400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Негізгі және туынды етістік 16-19жаттығулар"3 сынып қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі және туынды етістік 16-19жаттығулар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Т. Тәжібаев жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

  Қазақ тілі 87-сабақ


Бөлім

Атақтытұлғалар

Педагогтіңаты-жөні

Айдарова Клара

Күні:

16.02.2026ж

Сынып:3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды етістік 16-19жаттығулар.

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу

3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Сабақтың мақсаты

(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табады

Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды

Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық

Апталық дәйек сөз: «Өнерлі бала - өрге жүзер»

Құндылық: Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындай білу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

Психологиялық ахуал. Оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін оқып беру.

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

-Балалар, Бұл өлең кімнің өлеңі?

-Өлең мазмұны бойынша тақырыбын анықтап көрейікші?!

-Ондай болса,балалар, оқуға ұмтылайық

-Сабағымызды қайталаудан бастайық.

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық

Апталық дәйек сөз: «Өнерлі бала - өрге жүзер»

Құндылық: Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындай білу

«Мемори» ойыны арқылы өткенсабаққа шолу жасайық.

-Жарайсыңдар балалар!

«Сөздер генераторы»әдісі

-Оқу сөзін етістікке айналдырыңдар.

-Енді осы сөзден туынды етістік жасап көріңдер

-Жарайсыңдар! Негізгі етістіктен туынды етістік жасадық.

-Ондай болса, Негізгі және туынды етістік тақырыбын жалғастырамыз.

Сабағымыздың мақсаты:

Негізгі және туынды етістікті анықтаймыз;

Сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысамыз;

Бағалау парақшасы: «Білім шырағы»

-Әр алған балдарыңа шырақтың бір бөлігін бояп отырасыңдар. 10 балға толғанда шырақтарың толық оялып шығады. Осы шырақ бойынша сабақтың соңында сендерге бір тосын сый бар. Қазақ білімінің негізін салушы тұлғаны көретін боласыңдар.



Өлеңді ұйып тыңдайды.










-Ахмет Байтұрсынов

-Оқуға шақыру.



-Ұяшықтарды ашу арқылы сұрақтарға жауап береді.


-Оқы

-Оқыды

Бағалау: «Білім шырағы»

Оқушылар әр алған 1 балға әр ұяшықтағы шырақтың бір бөлігін бояп отырады.




















слайд







Сабақтың ортасы

10 мин



ФС 16–тапсырма

Топтық жұмыс.

ЖИ«Көз жүгіртіп оқу» әдісімен орындалады.

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Нұсқау:

-Балалар, мәтінді жылдам көз жүгіртіп оқып шығыңдар.

Мәтін кім туралы екенін анықтаңдар.

«Ілесіп көр» әдісімен мәтінді мәнерлеп оқиды.

Бір оқушы мәтінді бастап оқиды. Келесі сөйлемге екі оқушы ілеседі,келесі сөйлемге тағы оқушы ілеседі. Мәтін соңына дейін жалпы сынып қосылып оқып аяқтау қажет. Шарты бір бірінен қалмай, бір темппен оқу керек.

Ахмет Байтұрсыновка желі парақшаларын жасаңдар.

1-топ Инста парақша

2-топ Вк парақша

3-топ Фейсбук парақша

«Жасырын тапсырма» арқылы топтық жұмысты бөліп алады.

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма Мәтінді оқиды

Саралау тапсырмасы

1. Көп нүктенің орнына дұрыс жауапты таңда:
«… — қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Ол ауылдық мектепте қызмет атқарды…»
Бұл кім туралы?

A) Ыбырай Алтынсарин
B) Абай Құнанбайұлы
C) Мұхтар Әуезов
D) Жамбыл Жабаев

2. Туынды етістікті тап (таңда):
Төмендегі сөздердің қайсысы туынды етістік?
A) жаз
B) жазды
C) жазу
D) жазғыш

3.Туынды етістіктерді тап:
Берілген сөздерден туынды етістіктерді белгіле:

Тор, арқан, ем, ара, сабын, үтік, тіс,
ақ, ұсақ, көркем, жақсы, оң, жаңа, ірі.


Нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындайды.

«Ілесіп көр»әдісімен мәтінді хормен оқып шығады.




Бағалау критерйиі

Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табады

Дескриптор:мәтін кейіпкерін табады.1 балл

Мәтінді мәнерлеп,түсініп оқиды.1 балл

Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;1 балл

Саралау тапсырмасын орындайды 1 балл





Оқулық


2 мин

Сергіту сәті

«Мен жұлдызбын» ойыны.

Мұғалім жұлдздарға жазылған түбір сөздер көрсетеді. Оқушы одан туынды етістік жасайды. Кім бірінші жауап берсе жұлдызды ұтып алады. Ойын соңына дейін кім көп жұлдыз жинаса сол жұлдыз болады.


Балалар орындайды

Жарайсыңдар!


10 мин

ҚБ 18–тапсырма

Өздік жұмыс:ОДД:білу,түсіну,қолдану

Блогер» ойыны.

Нұсқау

Жаңылтпашты жатқа айтыңдар және жазыңдар.

Атамбақаралады,

Ағам тал аралады.

Апамкөларалады,

Асылаттағалады.

-Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.

Ж: ара-ла-ды, таға-ла-ды.


ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма Көшіріп жазады

Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жазады Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жазады-

Етістіктердің астын сызады-


Бағалау критерйиі

Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды

Дескриптор:Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;2 балл




10 мин

ҚБ 19–тапсырма

Жұптық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Етістік баспалдағы» шығармашылық жұмыс.


Берілген дыбыстардан етістік сөздер жасайды;

Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;


Дескриптор: Берілген дыбыстардан етістік сөздер жасайды; 2 балл

Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;2 балл




Қорытынды

3мин


Рефлексия«Білім шырағы» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: 17 жаттығу


Кері байланыс жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады

ҚБ қойылады.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.02.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі