400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Негіздердің қасиеттерін зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Негіздердің қасиеттерін зерттеу»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4.АБейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы




Негіздер. №8зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу»


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты

  • Негіздер ұғымына анықтама береді;

  • Негіздерді атайды және олардың түрлерін ажыратады;

  • Негіздердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жасап, реакция теңдеулерін жазады.

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

  1. Негіздерді жіктейді;

  2. Негіздердің химиялық қасиеттерін сипаттайды;

  3. Негіздердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.

Тілдікмақсаттар


  • Негіздердің жіктелуін сипаттайды;

  • Негіздердің химиялық қасиеттеріне мысалкелтіріп, химиялық реакция теңдеулерін жазады.

Лексика және терминология:негіздер, сілтілер, гидроксотоп, суда еритінжәне суда ерімейтіннегіздер; екідайлы (амфотерлі) негіздер, лакмус, фенолфталеин, метилоранж.

Жазылым/диалогқақажетсөзтіркестері:

Негіздер дегеніміз …

Суда еру қабілетінебайланыстынегіздер … депжіктеледі.

Негіздердіқалайжәнеқайдақолданады?...

Құндылықтарға баулу




Жеке жұмыстаркезіндеоқушылардыңөмірбойыбілімалу , өзбетіменжұмысорындаукезіндеакадемиялықадалдығындамыту;

Топтықжұмыстарарқылыоқушылардыңұжымшылдық, ортақістіңнәтижесінежауапкершілік, көшбасшылыққабілеттеріндамыту.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану 6 сынып

Алдыңғы білім


7.3 .4.1.Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар. Химия 7 сынып.

6.3.2.3 бейтараптандыру үдерісін түсіндіру. Жаратылыстану 6 сынып


Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Сынып оқушыларын топқа бөлу үшін «Адасқан формулалар» әдісі қолданылады. Оқушылар қима қағаздағы оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің формулаларын табу арқылы үш топқа бөлінді.

І топ: Оксидтер

ІІ топ: Қышқылдар

ІІІ топ: Негіздер

Алдыңғы білімді анықтау.

Оқушылардың алдыңғы білімін пысықтау үшін және зейінді шоғырландыру үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. (Зертханалық тәжірибе көрсету)

Сынауықтағы суға натрий металының кішкентай кесегін саламын. Түзілген ерітіндіге фенолфталейн тамызамыз.

Сынауықта қандай қосылыс түзілді деп ойлайсыңдар?

Ерітіндінің түсі неліктен өзгерді?

Бір оқушы тақтаға реакция теңдеуін жазады.

ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы марапаттау.





















Қағаз қиындылары















Сынауық, натрий металының кесегі, су, фенолфталеин.






Сабақтың ортасы

28 минут











































































































Мұғалімнің түсіндірмесі.

  1. Негіздер құрамы және формуласын құрастыру;

  2. Негіздердің жіктелуі

ТЖ.«Кім жылдам?» әдісі. Тапсырма: Кестеге берілген негіздердің жіктелуі мен аталуын жазыңыз: Са(ОН)2, Сu(OH)2, NaOH, Fe(OH)2,Al(OH)3, Zn(OH)2, Ba(OH)2, Be(OH)





І топ

Суда еритін негіздер

Аталуы





І І топ



Суда ерімейтін негіздер

Аталуы





ІІІ топ



Екідайлы негіздер

Аталуы





Дескриптор:

  1. Суда еритін негіздерді ажыратып, атайды;

  2. Суда ерімейтін негіздерді табады және атайды;

  3. Екідайлы негіздерді ажыратып, атайды.

ҚБ. «Смайликтер» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Б әрі дұрыс болған жағдайда смайлигін көрсетеді.



Ж артысы дұрыс болған жағдайда смайлигін көрсетеді.



Толықтыруды қажет ететін жағдайда

смайлигін көрсетеді.


ТЖ «Елші жіберу» әдісі

Тапсырма: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап топтық жұмыс жасайды. Басқа топқа өкілдерін жіберіп тақырыптарын таныстырады.

І топ: Еритін негіздердің химиялық қасиеттері.

ІІ топ: Ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттері.

ІІІ топ: Екідайлы негіздердің химиялық қасиеттері.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы кері байланыс береді



ТЖ «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

№8 Зертханалық жұмыс

«Негіздердің қасиеттерін зерттеу» Берілген нұсқау картаға нәтижелерін жазыңдар.

1-тәжірибе.Сілтінің қышқылмен әрекеттесуі. Натрий гидроксиді мен азот қышқылы арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар. /І топ/

Дескриптор:

  1. Берілген заттардың ішінен қышқыл мен сілтіні табады.

  2. Сілті мен қышқылдың арасындағы реакцияны қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жүргізеді.

  3. Байқалған құбылысты сипаттайды.

  4. Реакция теңдеуін жазады.


2-тәжірибе. Сілтінің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі.

1. Кальций гидроксидінің 3-4 мл ерітіндісін құйыңдар.

2.Шыны түтікше көмегімен ерітіндіні сақтықпен үрлендер(үрлегендеСО2 газы бөлінеді) /ІІ топ/


Дескриптор:

  1. Кальций гидроксидіне қауіпсіздік ережесін сақтай отырып көмірқышқыл газын үрлейді.

  2. Түзілген өнімдерді атайды;

  3. Байқалған құбылысты сипаттайды.

  4. Реакция теңдеуін жазады.


3-тәжірибе.Сілтілердің тұз ерітіндісімен әрекеттесуі. Натрий гидроксиді мен кальций карбонаты арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар. /ІІІ топ/


Дескриптор:

  1. Берілген заттардың ішінен тұз ерітіндісі мен сілтіні табады.

  2. Сілті мен тұз ерітіндісі арасындағы реакцияны қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жүргізеді.

  3. Байқалған құбылысты сипаттайды.

  4. Реакция теңдеуін жазады.


Жұмыстың барысы

Байқалған құбылыс

Жасалған тәжірибедегі бақылауларыңды және реакция теңдеулерін жазыңдар














ҚБ. « Сызғыш» әдісі арқылы бағалау. 4 дескриптор орындалса сызғыштың жоғары бөлігін, 3 дескриптор орындалса сызғыштың орта бөлігін, 2 дескриптор орындалса сызғыштың төменгі бөлігін бояйды.



ЖЖ «Тізбектен не түсіп қалған?» әдісі

Тапсырма: Берілген химиялық реакция теңдеулеріндегі көп нүктенің орнына түсіп қалған керекті қосылыстарды жазып, теңестіріңдер.

А) NaOH+HNO3= …+…

Ә) Cu(OH)2 +HCl=…+…

Б) Cu(OH)2=…+…

В) …+HCl=AlCl3+…

Г) NaOH+…=Fe(OH)3+NaCl

Дескриптор.

  1. Еритін негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін жазады;

  2. Ерімейтін негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін жазады;

  3. Ерімейтін негіздердің айырылу реакциясын жазады;

  4. Екідайлы негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін жазады;

  5. Еритін негіздердің тұздармен әрекеттесуін жазады;


ҚБ. « Бағдаршам» арқылы бағалау

Жасыл –толық жауап 5 дескриптор орындалса;

Сары – жартылай жауап 3 дескриптор орындалса;

Қызыл – толықтыруды қажет ететін жауап 1 немесе 2 дескриптор орындалса.












А3 форматтағы қағаз, маркерлер.

















































































А4 форматтағы қағаз, маркерлер













Стикерлер





Сынауық,штатив,шыны түтік,қыздырғыш аспап, сіріңке, сынауық ұстағыш, реактивтер.








































































Сабақтың соңы

4 минут


Мұғалімнің кері байланысы: Ауызша жүргізіледі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылардың екі жақсы жақтарын және бір ұсынысын айтады.

Оқушылардың рефлексиясы:

« Ойды аяқта...»






























Қима қағаздар

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Қарқын. «Кім жылдам?» әдісі. Берілген негіздерді жіктеуде жылдамдық танытады.

Диалог және қолдау көрсету.

Оқушылардың жаңа тақырыпты оқу, бекіту кезінде диалог және қолдау жүзеге асырылады.

Нәтиже. Оқушылар зертханалық тәжірибелерін жасау арқылы қорытынды жасау дағдылары қалыптасады.

Тапсырма беру арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай кестелерді немесе тапсырмаларды орындау, оны топтық және жеке жұмыс кезінде қолдандым. Бағалау. Қалыптастырушы бағалау және кері байланыс.



1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау мақсатында әр түрлі әдістерді «Сызғыш», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Смайликтер», «Отшашу», «Бағдаршам» пайдалана отырып бағаланады.

2. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек», рефлексия «Ойды аяқта...» әдісі арқылы жүргізіледі.

4. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.





Негіздер және қышқылдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтайды.

Оқу түрін ауыстыру арқылы денсаулық сақтау ережелері сақталады.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
906
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі