.
Тайқазанның сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады.Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол Пайғамбар хадисімен жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген. Екінші қатар ірі он кубба(емшек) және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушка бөлінген. Оның қатар орналасқан екі бөлігіне сулус қолтаңбасымен шебердің өз аты жөні жазылған болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы тілінде тілек сөз берілген. Үшінші қатарда Құдайдың Құдыреті жайла ескерту куфи жазу үлгісімен 22-рет қайталанып жазылған. Төртінші қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне ұқсас үлкен жапырақ түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші кубба орналасқан. Аяқ тұғырымен шектесетін бесінші бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедерленген.[1]
3-конверт.
«Біздің елбасы» тақырыбына әңгімелеп беріңіздер?
Жауабы:
4-конверт.
Мынау ненің суреті,ол туралы не білеміз?
Жауабы:
Жүргізуші:Төртінші бөлім , қара жәшікте зат болады оны табу керек, ортаға қара жәшікті әкеліңіздер
1-жәшік.
Ол құрылғының шығу тарихы соғыстан
кейінгі
жылдарымен тығыз байланысты. АТ және Т
зерттеу лабораториясы ойлап тапқан.
1947 жылы ол өте қажет еді, бірақ оны өзімен
бірге алып жүру қиын болды, себебі оның
салмағы 30 - 40 кг дейін жетті. 50 жылдары
оның салмағы азайып, 70 жылдары 12-14 кг
болды. Қазіргі заманда ол құрылғы кеңінен
таралған, салмағы 1 кг-да жетпейді.
Мектебімізде ол құрылғыны ұстауға тиым
салынған, бірақ ата-аналардың айтуы
бойынша ол балаларына қажет. Сұрақ:
қандай құрылғы туралы айтылып отыр?
ҚАЙДА ?,Қашан
Жауабы: (Ұялы телефон)
2 – жәшік
Сұрақ: Қара жәшікте жатқан зат дәрігерге керек құрал. Алғаш кімдер пайдаланған? Және осы заттың бойында қандай металл бар? Кім ашты және қалай атаған?. Ол металл туралы не білесің?
Жауабы:
Термометр (градусник) көрсетіледі.
2 – конверт жауаптары:
Термометрдің
басында сынап металы бар. Алғаш қытайлар
мен үрдістер пайдаланған. Грек дәрігері
Дисскрид «хидр» - «су», «аргирос» -
«күміс»-«сұйық күміс» деп атаған.
Сынаптың балқу t0 = 38 - 390С. 6 периодтың тақ
қатары, II топтың қосымша топша металы,
балқу t0 – сы төмен болғандықтан
термометрлерде қолданылады, сұйық
металл.
3-жәшік
Аузы
бiреу бес құдық,
Қыстыкүнi
бойлатам,
Бесеуiне
бес құрық. (Қолқап)
Жәшікте не бар?
4-жәшік
Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (Айна)
Жәшікте не бар?
Жүргізуші:Бесінші
бөлім көрермен сұрағы.
Көрермен сұрақтары- 4 сұрақ
Жүргізуші: Осымен
7-9 сыныптар арасында өткен «Не? Қайда?
Қашан?» атты ойын - сайысымыз тамамдалды.
Екі топтың жүлдесін анықтау үшін
әділқазылар сөз кезегін береміз.
Қорытынды.
Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен
мадақтау.
Тауды
биік деме сен,
Талаптансаң
шығарсың.
Қарсылас мықты деме
сен,
Білімді болсаң шығарсың-дей келе
сайысымызды аяқтаймыз.
Жүргізуші:
Білген
сайын келеді біле бергім,
Біле
беру емес пе тілегі елдің.
Белден
ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан
келмей ме жүре бергің.
Сондықтан
да келеді біле бергім
Білімдіні
сүйерін білім елдің,- дей отырып, келесі
кезеңге көшеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген