жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Негізгі және туынды етістік.( Атақты тұлғалар)
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
|
Пәні: |
|
|||||
|
Бөлім: |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысқандардың саны |
Қатыспағандардың саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Негізгі және туынды етістік.( Атақты тұлғалар) |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
3.1.2.1. мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтінмен жұмыс жасау; 3.3.6.1. кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу,жазу қарқынын жеделдету; 3.4.2.4. негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістік анықтау; |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Негізгі және туынды етістік туралы білімін тереңдету; |
|||||
|
Құндылықтар |
Ұлттық мүдде: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту; |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақ тың басы 5 минут Сабақтың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 8мин Кері байланыс 5 минут |
Амандасады; Сабаққа дайындығын
тексереді; Бүгін біз «Етістік» әліміне саяхатымызды жалғастырамыз. Саяхатқа шықпас бұрын топтарға бөлініп алайық: Оқушыларды 3 топқа бөліп аламын: «Ұлттық нақыштар» әдісі 1 – топ «Дарындылар» 2 – топ «Үздіктер» 3 – топ «Таланттылар» Біздің бірінші тоқтайтын аялдамамыз үй жұмысы аялдамасы: Өткен сабақты қалай меңгергендеріңді білу үшін сендерге тапсырмалар дайындап келдім: «Арқан тарту» әдісі
Жарайсыңдар! Сабақтың мақсаты: Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу,жазу қарқынын жеделдету; Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістік анықтау; Балалар,бүгінгі екінші аялдама Ұлы тұлға аялдамасы: Жаңа тақырыпқа кіріспе: Балалар, атақты тұлғалар бөлімін бастағалы бері қазақтан шыққан неше түрлі танымал адамдар туралы ақпарттар ала бастадық; Бүгін жаңа кейіпкермен танысуды бастаймыз;
Балалар, осы суреттегі адамды кім таниды? Қандай ақпарат білесіңдер? Иә, балалар, бұл – халқымыздың бір туар тұлғасы – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. 1 – тапсырма (жеке жұмыс) Балалар,Ахмет атамыздың мектепке қалай барғандығы туралы қызықты әңгіме бар екен. Сол әңгімені оқып, сұрақтарға жауап берейік: «Мен қалай оқуға бардым?»
Төмендегі сұрақтардың жауаптарын жаз: Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу,жазу қарқынын жеделдету – осы талаптарды орындай отырып жазады «Планшет» әдісі
Балалар, етістіктің 2 түрге бөлінетінін білесіңдер ме? Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған етістік негізгі етістік деп аталады. Мысалы: оқы,жүр, күт, ки Ал, түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейді. Мысалы: ойла,ақылдас,ақта; Келесі біздің аялдамамызда етісіктерді талдайтын боламыз: 2 – тапсырма
(дәптермен,тақтамен жұмыс)
Етістіктерді сөз құрамына талды; Қай бағандағы етістіктердің түбірі зат есім? (ой – лады,тіс – теді,би – леді,көз – деді)
Сергіту сәті
Балалар, біздің келесі аялдамамыз қазына аралы Функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырма Саралау - диалог 3 – тапсырма (жеке жұмыс) Берілген сөздердің ішінен зат есім, сын есім, етістікті табады. Етістіктің туынды не негізгі екенін айтады:
4 – тапсырма (жұптық жұмыс) Келесі біздің аялдама сөзжұмбақтар аялдамасы Берілген сызбаны толтырыңдар
Етістіктердің туынды не негізгі екенін анықтаңдар!
5 – тапсырма Біздің соңғы аяладамамыз зат есімдер мен етістіктер аялдамасы «Асықтар» әдісі
Берілген зат есімдер мен сын есімдерге – ла,ле,да,де,та,те,дас,лас,лес,тан,тен жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса; Тор (торла)
Арқан (арқанда) Сабын (сабында) Үтік (үтікте) Жаңа (жаңала) Көз (көзде) Ақыл (ақылдас) Көркем (көркемде) Рақат (рақаттан) Ірі (іріле)
«Ноутбук» әдісі арқылы кері байланыс береді
Үйге: 49 бет 15 жаттығу
|
Амандасады
Ынтымақтасық
атмосферасын қалыптастырады | ||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген