400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Не үйрендік, не білдік?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, бекіту, ортаға салу
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Тақырыбы: Не үйрендік, не білдік?

Мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, бекіту, ортаға салу.

Кіріспе: Мұғалім

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар 1 сыныптың жыл соңындағы «Не үйрендік, не білдік?» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.!

Оқушылар :

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!


Баршамызды бал тілімен баурайтын Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата-ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімділер, періштелер сендерсіздер

Қандай бейне өздеріңе тең келсін

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да

Ең алдымен балалықты меңгерсін

Иә, рас бала болған бәрі де

Салған олар балалықтың әнін де

Бала кезді еске алып отырсақ

Сол емес пе тіршіліктің мәні де


Армысыздар ұстаздарым қымбатты

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Шәкірттердің қылықтары тым- тәтті



Ардақты аталар мен әкелер

Құрметті аналар мен әпкелер

Бізге қызыға қарап отырған іні-қарындастар

Баршамызға бүгінгі мереке құтты болсын!


Ән :Көңілді күн


Мұғалім: Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік, не білдік?

Қане, ортаға салайық

1.«Бәйге» бөлімі

« Есіңе түсір, жылдам айт» Сауат ашу

  • Адамға тіл не үшін керек? Сөйлеу үшін

  • Дыбыс дегеніміз не ?Естиміз, айтамыз

  • Әріп дегеніміз не ?Көреміз, жазамыз

  • Буын неден құралады? Дыбыстан

  • Сөз дегеніміз не ? Заттың атауы

  • Сөйлем дегеніміз не ?Тиянақты ойды білдіреді

  • Дыбыс нешеге бөлінеді?Дауысты, дауыссыз

  • Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Жуан, жіңішке

  • Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?Қатаң, ұяң, үнді

  • Алфавитті жатқа айт

  • Ағылшын алфавитін айт

  • Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

  • Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

  • Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

« Сөз ойла, көп ойла» ойыны

Сөз ойлап, дыбыстық талдау жасайды

Математика

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Досың солар табылатын қасыңнан

1-10 санау. 10-1 дейін 10-20 дейін Ағылшынша санау Ондықтармен санау 10,20,30,40,50,60,70,80,90,100

Сұрақтар:

1.Натурал сандарды ата

2.Ондықтармен сана

3.Жұп сандарды ата

4. Тақ сандарды ата

5.Қосудың компоненттерін ата

6.Азайтудың компоненттерін ата

7.Бір жылда неше мезгіл бар ?

8.Әр мезгілде неше ай бар?

9. Қазір қай мезгіл ?

10. Бір айда неше күн бар?

11.Бір жылда неше ай бар?ата

12. Бір аптада неше күн бар?ата

13.Бір сағатта неше минут бар?

14. Бір минутта неше секунд бар?

15.Сәуле дегеніміз не?

16. Кесінді дегеніміз не ?

17.Жазық фигураларды ата ?

18.Кеңістік фигураларын ата?

Дүниетану. Жаратылыстану пәні


  1. Қоршаған дүние деген не?(айналадағы табиғат нәрселер,заттар)

  2. Табиғат нешеге бөлінеді?( жанды, жансыз)

  3. Көкжиек дегеніміз не ? Неше тұсы бар?

  4. Отбасы дегеніміз кімдер?

  5. Отанымыз қалай аталады? Президентіміз кім ?

  6. ҚР рәміздерін ата?

  7. Сақ ханшайымы кім?

  8. Өсімдіктің қандай түрлері болады? Мәдени, жабайы

  9. Қозғалыс дегеніміз не ? (Бұл дененің бір жерден, екінші жерге орын ауыстыруы.)

  10. Табиғи, жасанды жарық көздері деген не?

Орыс тілі

Школа – мектеп Зима- қыс

Двер- есік Весна- көктем

Окно- терезе Лето- жаз

Мел- бор Осень- күз

Книга- кітап Доска - тақта

Глова- бас Тетрадь- дәптер

Глаза- көз Класс- сынып

Ән :Ана тілім тұғырым


2.«Тапқырлық» бөлімі

« Жалғастыр» ойыны

Жүзің жылы құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің береген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен


Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте


Ұ :Отан – жерім, Отан-суым

Отан қуат, нәр береді

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді


А:Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан


Ә :Отан сенің ата- анаң

Отан –досың, бауырың

Отан- өлкең, астанаң

Отан аудан, ауылың

Би: Қара жорға

3. «Жеті жұмбақ» бөлімі

Математикалық жұмбақтар

Т+10, 6+н, 7+к, 100+ім, к+2+л. 3+кір, 5+ік,с+10+а, қ+10+ақ, 8+көз

Т+10, 6+н, 7+к, 100+ім, к+2+л. 3+кір, 5+ік,с+10+а, қ+10+ақ, 8+көз



Жұмбақ есеп

Алдында 3 балапан

Артында 3 балапан

Ақ тауық пен балапан

Айтшы санын балақан 8


Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп,

Қарбыздарды шетінен,

Санап шықтым екіден

Бесеу болды жұп саны

Нешеу болдытүп саны? 10


Саянда болды 8 алма

Сайранға берді 4 алма

Ойланып, кәне көрейік

Саянда қалды қанша алма? 4


Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек

1 үйрек тығылды

1 үйрек жығылды 6


Аружан болса жеті

Бақытжан болса тоғызда,

Екеуін қоссаң шырағым

Диастың жасы шығады?(16)

«Балли Каля» биі

4. « Көкпар» бөлімі

«Сурет атын тап» ойыны ( ағылшанша сурет атауын табу)

(5 .«Тіл өнер» бөлімі

Мақал мәтелдер

Отан оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс күймейсің

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

Туған жерге туың тік

Туған жер – алтын бесік

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті

Еңбек түбі –береке

Әке- асқар тау

Ана- баурайындағы бұлақ

Бала- жағасындағы бұлақ.

Досы көпті жау алмайды

Айтыс үлгісі

Көк туымыз биікте

Желбіресін мәңгілік

Күннің көзі күлімдеп

Ата берсін таң күліп

Ән.Көк тудың желбірегені

Ұсақ болма,ірі бол !

Өз ортаңның гүлі бол!

Ата-анаңның көзінің,

Сөнбейтұғын нұры бол!

Кім болсаң да әйтеуір;

Азаматтың бірі бол!

Туған елдің ұлы бол!

Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі- алтын сөз.

Ән : Туған жер

Қорытынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі