400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Негізгі және туынды зат есім

Материал туралы қысқаша түсінік
отырып,ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғысынан ойлау. Ой шақыру, пікірлесу, «INSERT» түртіп алу, еркін жазу, Венн диаграммасы, топтастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты: Зат есім түрлері туралы білімдерін кеңейту,

негізгі және туынды зат есім туралы түсінік

қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:

Сұрақ – жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін

қайталау. Негізгі және туынды зат есім туралы

түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін,

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік

дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа,

ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап, ізденушілік.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.

- Оқушылардың назарын сабаққа аударып, топқа бөлу.

- Топтарға сұрақтар беру ( карточкаларға жазылған тапсырмалар ).

І -топ.

- Сөз таптарын ата.

- Зат есім дегеніміз не?

- Адамға және мамандыққа байланысты қандай сұрақ қойылады?

ІІ- топ.

- Зат есім сұрақтарын ата.

- Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтарқойылады?

- Жалқы есім дегеніміз не?

ІІІ- топ.

- Жалпы есім дегеніміз не?

- Зат есім түрлерін ата.

- Көптік жалғауларын ата.

а) Балалар, 5минут ішінде зат есімге қатысты не білесіздер, соны жазыңдар.

б) Сол жайлы көршіңізбен бөлісіп талқылаңдар, пікірлесіңдер.

Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңдер.

ІІ. Мағынаны таныту.

Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау (мысал келтіру)

Топпен жұмыс.

І – топ. 19 – жаттығу. (орнында орындаймыз).

Қосымшалы сөздерді көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау.

ІІ, ІІІ топ 22 – жаттығу

ІІ – топ негізгі зат есімді жазады.

ІІІ – топ туынды зат есімді жазады. (Әр топтан оқушыларға оқыту)

21 – жаттығу. (Жаңылтпашты жатқа жазу)

Туынды зат есімді табады.

Өрмекші туралы не білеміз?




Шығармашылық диктант (Туынды зат есімді жасау)

оқу......... көл........... бай............. іс..............

ойын......... өнер.......... жылқы........... балық................

ІІІ Ой толғаныс.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

- Бүгін қандай тақырыппен таныс болдық?

- Негізгі зат есім дегеніміз не?

- Туынды зат есім дегеніміз не?

- Ережені қорытып айту.

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрап келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі