жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Негізгі және туынды сын есім
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі |
Мектеп:Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицей |
||
Күні: 28.06.19 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Бекбатырова Сандугаш Тилепбаевна |
||
Сынып: 3 |
Қатыспағандар: Қатысқандар: |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Негізгі және туынды сын есім |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.4 Негізгі,туынды сын есімді анықтау.
|
||
Бөлім |
4. Тілдік нормалардың қолданысы |
||
Бөлімше |
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау |
||
Ортақ тақырып |
Су- тіршілік көзі |
||
Сабақтың мақсаты: SMART |
Негізгі,туынды сын есімдерді анықтайды, судың тіршілік көзі екенін түсіндіреді.
|
||
Бағалау критерийлері |
-Ертегіні оқиды, түсіндіреді, ертегі желісімен су тіршілік көзі екенін айтады, дәлеледейді. - Мәтіннен сұрақ қою арқылы сын есімді табады, негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды. - Сызба арқылы буындарды қосып мақал құрастырады, мағынасын түсіндіріп өмірмен сәйкестендіреді.
|
||
Тілдік мақсаттар |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Негізгі,туынды сын есім, ақша бұлт, жидекті тоғай |
||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
|||
Құндылықтарды дарыту |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа алып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өмір бойы білім алуға, сауаттылыққа тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, дүниетану, әдебиеттік оқу, АКТ |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
||
Алдыңғы білім |
Сын есімнің сұрақтарын пайдаланып мысалдар келтіреді, ережесін айтады. Дара және күрделі сын есімдерді ажыратады. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың Басы 5 мин |
Жағымды ахуал.
Оқушылар бір-бірден гүл күлтешелерін алып, көңіл күйлерін білдіреді. Гүлдің күлтешелерінен сөз құрайды. Сөздерден топтың атын анықтайды. І-топ«Білімді» ІІ- топ «Өнерлі» ІІІ- топ «Парасатты» Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау |
|
|
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Бағалау критерийлері: Ертегіні оқиды, түсіндіреді, ертегі желісімен су тіршілік көзі екенін айтады, дәлеледейді. «Бірге ойлаймыз, ойнаймыз» әдісі. 1 тапсырма
І-топ « Су - тіршілік көзі» 5 жолды өлең. ІІ- топ «Сулы жер нулы жер» сурет салады ІІІ- топ «Судың ластануы» әңгіме жазады Дескрипторы Тыңдаған мәтін бойынша өлең жолдарын құрайды. Пікірлерін өмірмен байланыстырып, сурет салады. Ертегі мазмұны бойынша әңгіме жазады, қорытынды жасайды дәлелдейді. ҚБ: Топтық бағалау. «Бутерброт»
Бағалау критерийлері: Мәтіннен сұрақ қою арқылы сын есімді табады, негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды. «Төрт сөйлем» әдісі. Жеке жұмыс. №2 тапсырма
Дескрипторы: Мәтінді оқып, түсіндіреді, сауатты, көркем жазады. Мәтінен сын есімді анықтайды, негізгі және туынды түрлерін бөліп көрсетеді. ҚБ: «Ыстық лебіз»
Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны Бірінші оқушы негізгі сын есімді атайды, екінші оқушы туынды сын есім жасайды.
Бағалау критерийлері: Сызба арқылы буындарды қосып мақал құрастырады, мағынасын түсіндіріп өмірмен сәйкестендіреді. «Ұшқыр ой» әдісі. №3 тапсырма
Дескрипторы: Мақал құрастырады, мағынасын түсіндіреді. ҚБ: «Сиқырлы қобдиша» |
|
|
Сабақтың соңы: 5мин |
Кері байланыс. «Кері байланыс пирамидасы»
Рефлексия.
|
|
|
Саралау Сабақ барысында оқу мақсатына жету үшін саралау тәсілдерін қолданамын.Тапсырмалар беру барысында оқушылардың қажеттіліктері мен ерекшеліктері ескеріп, тапсырманы саралап беремін. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында саралаудың «Қарқын»тәсілі бойынша «Кім жылдам», «Ұшқыр ой»,«Жіктеу» тәсілі бойынша «Бірге ойлаймыз, ойнаймыз» , «Төрт сөйлем» әдістерін пайдаланамын. |
|||
Ықшамсабақтың сабақ жоспарлауға ықпалы - Осы курсқа келгенге дейін жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері жайлы хабарым болған. - Ал осы курсқа келгелі бері ҚМЖ құрастыру,сабақ мақсатына жету үшін СМАРТ мақсат қою, тақырып бойынша критерий , дескриптор құрастыруды, әріптестермен бірлесе жұмыс жасау барысында кері байланыс беруді үйрендім. - Алдағы уақытта оқушыларға заман талабына сай білім беру, алған білімдерін өмірде қолдана білетін тұлға тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуге тырысамын. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген