15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?
Қызылорда қаласы, Б. Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Ибраева Жанат Киргизбаевна
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Күні: Сынып: 5 |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы |
Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау
|
|||||
Сабақ мақсаттары |
Қазақстанның мыс-тас дәуіріндегі ерекшеліктерін, адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс арқылы кезеңнің ерекшеліктері мен, өзгерістердің себеп-салдарларына талдау жүргізу |
|||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды... Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті... Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар...... |
|||||
Құндылықтарды дарыту
|
Ежелгі адамдардың өмірі, тұрмысы туралы айтқанда ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары қалыптастырылады. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз. Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы) |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақта бейне-баянмен жұмыс жасайды |
|||||
Бастапқы білім
|
Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білім алады. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
|
Сабақ басында: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру үшін оқушыларға таратпа қағаздарды таратып береміз. І-топ Археологтар тобы. Алғашқы адамдар қолданған еңбек құралдарының аттары берілген оқушылар жиналады. ІІ-топ. Антропологтар тобы. Ежелгі адамдардың аттары берілген оқушылар жиналады. ІІІ-топ. Тарихшылар тобы. Тас дәуірінің кезеңдері берілген оқушылар жиналады. ІV-топ. Географтар. Қолдарына тұрақтардың аты жазылған оқушылар осы топқа жиналады. Оқушыларды төрт топқа бөлеміз . Бұл тапсырма арқылы өткен тақырыптрды еске түсіруге және оқушыларды топқа бөлуге мүмкіндік болады. Жаңа тақырып тақтаға жазылады, немесе слайдтар арқылы көрсетеміз. Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері айтылады. |
Ежелгі Қазақстан тарихы. 1-бөлім, Т.С. Садыков, А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. - Алматы: Атамұра, 2011 ж.
|
||||
Сабақтың ортасы
|
Б Оқушылардың назарын тақтадағы суреттерге аударып, оларға келесідей сұрақтарды қойыңыз:
ҚБ Жауап берген оқушыларды сыйлық қоржынынан сыйлықтар беру арқылы бағалаймыз, немесе «жарайсың», «өте жақсы» тағы басқа сөздер айтамыз. М Слайдтардан көрсете отырып, мыс-тас ғасыры туралы түсінік қалыптастырамыз. Мыс-тас ғасырының ерекшеліктері туралы суреттерді көрсетуге болады.
Топтық жұмыс Мысты-тас ғасырын өткен кезеңдермен салыстыру үшін оқушыларға мозайка құрастыруға тапсырма беріңіз. І топ: Палеолит ІІтоп: Мезолит ІІІ топ: Неолит ІV топ: Энеолит Әр топ сынып қабырғаларындағы жазулар мен суреттерді өз кезеңдерінің атына лайықты етіп жинақтап құрастырады. Мұғалім оқушыларды тапсырманы орындау барысында бақылап жүреді. Топтар құрастырған мозайкаларын сынып алдында қорғайды Бағалау Мұғалім тапсырманы ең бірінші болып орындаған оқушыларды атап өтеді. Бұл топ «ең жылдам топ» деген атқа ие болады. Жұмыстарын қорғау кезінде ерекшеленген топқа «ең креативті топ» деген атау беріледі.
Зерттеу мен талдау Б Оқушыларға төмендегі сұрақтарды алдын-ала ұсынып, Ботай мәдениеті туралы бейнематериалмен жұмыс жасауды тапсырыңыз.
Жеке жұмыс. Дифференцияция Оқушыларымен мәтінмен жұмысты ұйымдастырыңыз. Мәтінмен жұмыс жасау үшін келесі сұрақтарды ұсыныңыз:
Археологтардың жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша ғалымдар қандай ортақ пікірге келді?
Бағалау Оқушылар тапсырманы жек өз дәптерлеріне жазбаша түрде орындайды. Мұғалім оқушылар тапсырманы орындау барысында қарап, тексеріп шығады. Бірнеше оқушылар өз жазғандарын оқиды. Мұғалім үздік жауаптар берген оқушыларды атап шығады.
Б Оқушылардың жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесін қорытындылау үшін Ботай мәдениеті туралы алған білімдері бойынша кем дегенде бес-он сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастыруды тапсырыңыз. 3-4 оқушының жазған әңгімелерін сынып алдында оқытып талқылау жүргізіңіз.
|
Қазақстан археологиясы. Палеолиттен орта ғасырға дейінгі Қазақстан жеріндегі сәулет ескерткіштері. –Алматы, 2009 ж.
Ботай тұрағына қатысты суреттер http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/519/
Ботай мәдениеті туралы мәтін http://www.inform.kz/kaz/article/2259588
Ботай мәдениетіне тиесілі 17 мыңнан астам жәдігер табылған (бейне материал)
|
||||
Сабақтың соңы |
М Сабақты төменде берілген сызба нұсқа арқылы қорытындылаңыз. Мысты-тас ғасырында: өзгерді өзгермеді
Қорытынды Кері байланыс
|
|
||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген