400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Не үйрендік?" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Коммуникация,Таным,Әлеуметтік орта. Бөлімі: ҚМҰҚ , сөйлеуді дамыту, жаратылыстану Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін байқау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, ойлау қабілетін, қиялын қалыптастыру, сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№31 «Күншуақ»МДҰ















Тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық»

№-4 «Балдәурен» ортаңғы тобы.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.



















Өткізген: Төлеубай.Ұ.Б







Ақтөбе 2020-2021жыл



Білім беру саласы: Коммуникация,Таным,Әлеуметтік орта. Бөлімі: ҚМҰҚ , сөйлеуді дамыту, жаратылыстану

Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін байқау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, ойлау қабілетін, қиялын қалыптастыру, сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Сөздік қорларын дамыту, ұлғайту, диалогтік сөйлеуін, ойлау қызметін дамыту, кеңейту.

  2. Балалардың тәулік бөліктері туралы түсініктерін қалыптастыру және оларды ажырата білуге дағдыландыру.

  3. Геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту.

  4. Жануарлар мен құстар әлемі, жан-жәндіктердің өмірі, тіршілік ету ортасы туралы білімдерін нығайту.

  5. Байқағыштықты дамытып, білуге деген қызығушылықтарын арттырып таби,атқа қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.































Сабақтың барысы

1.Амандасу (топқа ұмытшақ бике билеп, көңілді болып кіріп келеді.)
Сәлем, сәлем балалар! Қайырлы таң баршаңызға. Көңіл-күйлеріңіз қалай? (тамаша, керемет)

Қандай керемет менің де көңіл күйім өте жоғары деңгейде. Неге екенін білесіздер ме?! Себебі мен Күншуақ балабақшасындағы ең ақылды, ең күшті балалардың ортасына келіп тұрмын. Бірақ балалар бір мәселе бар. Балалар мен сіздерге «Ақылдылар» деп аталатын ғажайып елден көмек сұрау үшін келіп тұрмын. Неге екенін білесіздер ме? Балалар менің бойымда жағымсыз қасиет ұмытшақтық бар. Осы ұмытшақтық қасиеттің кесірінен мен ақылдылар еліндегі апайлардың маған берген тапсырмаларын орындай алмай жатырмын . Мен сіздерді Күншуақ балабақшасындағы ең ақылды, ең жақсы, білімді балалар деп естіп едім. Ақылды балақайлар мүмкін тапсырмаларды маған орындауға сіздер көмектесетін шығарсыздар. Көмектесесіздер ме балалар?! (иә)

Алақай балалар! Кеттік ендеше. Ой тоқтай тұрыңдар балалар. Ол жаққа бару үшін бізге бір нәрсе жетіспей тұр. Сендер оның не нәрсе екенін табу керексіңдер. Маған қарай келіңіздер. Мен қазір ол заттың суретін саламын, ал сендер айта қойыңдар. (ұнтақ жарманың үстіне саусақпен ауа шарының суретін саламын, балалар шар деп айтады.) Дұрыс айтасыздар. Енді әрқайсыңыз өздеріңізге жолға шығу үшін арналған ауа шарларының суретін сала қойыңыздар. Ал енді шарымызды үрейік. (тыныс алу гимнастикасы)

(Лентаға байланған шарды аламын) Балалар лентадан ұстаңыздар. Біз саяхатқа шығамыз. Дайынсыздар ма?! Ал кеттік (музыка ойнайды)

Балалар мінекей біз Ақылдылар елінің бірінші аялдамасына келіп жеттік. Әрбір аялдамада бізге қарандаш кедергілері кездеседі. Егер тапсырманы дұрыс орындай алмай қалсақ ол өзінің үшкір басымен ауа шарымыздың ауасын шығарып жібереді. Сондықтанда тапсырмаларды жақсылап орындауға тырысайық. Жарай ма балалар?! (иә)

Міне тамаша! Ал енді бірінші тапсырмамызбен танысайық. Тапсырмалар кедергі қарандаштардың жанына жасырынған екен. «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны. Бұл жерде тапсырма тәулік бөліктеріне байланысты берілген екен. Мен оқып бастаймын сендер аяқтайсыңдар, жарайма балалар?! (иә)

  1. Егер түнде ұйықтасақ, онда жаттығуды таңертең жасаймыз

  2. Егер кеште кешкі ас ішсек, онда ұйықтаймыз түнде.

  3. Егер түсте түскі ас ішсек, кешкі асты кеште ішеміз.

  4. Егер таңертең балабақшаға келсек, үйге ораламыз кешке

Балалар тәулік бөліктері нешеу? (төртеу:таң,түс, кеш, түн)

Жарайсыңдар балалар,тапсырманы дұрыс орындап кедергіден сүрінбей өттік. Келесі аялдамаға жол тартайық (музыка)



Ал ақылды балақайлар екінші тапсырмамыз «Өз үйіңді тап» деп аталады.Геометриялық пішіндерді жүгіріп барып пішініне сәйкес үйдің ішіне салуымыз қажет. (тапсырма орындалады)

Тамаша балалар. Бұл тапсырманы да еш қиындықсыз орындап шықтыңыздар. Балалар тапсырмалар күрделеніп жатқан сияқты, қане санамызды демалтып сергіп алайықшы.

Сергіту сәті: Алуан түске боялған шеңберімізбен көңілді би.

Келесі аялдамаға жол тарттық. Үшінші тапсырмамызбен танысайық. Балалар бұл тапсырманы орындау үшін бізге ұйымшылдық, аңғарымпаздық қасиеттері керек екен. Себебі бұл тапсырмада командалық жұмыс орындайды екенбіз. Екі командаға бөлінеміз. Бірінші командаға «Не қайда тіршілік етеді»?, екінші командаға «Не қайда жол жүреді?» деп аталатын тапсырма беріліпті. Ұжымдасып, бірлесіп орындайық. (тапсырма орындалады)

Тамаша балалар, жарайсыңдар.Ауа шарымызды алайық, ары қарай жолымызды жалғайық. (музыка)

Кезекті тапсырмамызбен танысайық. Бұл тапсырмада бізге берілген жануарларға, мысалы сиырға бұзауын, қоянға көжегін, мышыққа марғауын табуға көмектесеміз. (тапсырма орындалады)

Жарайсыңдар балалар, сендердің ақылдарыңның арқасында бұл тапсырманы да дұрыс орындап кедергіден сүрінбей өттік. Енді соңғы бесінші тапсырмамыз қалды. Ал кеттік (музыка)

Бесінші тапсырма «Суреттер сөйлейді» деп аталады. Суретке қарап сөйлем құрайды екенбіз. (тапсырма орындалады)

(таңғажайып музыка ойнайды)

Алақай балалар! Біз тапсырмалардың барлығын дұрыс орындап шықтық. Сіздермен бірге тапсырмаларды орындағандықтан менде енді ұмытшақ емес сіздер сияқты ақылды болдым. Балалар маған көмектескендеріңіз үшін көп рахмет сіздерге. Жарайсыңдар, өте керемет.

Балалар Ақылдылар елінің апайларының сіздерге тапсырмалардың барлығын дұрыс орындап көмек көрсеткендерің үшін «Ақылды балаларға» деген сыйлықтары бар екен. Жүріңіздер сыйлықтарыңызды таратып берейін. Ал апайларға сау болыңыздар дейміз.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі