400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Негізгі және туынды етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
"Негізгі және туынды етістік" тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні:

Кадирова Г.Б.

Күні:


Сынып:

3


Сабақтың тақырыбы:

№86 Негізгі және туынды етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Сабақтың мақсаты

Сөйлемнен зат есім, етістік,сын есімдерді табады

Етістіктің негізгі және туынды түрлерін анықтайды

Құндылықтар:

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық

Сабақ құндылығы: Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық

2-апта дәйексөзі: «Өнерлі бала - өрге жүзер»

10-14.02.25ж.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут







Өткенді пысықтау

5 мину











Сабақ

тың ортасы

20 минут


Сергіту сәті

2 минут


Сабақты қорыту

8 минут


Кері байланыс

5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Өрмекші торы» әдісі

Шеңбер құра тұрып, жіпті бір-біріне беру арқылы өрмекші торын құрады. Жіпті бере отырып ол оқушыға жақсы тілек айтады


Өткенді пысықтау

 Қандай сөз таптарын білесіңдер?
- Өткен сабақта қандай сөз табын өттік?
- Етістік
- Етістік дегеніміз не?

Ережесін сұрау?

Ереже: Заттың қимылын іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Етістіктерге Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады


Үй тапсырмасы

6-жаттығу

Күрделі етістіктерді теріп жаз


Құндылық мақсаты: Мемлекеттік тілді білу

Жаңа тақырып

11-жаттығу Оқылым

Мен оқуға бардым?

Мәтінді тыңда

Тыңдаған мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қой

Мәтін неліктен үш бөлікке бөлінген?

Әр бөліктің тақырыбын анықтап, оларға ат қой


Төмендегі сұрақтардың жауабын жаз

  1. Әбіш маған кім болады?

  2. Мені не қызықтырады?

  3. Мен не істедім?

Өзіңнің мектепке барған алғашқы күнің есіңде ме?

Ойыңмен бөліс


12-жаттығу Оқылым

Суретпен жұмыс

Сурет мазмұнын болжа. Әлидің күнделігін оқы

Күнделік дұрыс жазылған ба?

Әлиге қандай кеңес бересің?



13- жаттығу

Екі бағанадағы етістіктерді оқып, салыстыр

Бірінші бағандағы сөздердің түбірі етістіктен жасалған

Екінші бағандағы сөздердің түбірі зат есімнен жасалған



Сергіту сәті «Қазақ биі»


ЕҚБ:Суретші сөзін сөз құрамына талда



Ережемен жұмыс

Мұғалімнің түсіндірмесі

Жеке жеке оқиды

Хормен оқиды



14-жаттығу

Мақалды жатқа жаз

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Етістіктердің астын сыз.Ақтар туынды етістік екенін дәлелде


Топпен жұмыс

1-топ:
1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды

2-топ:
1. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:
Ойнады -
Жазды -
Оқыды -
2. Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
3-топ:
1. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз:
Жайнады, бақылап тұр
, жалғады, тартып отыр, шашты, ұшты, қонып жатыр, оқып отыр, шауып жатыр, секектеді, билеп жүр, тегістеді, сыртылдайды, шауып барады.


Үй тапсырмасы

15-жаттығу

Ағаш бұтақтарындағы етістіктерді теріп жаз


ҚЖ: Диктант Шахтада

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым.



Кері байланыс

«Сабақ туралы пікір»

Оқушылар сабақтың қай бөлігі қызықты болғанын, не үйренгендерін айтып, пікір қалдырады.



Сыныпқа жағымды атмосфера орнату






Өткенді пысықтайды












Мәтінмен танысады.























Оқушылар бірге қазақтың биін орындап, сергіп алады.





Ережемен жұмыс жасайды







Мақалды жатқа жазады







Топтық тапсырмаларды орындайды

























Үй тапсырмасын алады










Кері байланыс береді



ҚБ:

« Көбелек ұстау» әдісі





Дескриптор:
Өткенді пысықтайды

Сұрақтарға жауап береді-2 балл






Дескриптор: Оқушылар өз сөйлемдерінде сөз таптарын дұрыс қолданады-1 балл











Дескриптор:
Оқушылар әрбір сөзді дұрыс сөз таптарына орналастырады. Сөйлемдерді дұрыс толықтырады-

2 балл









Дескриптор:
Оқушылар әр сөйлемде сөз таптарын дұрыс қолданады.
Сөйлемдер түсінікті, грамматикалық жағынан дұрыс болады-2 балл








Дескриптор:

Етістіктердің астын сызады

Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жазады
Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазады-3 балл






Оқулық, тақта, маркер,






презентация,

карточкалар,






онлайн платформалар.















Оқулық, презентация, смайликтер
























Оқулық







Жұмыс парағы






























Кері байланыс тақтасы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі