жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Негізгі және туынды етістік
Пән: Қазақ тілі Орта мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3-сынып |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: 0 |
||||
Сабақ тақырыбы |
Негізгі және туынды етістік |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||
Бастапқы білім |
6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақыт жалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Миға шабуыл. Жаңа сабаққа кіріспе: – Етістік дегеніміз не? – Дара етістік дегеніміз не? – Күрделі етістік дегеніміз не? – Негізгі етістік дегеніміз не? – Туынды етістік дегеніміз не? Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. 3.2.3.1 (МК; ӨТ; Қ) Мәтінді тыңдау. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қою. 11-жаттығу. Мәтінді тыңдайды. (Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мәтін мазмұны- мен жұмыс жасайды. Ары қарай шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады. (Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
(Т; Қ) Мәтіннің бөліктерін анықтап, әр бөлікке ат қою. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Мәтіннің бөліктерін анықтап, ат қояды. Жұмыстарын топта жариялайды.
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Сұрақтарға жауап жазу. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап жазады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Өзінің мектепке барған алғашқы күні туралы парталас досына әңгімелеп береді.
3.1.2.1 (МК; Ұ; Т; Қ) Сурет мазмұнын болжау. Әлидің күнделігін оқу. Өз пікірін білдіру. 12-жаттығу. Сурет мазмұнын болжайды. Әлидің күнделігін оқиды. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Күделіктің дұрыс жазылған, жазылмағандығы туралы талқылаулар жасап, өз ойларымен бөліседі. Әлиге қандай кеңес беруге болатынын талқылайды. Жұмыстарын топта жариялайды.
3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстыру. Сөз құрамына талдау. Түбірі зат есімнен болған етістіктерді анықтау. 13-жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстырады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Түбірі зат есімнен болған етістіктерді анықтау. Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіледі.
3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мақалды жатқа жазу. Етістіктерді тауып, астын сызу. Туынды етістік екенін дәлелдеу. 14-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазады. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Сабақтың соңы |
3.4.2.4 (МК; Ө; Ұ; Қ) Етістіктерді теріп жазу. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. 15-жаттығу. Ағаш бұтақтарындағы етістіктерді теріп жазады. Етістіктерді сөз құрамына талдайды. Етістіктердің түбірі қай сөз табына жататынын анықтайды. Жұмыстарын топта жариялап оқиды, түсіндіреді. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парағы
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген