жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Негізгі және туынды етістік
Пән: Қазақ тілі Орта мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар Күні:18.02.2019ж Сынып: 3-сынып |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы |
Негізгі және туынды етістік |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
||
Бағалау критерийлері |
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Миға шабуыл. Жаңа сабаққа кіріспе: – Етістік дегеніміз не? – Дара етістік дегеніміз не? – Күрделі етістік дегеніміз не? – Негізгі етістік дегеніміз не? – Туынды етістік дегеніміз не? Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. 3.2.3.1 (МК; ӨТ; Қ) Мәтінді тыңдау. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қою. 11-жаттығу. Мәтінді тыңдайды. (Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
(Т; Қ) Мәтіннің бөліктерін анықтап, әр бөлікке ат қою. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Мәтіннің бөліктерін анықтап, ат қояды. Жұмыстарын топта жариялайды.
Сұрақтарға жауап жазу. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап жазады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Өзінің мектепке барған алғашқы күні туралы парталас досына әңгімелеп береді.
Сурет мазмұнын болжау. Әлидің күнделігін оқу. Өз пікірін білдіру. 12-жаттығу. Сурет мазмұнын болжайды. Әлидің күнделігін оқиды. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Күделіктің дұрыс жазылған, жазылмағандығы туралы талқылаулар жасап, өз ойларымен бөліседі. Әлиге қандай кеңес беруге болатынын талқылайды. Жұмыстарын топта жариялайды.
Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстыру. Сөз құрамына талдау. Түбірі зат есімнен болған етістіктерді анықтау. 13-жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстырады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Түбірі зат есімнен болған етістіктерді анықтау. Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіледі.
3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мақалды жатқа жазу. Етістіктерді тауып, астын сызу. Туынды етістік екенін дәлелдеу. 14-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазады. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|
Сабақтың соңы |
3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Етістіктерді теріп жазу. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. 15-жаттығу. Ағаш бұтақтарындағы етістіктерді теріп жазады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Етістіктердің түбірі қай сөз табына жататынын анықтайды. Жұмыстарын топта жариялап оқиды, түсіндіреді. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парағы
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген